Сөйлеу патологиясы бар балаларды неврологиялық тексеру әдістері
Қабылдаған: Аширбаева А. Б
Жоспар
1)Баланың сөйлеу тілі патологиясының негізгі себептері.
2)Сөйлеу даму патологиясының грамматикалық формасы.
3)Диагностың негізгі мақсаты жекеліктен жалпыны, типтік әдеттегіні көру.
Сөйлеу тілін меңгеру әр балада әр түрлі кезеңде және әр түрлі уақытта өтеді. Бұл әр түрлі себептерге байланысты жеке үдіріс.Сөйлеу тілінің дамуының кешеуілденің себептері: жүктіліктің кезіндегі және туған кезіндегі патология,генетикалық себептердің ықпалы,есту мүшесінің зақымдануы, баланың психикалық дамуындағы жалпы артта қалуы, әлеуметтік депривацияның себептері (депривация- тәрбие мен қарым-қатынастың жеткіліксіздігі).
Баланың сөйлеу тілі патологиясының негізгі себептері: 1)әртүрлі ішқұрсақ патологиясы іштегі нәрестенің дамуына зиянын тигізеді,сөйлеу тілінің ең ауыр кемістіктері іштегі нәрестенің 4 апталық пен 4 айлық аралығындағы дамуының бұзылуынан пайда болады. Іштегі нәрестенің дамуының бұзылуына анасының ауыр аяқ жүрген кезіндегі токсикоз, вирусты және эндокринді аурулар, жарақаттар, резус-фактор бойынша қанның сыйымсыздығы және басқалар әсер етуі мүмкін.
2) босану кезіндегі жарақаттану және босану кезіндегі асфиксия (оттектің жетіспеуі);
3) өмірінің алғашқы жылдарындағы әртүрлі аурулар;
4) бас сүйегінің жарақаттануы;
5) тұқым қуалаушылық факторлары;
6) әлеуметтік тұрмыстық жағдайларының қолайсыздығы;
Жоғарыда атап өтілген себептер өзгешіліктеріне қарай табиғи және міндетті қызмет (функционалды) болып екі түрге бөлінуі мүмкін.
«мама»- жеке сөздерді,немесе аморфты түбір сөздерден құралынған сөйлемдерді қолданылатын балалар.
«мами»- сөз өзгеруінің жеке жағдайлары орын алатын балалар.
«мамам»-сөз өзгеруінің дамуындағы алғашқы кезеңдерінде кездесетін сөз формасы.
«мамой»- дамыған сөйлеу кезінде ,сөз өзгерту кезеңдерінде .
«мамамен»- аграмматизмнің ауыр жағдайларында .
«мамаммен»-сөйлеу дамуы өте жоғары балаларда.
Сөйлеу даму патологиясының материалдары сөздің дұрыс грамматикасының формасы меңгеру барысында баланың бірқатар лексикалық грамматикалық тіл бірлік варианттарын таңдауын көрсетеді.Бұл жағдайда жалпы лексико-грамматикалық және синтаксистік сөйлеу құрылысының даму деңгейіне байланысты болады.
Дамудыңалғашқы кезеңдерінде балалар «сен кіммен келдің?» деген бір сұраққа әр түрлі сөздердің жауаптарын айтады:
Диагностың негізгі мақсаты жекеліктен жалпыны, типтік, әдеттегіні көру.
«Диагноз» - кемінде дегенде екі мағынаны білдіреді. Біріншіден – түзету мақсатымен қандай да болсын бұзылымның анықтамасын, себебін анықтайды. Бұл өзімен бірге объектіге педагогикалық ықпал етудің анық шешіміне әкеледі.
Диагностың негізгі мақсаты жекеден жалпылықты,ортақтықты, типтілікті көру, анықтау.
Баланы скринингті тексеруден өткізген дұрыс.
Баланы скринингті тексеруден өткізген дұрыс.
Скринингті тексерудің міндеттері: сөйлеу тіл кемістігі бар балаларды анықтау;
оларды терең зерттеп, кешенді тексеру және түзете дамыту,тәрбиелеу, оқыту мәселелерін шешу мақсатында психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестерге жолдама береді.Сөйлеу тiлiнiң бұзылуын саралауды, сөйлеу тiлiнiң даму ерекшелiктерi мен деңгейiн, сондай-ақ оның интеллектуалдық даму деңгейiне сәйкестiгiн анықтауды логопед басқа мамандармен жүзеге асырады.
Сөйлеу тіл бұзылымдарының себептерін анықтағаннан кейін, психофизиологиялық еркешелігін,олардың потенциальды (ықтимал,болуы мүмкін) -ішкі мүмкіндіктерін, қабілеттерін ескере отырып, мүмкіндігінше кемістігінің орнын толтыруға, қалпына келтіруге жағдай туғызып, түзету жолдарын қарастырады.
Сөйлеу тіл бұзылымдарының себептерін анықтағаннан кейін, психофизиологиялық еркешелігін,олардың потенциальды (ықтимал,болуы мүмкін) -ішкі мүмкіндіктерін, қабілеттерін ескере отырып, мүмкіндігінше кемістігінің орнын толтыруға, қалпына келтіруге жағдай туғызып, түзету жолдарын қарастырады.