Сабақтың тақырыбы: Етістік Заттың іс-әрекетін, қимылын білдіреді. Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтті? Етістіктің негізгі үш түрі бар: тұйық етістік, көсемше, есімше.
Тұйық етістік - у – ю (й+у) жұрнақтары арқылы жасалады.
Бұл түрді «қимыл есім» деп те атайды. Тұйық етістік зат есімге өзгере алады, шақпен, жақпен байланысы жоқ. (Эту форму также называют «имя действия». Неопределенная форма легко преобразовывается в имя существительное, не выражает лицо и время.) Мысалы: оқу,қолдау,бақылау (читать-чтение, защищать-защита, контролировать-контроль).