Макроскопиялық зеріттеулерге қарағанда,бүйрек қыртысында шоғырланатын бастапқы туберкулез өзгерістері көбіне паринхиманың бетіне түсі ақшыл-сары, әртүрлі көлемді, казеозды некроз ошақтарынан, оларды қоршаған эпителиоидты, алып және лимфоидты жасушалардан тұратын арнамалы түйіршікті тіндер болады. Кейінен бұл ошақтар бір-бірімен қосылып-мұның соңы патологиялық қуыс-каверна түзуге әкеп соғады.
Классификациясы
Жіктелуі негізінен туберкулез үдерісінің дамуы,паренхиманың зақымдалуының көлемі мен тереңдігіне және инфилтративті өзгерістерден бастап, поликавернозды туберкулезге байланысты.
II-бастапқы деструкция:папиллит немесе шағын (диаметірі 1см-ден аспайтын) бірлі-жарым каверналар
III-саты-шектелген деструкция: үлкен каверналар немесе бүрексегменттерінің біріндегі поликаверналы туберкулез
IV-саты-тотальды немесе субтотальды деструкция (екі сегменттің поликаверналы туберкулез, туберкулез пионефрозы, бүйректі бор басу)
Бүйрек туберкулезінің патогномониялық клиникалық белгілері болмайды, мұның өзі осы ауруды анықтауды қиындатады. Ол көбінесе бастапқыда өзге урологиялық аурулар ( созылмалы пиелонефрит, бүйрек тасы ауруы, бүйрек ісігі) түрінде өтеді, белгісіз өтуі сирек кездеседі.
Диагностикасы
Анамнезінде туберкулезбен ауырғанын,туберкулезді науқастармен араласуы болғанын анықтау өте маңызды.
Б.Т-де бүйрек аймағын физикалық зеріттеу әдістерінің мәліметі аз. Еркектердің сыртқы жыныс мүшелерінің, қуық түбі безінің, шәует көпіршігінің туберкулезге тән өзгерістерін сипап анықтаудың маңызы бор.
Лабораторлық зерттеулер. Зарде-пиурия,гематурия,протеинурия және туберкулез микобактериясын анықтау. Лейкоцитурия деңгейін сандық әдістермен анықтау нәтижелі болады. Туберкулезге зәрдің қышқыл реакциясы тән. Протеинурия-жалған,шумақтарзақымдалуынан емес, зәрдегі қабыну өнімдерінің салдары.
Туберкулездің нақты белгісі-зәрде туберкулез микробактерияларын, бактериологиялық зерттеумен және биологиялық сынамамен анықтау. Бактериологиялық әдіс-зәр тұнбасын қоректік ортаға жеделдетілген әдіспен терең егу қолданылады. Нәтижесі 2-аптадан 2,5ай аралығында дайын болады. Биологиялық әдіс-туберкулез микобактериясын анықтаудың ең сезімтал әдісі деп есептеледі.
Туберкулинмен арандатушы сынамасы-туберкулиндітері астына енгізуден кейін зәр тұнбасындағы жасушалар мөлшерін сандық әдістермен лейкоцитурия, эритроцитурия деңгейін анықтайды
УДЗ-бүйрек паренхимасының және тостағанша-түбекше жүйесінің өзгерістерін (каверналар, ізбестелген ошақтар, тастар,гидрокаликоз) айқындайды.
Урография –негізгі рентгенологиялық зерттеу. Нефротуберкулез формасына және сатысына байланысты; субклиникалық нефротуберкулез — әлсіз контрасталған тостағанша-астауша, тостағаншалардың деформациясы, ал папиллитте («бастапқы» деструктивті нефротуберкулез) — түзу еместігі, контурының айқын еместігі тостағаншалардың деструкциялы белгілері, кавернозды туберкулезде — қыртысты және милы затындағы тепе-теңсіздігі, шетінің кедір-бұдырлығы; туберкулезді пионефрозда — тегіс емес контурымен бүйректің үлкею суреті, бүйрек қызметінің бұзылуы (аутонефрэктомия); нефросклероз кезінде (екіншілік-сморщенная бүйрек) —көлемі кіші бүйрек.