Спортокус – Рымхан Жүніс Кесірбек Робби – Марат Гүлім Дуанбасы



Дата11.01.2022
өлшемі19,24 Kb.
#110803
Байланысты:
Еріншектер елі


Еріншектер елі(мультфильм)

Кейіпкерлер:

Стефани – Төлеубек Аружан

Спортокус – Рымхан Жүніс

Кесірбек Робби – Марат Гүлім

Дуанбасы(Милфорд ағай) – Раев Айболат

Пысықгүл ханым – Нұрмағанбетова Айжан

Тәттібек – Ялдыз Джехан

Ойынбек – Нұрғазы Елжас

Ұрыншақ - Жақыпбекова Дильназ

Қараубек – Қаратай Бекжан

Аяз ата – Сейілбек Сембек

Ақшақар – Байболатқызы Ұлпан

Қала тыныш, бәрі ұйықтап жатады. Кесірбек торт жеп болып, бетін сипап, дүрбісімен айналаға қарайды да:

-Неткен тыныштық, неткен бақыт?! Бәрі ұйықтап жатыр, бірі қозғалмайды. Ал мен – Кесірбек Роббимін! Бұл – менің патшалығым! Бұл – менің «Еріншектер елім»! (қарқылдап күледі)

(Осы кезде пойыздың дауысы естіледі, қалаға Стефани келеді чемодандарымен)



Стефани: Міне, ғажап! Қандай әдемі қала?! Бірақ, неге тыныш? Жаңа жылды да тойламайды ма? Милфорд ағай күтіп алмайды ма мені?

(Милфорд ағай мен Пысықгүл ханым келеді)



Милфорд ағай:

-Ооо, Стефани, келіп қалдың ба? Кешірші, ерінбей жүгіріп жеткеніміз осы болды. Танысып қой, Пысықгүл ханым. Саған айтқан дүниедегі ең сұлу, ең нәзік ханшайым осы кісі.



Пысықгүл ханым:

-Сәлем, Стефани!Қош келдің, еріншектер еліне!

Стефани:

-Қош көрдік! Еріншектер елі деген аты қызық екен, мұнда сонда шынымен ешкім қозғалмай ма?



Милфорд ағай:

-Мереке тойланбағалы қашан бұл жерде? Мұнда бә «рі тек компьютерлік ойындар, тәттілер мен ұйқыға ғана қызығады...Сенің әбден ішің пысатын болды...



Стефани:

-Ағааай, мен жаңа жыл тойлағым келеді... Бұл күні әлемнің барлық балақайлары шырша айналып, билеп, ән салу керек емес пе? Солай ма,балақайлар?

(Дуанбасы ойланып қалады, балалар «иә» деп шулап жатады)

Милфорд ағай:

-Таптыыым, саған көмектесетін жалғыз ғана адам бар! Ғарышта өзінің әуе кемесімен жүретін, секіріп, көмектесуден шаршамайтын, 10 номерлі ғажап жан бар! Есімін ,эммм, ұмытып тұрмын. Балақайлар, сендер білесіңдер ме?

(Балалар «Спортокус» деп айғайлайды)

Стефани:

-Тамаша! Оны қалай шақыра аламын? Амалы бар ма?



Дуанбасы:

-Қазір, үйден оған хат жолдайтын затты тауып алайын! Сосын жібереміз!

Дуанбасы чемодандарды апарып, хат салатын затты алып келеді.

Дуанбасы: Міне,сен жазып мына пошта арқылы жібере бер, біз жаңа жылдық торт жасайық!

Пысықгүл ханым: Иә, иә, тез іске кірісейік.

(Әдемі әуенмен Стефани хат жазады)



«Құрметті, 10 номерлі құтқарушы Спортокус! Мен саған еріншектер елінен хат жазып отырмын!Бұл қалаға қысқы демалысқа қонақ болып келдім. Бірақ, мұнда тек еріншектер ғана өмір сүреді екен. Тіптен, орындарынан тұрып, аулаға да шықпайды. Ал менің Жаңа жыл тойлағым келеді. Көмектесші, күтемін! Сәлеммен, Стефани»

Стефани шыршаны қарааап, өлең айтып жүреді де, балаларға барады. Барса олар компьютерлік ойындар ойнап жатыр екен.



Стефани:

-Сәлем, достар! Кіруге рұқсат па?



Балалардың бәрі: Іммм, кіре бер. Сен кімсің?

Стефани: Мен Милфорд ағайдың үйіне келген қарындасымын!Сендерге қысқы демалысқа келдім. Есімім Стефани!

-Ойынбек, Қараубек,Ұрыншақ, Тәттібек!

Стефани:

-Достар, жүріңдер, сыртқа шығып аққала жасайық! Бүгін жаңа жыл ғой! Шырша құрмайсыңдар ма?



Тәттібек:

-Ооооой, біз мүлде далаға шығып ойнамаймыз! Торт жей саламыз ғой жаңа жыл болса!



Ұрыншақ: -Соны айтам, неше жыл бойғы үрдісті өзгерткің келе ме?

Ойынбек: - Жаңа жылға шыққан жаңа ойындар ойнайық оданша?

Стефани: -Бұл қызық шығар, біраақ...

Қараубек: Қысқасы, Қызыл шаш, біздің ондай дүниелерге бөлер артық уақытымыз жоқ! Кедергі келтірме! Әлі менің ойындарымды ойнауымыз керек.

Стефани басы салбырап, шығып кетеді. Келе жатса, алдынан секіріп келе жатқан Спортокусты көреді.

Спортокус алдында өнер көрсетіп, билейді.

Спортокус: Сәлем,сүйкімді балақай!Сен Стефани емессің бе?

Стефани: Сәлеееем, дәл өзі! Сен, Спортокус?

Спортокус: Сонымен, еріншектер елінің балалары қайда?

Стефани: Бәрі бірігіп, компьютер ойындарын ойнап жатыр, ешкім шырша әсемдегісі келмейді!

Спортокус: Онда не істеп тұрмыз, оларды қызықтыру үшін мына жерді думан етіп, ән айтып, шырша құрайық.

Стефани: Онда әуелі Милфорд ағайдан шыршаның ойыншықтарын алайық! Милфорд ағааааай, ағааай.

Келе жатып жердегі шнурыға сүрініп құлайын деп жатқанда Спортокус көтеріп алады.



Милфорд ағай: Ой, рақмет, Спортокус. Қош келдің!

Стефани: Ағай, бізге шыршаның ойыншықтары керек! Беріңізші...

Милфорд ағай: Менде шырша ойыншықтары жоқ! Ол Қараубекте болады...Қазір, шақырайын. Қараубек, Қараубек....

Қараубек келеді.



Стефани

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет