Соөж тақырыбы: «Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы»



Дата07.02.2022
өлшемі112,67 Kb.
#96116
Байланысты:
реферат


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ ИНСТИТУТЫ


СОӨЖ

Тақырыбы: «Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы»


Дайындаған: Сабырбек Динара
Қабылдаған:Айтқалиева Рабиға
Тобы:4 топ


2020жылы
Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы
Қазақ халқының қалыптасуы да өзге халықтар сияқты ұзақ уақытты қамтыды.Оның қалыптасуын негізі Сақтар заманынан бастаған дұрыс.Қазақ даласында ең алғаш қалыптасқан мемлекеттер ол Арийлер мен Турлар немесе Сақ тайпалары.Келесі кезеңді ғұндардың қоныс аударып,әсіресе, халықтардың ұлы қоныс аудару кезеңінде пайда болған ежелгі мемлекеттердің түзілуімен байланыстыруға болады.Енді ғұндар келгесін біртіндеп түркілену кезеңі басталды.Ғұндар ыдырағаннан кейін Түрік мемлекеттер пайда бола бастады.Түрік қағанаты ,Батыс және Шығыс түрік қағанаты ,Түргеш қағанаты,Қарлұқ қағанаты,Қимақ қағанаты,Оғыз қағанаты.Содан кейін дамыған орта ғасыр басталады.Онда көбінесе Монғол империясы туралы айтылады.Монғол империясы 1218жылы Қарахан мемлекетіне басып кіреді де барлық қалаларды жаулап алады.Монғол империясы ыдырағаннан кейін бір неше мемлекет пайда болады.Ақ Орда,Моғолстан,Әбілхайыр хандығы,Ноғай Ордасы.Осы кезден бастап-ақ біртіндеп Қазақ мемлекеті құрыла бастайды. 15ғ-2жартысынан бастап,қалыптасқан халық өздерінің көршілері арасында «қазақ»деген атпен белгілі болған.
Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу талас тақырыбына айналады.Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған «қашақ»деген атаудан шықты деп есептейді.Немесе «қазақ» атауы Жәнібек пен Керей бөлініп көшіп кеткен рулық одақтарды білдіру үшін бастапқы кезде «өзбек - қазақ» ,кейін «қазақ» деп аталған дейді.
«Қазақ» термині 1245жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік- араб) сөздігінде кездеседі.Мұнда «қазақ» деген сөз «басы бос кезбе» деген мағына береді.Қалай дегенде де «қазақ» этникалық терминінің ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, тұрақты бір шешімі жоқ.
Менің ойымша,біздің қазақ деген жеке ұлт және мемлекет болуымыздың бірден бір себебі,ол өзіміздің сонау заманнан бері ата бабамыздан бізге мұра болып сақталып келе жатқан ол біріншіден біздің тарихымыз, екіншіден тіліміз,үшіншіден өзімізге тән салт- дәстүрлеріміз.Мемлекеттілігіміз Қазақ хандығынан бастау алады.Біз мемлекеттілік алғанға дейін Қазақ хандығы үстемдік еткен.Тарих пен бүгінді салыстырып қарайтын болсақ,көптеген айырмашылықтарды аңғаруға болады.Себебі,егер қазақ хандығы кезінде елде хан билесе ,тәуелсіздік алып Қазақстан Республикасы болғаннан бастап президент басқара бастады,және де қазақ хандығы жылдарында шешімді билер,шешендер ханмен ақылдасып шешіп отырған.Ал қазіргі таңда біздің елімізде министр,депутаттар бар.1991 жылдың 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды.Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің дамуы мен өркендеуіне көп үлес қосқанын ескермеске болмайды.Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір осы тәуелсіздік алған уақыттан басталады.1986 жылғы аға-апаларымыздың көтеріліске шығуының себебі, тек тәуелсіздік ғана емес, сонымен қатар қазақ деген ұлтты сақтап ,оның жойылып кетуіне жол бермеу деп ойлаймын.Әрине,біздің мемлекетіміздің тәуелсіздікті көптеген елдер оңайлықпен мойындаған жоқ.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жемісіміз ол еліміздің БҰҰ- на кіруі.1993 жылы 15 қарашада Ұлттық валюта теңге айналымға шықты.Осы күнде теңгеміз тұрақты, сенімді қаржы бірлігі болды.Жаңа Тәуелсіз Қазақстан Республикасы халықтың жаңа тиімді тұрмысын қалыптастыру жолындағы күрделі экономикалық реформаларды өте сәтті жүзеге асыра алды.Мұндай орасан зор өзгеріс оңайшылықпен келген жоқ еді.Тәуелсіздік алғалы бері елімізде көптеген өзгерістер орын алып жатыр.Тіпті қарапайым мысал ретінде Астана қаласын алуға болады.Бұл қаланың негізін елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қалады.Сонымен қатар 2017жылы ЭКСПО-2017 көрмесі Қазақстанның астанасы Астана қаласында өткізілді.Қазіргі таңда елбасымыз Қазақстан Республикасының алдыңғы елдер қатарынан көрініп, біздің мемлекетімізді өзге елдердің тарихында қалдыруы үшін бар күшін салып жатыр.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет