Сұрақтар мен тапсырмалар Күн тәртібіндегі сауықтыру шараларына не жатады



Дата27.04.2020
өлшемі12,78 Kb.
#64840
Байланысты:
күн тәртібіндегі сауықтыру шаралары


Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Күн тәртібіндегі сауықтыру шараларына не жатады?

Таңғы жаттығулар

Гимнастика



  1. Ертеңгілік гимнастика дегеніміз не?

Ертеңгілік (таңертеңгілік) гимнастика - баланың отбасындағы, бөбекжайдағы, балабақшадағы күн тәртібінің міндетті бӛлігі. Оны ересек адамның басшылығымен жүйелі түрде жүргізу балалардың бойында жанға жағымды бұлшық ет сезімдерімен, оңды эмоциялармен байланысты шат көңіл туғызатын дене жаттығуларын жасауға үйреншікті әдетті қалыптастырады. Ертеңгілік гимнастиканың маңызы сан алуан: ол организмнің тіршілік әрекетін арттырады, ұйқыдан кейін жүйке жүйесін сергітеді.

  1. Ертеңгілік гимнастиканың маңызы, міндеттері қандай?

Ертеңгілік гимнастиканың маңызы сан алуан: ол организмнің тіршілік әрекетін арттырады, ұйқыдан кейін жүйке жүйесін сергітеді. Ұйқыдан ширақтыққа ауысу уақытын қысқартады. Оянғаннан кейін арнайы іріктелген дене жаттығуларын орындаудан көрінетін ертеңгілік гимнастика баланың бүкіл организмін біртіндеп әрекет ету жағдайына тартады. Дене жаттығуларын орындау ми қыртысының қозуын, сондай-ақ орталық жүйке жүйесінің реакциясын күшейтеді. Миға барлық - көру, есту, тірек-қимыл, тері 262 рецепторларынан келетін импульстардың тұтастай тасқыны жүйке жүйесінің жұмыс істеу қабілетін, тұтастай организмнің тіршілік қызметін туғызады, қалпына келтіреді.

  1. Ертеңгілік гимнастика жаттығуларын іріктеп алу және оны құру схемасы туралы түсіндіріңіз

Ертеңгілік гимнастика фрамугалары, терезелері ашық таза бөлмеде, таза шөпті, ашық алаңда өткізіледі. Стационарлық топтың балалары ертеңгілік гимнастикаға труси, тапочка киіп шығады. Yйінен келген балалар да киімдерін ауыстырады. Мұндай тәртіп бүкіл жыл бойы біртіндеп организмді салқын температураға үйретеді, ертеңгілік гимнастикаға шынықтыру процедурасының - ауа ваннасының маңызын береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет