Спиральді білім беру бағдарламасының жаратылыстану пәніндегі тиімділігі ШҚО Көкпекті ауданы Көкпекті ауылы « Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Жунусова Аяна Аскербековна Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформасына түрлі жаңалықтар енгізілуде, жаңашыл, заманауи жобалар жасалуда. Солардың бірі — «Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту» аясындағы жаңартылған білім беру жобасы. Бұл жоба «Спиральді оқыту» бағдарламасы деп те аталады.
Спиральді білім беру бағдарламасы Спиральділік қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Оның пікірінше, ең күрделі материалдың өзі дұрыс құрылымдалып, дұрыс ұсынылатын болса, оны тіпті кішкентай балалар да түсіне алады.
Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:
-оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды;
-әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі;
-жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады.
Спиральді білім беру бағдарламасын жақтаушылар оның төмендегідей басымдықтарына назар аударады:
-оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіліп отырады;
-спиральді білім беру бағдарламасы жеңіл идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді;
-оқушыларды соңғы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бұрын алған білімдерін қолдануға жетелеу ұсынылады.
«Жаратылыстану» пəні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты «Жаратылыстану» пəні бойынша негізгі мектептегі «Биология», «География», «Химия», «Физика» пəндерін зерделеу негізін қалауға, алған білімдерін күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғат əлемінде) кездесетін табиғат құбылыстары мен үдерістерін түсіндіру, сипаттау, болжау үшін қолдану білігін дамытуға бағытталған. Пəн бағдарламасы келесі мақсаттарға қол жеткізуді көздейді: - əлемнің қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымы тұрғысынан қалыптасқан бейнесі мен жаратылыстану ғылымдарының əдістері туралы білім негіздерін қалыптастыру; жаратылыстанудың техника мен технология дамуына елеулі ықпал еткен маңызды идеяларымен, жетістіктерімен таныстыру; - қоршаған əлемнің құбылыстарын түсіндіру, БАҚ, интернет ресурстары, арнайы жəне ғылыми-көпшілік əдебиеттерден алынған жаратылыстану ғылымы тұрғысынан жəне өмірлік маңызды мазмұны бар ақпаратты қабылдау біліктіліктеріне ие болу; - зияткерлік, шығармашылық қабілеттерді, сын тұрғысынан ойлау қабілетін қарапайым зерттеулер, құбылыстарды талдау, жаратылыстану ғылымдық ақпаратты қабылдау жəне түсіндіру барысында дамыту; - табиғат заңдарын тану жəне жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін өркениеттің дамуы мен өмір сапасын жақсарту үшін пайдалану мүмкіндігіне сенімділікті тəрбиелеу; - күнделікті өмірде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи технологияларды сауатты пайдалану, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау үшін жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін қолдану.
Жаратылыстану пәнін спиральді оқыту бағдарламасы арқылы оқытуда оқушылардың жетер жетістіктері мол.
Бастауыш сыныпты бітірген оқушы осы білім салаларының негізін қалап шығады.
Тірі табиғат бөлімі.Жануарлар бөлімшесіне тоқтала отырып спиральді білім берудегі тапсырмалардың берілуімен орындалуына назар салайық.
4.2.2.2.
Өсімдіктекті және жыртқыш жануарларды ажырата білу.
1.Тапсырма 1 сынып берілген ойыншықтар арқылы
«Жануарларды топтастыр»
Дескриптор:
Білім алушы - өз бетінше тіршілік ететін жануарларды атайды;
- адамдардың қамқорлығындағы жануарларды атайды;
- жануарларды жабайы және үй жануарларына топтай отырып, сөйлемдерді толықтырып айтады
2.Тапсырма 2сынып
«Пазл құрау»
Дескриптор
Білім алушы – шыққан жануарларды атайды;
-олардың мекендеу ортасын айтады
- жануарлардың класын анықтап жазады
3.Тапсырма 3сынып
«Артығын сыз»
Дескриптор
Білім алушы-берілген жануарларға сипаттама береді
-улы улы емес жануарларды анықтайды
-артығын сызады.
4.Тапсырма 4 сынып
«Доп лақтыру» әдісі арқылы ойнау.
Дескриптор
Білім алушы-жануарды атайдыы
-оның жейтін қорегін атайды.
Спиральді білім беруді әр сабақта,тапсырманы дұрыс ұйымдастырып табысқа жетуге болады.