Отансүйгіштік ұлттық тәрбиеден бастау алады



Дата01.05.2020
өлшемі13,98 Kb.
#65285
Байланысты:
Отансүйгіштік ұлттық тәрбиеден бастау алады


Отансүйгіштік ұлттық тәрбиеден бастау алады

«Ұлттық патриотизмсіз ұлтты сақтап қалу мүмкін емес, ал ұлт болмаған жерде мемлекеттік ұғым жойылады. Біз қазақ ұлтын сақтап қалғымыз келсе, ұлттық патриотизмді мықтап дамытуымыз керек» деген болатын Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы. Расымен де, еліміздің өзіне тән болмысын, салт-дәстүрін, елдігін сақтау жолында ұлттық патриотизмнің алар орны ерекше деп айтуға болады.

Туған өлке, туған жерді сүю – жүректің ісі. Біздің сонау ғасырлардан бері тамырын тереңге жайған бір ғана Отанымыз бар. Осынау алып қазақ сахарасын көздің қарашығындай қорғап, оны шексіз сүю – әр қазақтың міндеті. Өйткені, Қазақстанның басқа Отаны жоқ.

Қазақ халқының патриоттық тәрбиесінің тамыры терең. Халқымыздың тарихында отансүйгіштік пен қаһармандықтың үлгілері мол. Отаншылдық сезім ертеден қалыптасқан, ескірмейтін, әрқашан жаңа жақтан көрініс табатын, мәңгілік, қасиетті ұғым. Ол – Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы бар күш – қуатын, ерік-жігерін Отан игілігі мен мүддесіне аямай жұмсау, туған жерін, қасиетті ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеу. Патриотизм біртіндеп қалыптасатын, тынымсыз, үздіксіз тәрбиенің нәтижесінде орнығатын ұлы сезім. Патриоттық тәрбие ананың ақ сүтімен, есейе келе өскен ортасына, қалыптасқан қоғамына байланысты дамитын үздіксіз тәрбиенің жемісі.

Дәл осы мәселе турасында бүгін Тараз қаласындағы Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін  облыстық орталықта  Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы, Білім басқармасы және «Асыл Арман» ұлттық  дәстүр мен өнерді қолдау  қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен  «Қазақстанның ұлттық интеллигенциясының, көрнекті тұлғаларының жаңа патриотизмді қалыптастыру жөнінде іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы аясында  «Қазақстандық  патриотизмді дамытудағы ұлттық құндылықтардың рөлі» тақырыбында конференция өтті.

Жиынға Облыстық білім басқармасының білім беру бөлімінің басшысы Гүлзира Лесбайқызы, жазушы, драматург Елен Әлімжан, ТарМПИ-дің  мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру кафедрасының доценті Несіпбай Мананбайұлы, облыстық ардагерлер кеңесі  төрағасының орынбасары Сейдуалиев Нареим, «Һибатулла Тарази» мешітінің  наиб имамы, ҚМДБ-ның жалпы және жастар ісі бойынша Жамбыл облысындағы өкілі Ержан Маханұлы және Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Дүкенбай Сайлаубекұлы, сонымен қатар  басқа да зиялы азаматтар қатысып, өз ойларын бөлісті.



 «Һибатулла Тарази» мешітінің  наиб имамы Ержан Маханұлы «Ұлттық тәрбие және дін»  тақырыбында, Дүкенбай Сайлаубекұлы «Жастарға әскери патриоттық тәрбие берудің маңызы мен ерекшеліктері» тақырыбында баяндамалар оқыды, сонымен қатар,  басқа да өзекті тақырыптарда  баяндамалар оқылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет