Стандарт: Гинекологиялық сырқаттың анамнезін жинау



Дата20.04.2022
өлшемі16,55 Kb.
#139960
Байланысты:
Гинекологиялық анамнез жинау


Стандарт: Гинекологиялық сырқаттың анамнезін жинау
Гинекологиялық сырқатты тексеру сырқаттың шағымын, ауру тарихы мен өмір
тарихын, яғни анамнезін анықтаудан басталады. Анамнез - сырқатқа сұрақтар қою
арқылы анықталады.
1) паспорттық мәліметтер анықталады. Оған:
аты- жөні
жасы;
жұмыс орны мен мамандығы;
мекен жайы жатады.
2) Егер сырқаттың жағдайы келсе, оның өмір тарихы түпкілікті анықталады. Бұнда:
- тұрмыс және жұмыс жағдайы;
тұқым қуалайтын аурулары;
-зиянды әдеттері;
- балалық шақтағы және кейінгі ауырған аурулары;
- бұрын болған операциялары (қандай, қашан?);
- аллергиялық анамнезі (неге, қалай?);
- жұқпалы аурулары (туберкулез, сары ауру, тері венерология аурулары);
-бұрынғы жыныс аурулары (қашан, қалай ауырды, қандай ем алды, нәтижесі
қандай?);
- бұрын қан құйылды ма, қандай себеппен?
-қазіргі ауруы қашан, қалай басталды, себебі қандай?
3) Осыдан кейін сырқаттың шағымы анықталады. Гинекологиялық аурулардың
спецификалық симптомдарына (шағымына) келесі белгілер жатады:
- ауырсыну-іштің төменгі жағы, шат үсті, оң және сол жақ шаб тұсы, сегізкөз
аймағында болады. Ауырсыну аяққа, сегізкөзге, тік ішекке, жаурынға, қолға беріледі.
-жыныс мүшесінен патологиялық сұйықтың бөлінуі (іріңді, иісті, қанды).
- етеккір қызметінің бұзылуы яғни ееккірдің аурып, ретсіз 2-3 айда бір келуі, ұзақ
(10 шақты күн) не қысқа (1- 1,5күн), аз не көп келуі;
- бедеулік (біріншілік, немесе екіншілік);
жыныс мүшесінің қышынуы;
- сексуальдық бұзылыстар (жыныстық белсенділіктің төмендеуі);
- жыныс мүшелеріне көршілес орналасқан тік ішек пен қуық, уретра қызметінің
бұзылуы (іш қату, кіші дәретке жие, акырсынып отыру).
Гинекологиялық сырқаттың етеккір қызметі анықтауда келесі сұрақтар қойылады:
етеккір қай жастан бастап келді?
неше күн келеді, қанша қан жоғалтады?
аурып келе ме?
етеккір циклының ұзақтығы қандай?
- етеккір ай сайын ретті келе ме?
соңғы етеккір қашан келді?
Жыныстық өмірі туралы қойылатын сұрақтар:
жыныстық қатынас неше жастан басталды?
- қатынас кезінде ауырсыну болама?
қатынас кезінде жыныс мүшесінен қан көрінбей ме?
- қазіргі шағымының жыныстық қатынаспен байланысы бар ма? (жыныс
мүшелерінің жұқпалы аурулары жыныстық қатынас арқылы жұғады)
Әйелдің көбею жүйесі бойынша анықталатын мәліметтер:
- неше рет жүкті болды?
- неше рет босанды?
неше рет аборт жасатты, немесе өздігінен түсік болды ма?
- қалай босанды? (өзі босанды ма, әлде операциямен босанды ма?)
босанғаннан кейінгі кезең қалай өтті?
казір неше баланыз бар?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет