Ұстаз болу бір бақыт «Aдaм жaнын түсіне білу, оны зерттей білу- үлкен өнер»



Дата13.09.2020
өлшемі14,36 Kb.
#78458
Байланысты:
Ұстаз болу - бір бақыт


Ұстаз болу - бір бақыт

«Aдaм жaнын түсіне білу, оны зерттей білу- үлкен өнер»
З.Фрейд

Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туды, оның үстіне шыймайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең ол солай тәрбиеленеді» деп, француз ағартушысы, жазушы Жан-Жак Руссо бекер айтпаса керек. Себебі, балаға өмір сүруді үйретіп, өмірлік тәжірибе беруші – ұстаз. Ұстаз балаға білім нәрін қалай берсе, бала сол ұстаз нұсқаған жолмен жүріп, өз болашағын жасайды. Ұстаз – үлгі болар тұлға. Бала кішкентай кезінде жас шыбық секілді болады, сол шыбықтың түзу не қисық өсуі алған білім мен тәрбиеге байланысты. Білім мен тәрбиені дұрыс беру үшін ұстаздың ұстанымы болу шарт. Сол ұстанымы арқылы мұғалім өз кәсібінің діңгегін берік қылады. Абай атамыздың жетінші қара сөзінде айтқандай, екі түрлі мінезбен дүниеге келер жас баланы тұлға етіп қалыптастыру - ұстаз ананың міндеті. Менің ұстаздық ұстанымым «Білім алушы жастарға көмек беріп олардың да, өзімнің де, жақсы жаққа өзгеруіне жол ашу. Өйткені өзің өзгермесең басқаны да, өзгерте алмайсың. Адам құйып қойған қалып емес, ол уақыт өткен сайын, өзгеріп кемелденіп тұруы керек».



Мен жоғары сынып оқушыларына сабақ берер мұғалім болсам да, олар мен үшін өмірлік тәжірибесі аз шәкірттер. Сол балаларға өз мамандығым арқылы яғни, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту арқылы өте көп көмек бере аламын. Қазақ халқының тағылымы мол ғибратты әңгімелері әр бала үшін өмірлік тәрбие боларлық дүние. Өз халқымыздың бұрынғы айтып кеткен ақыл-кеңестері мен ғибратты әңгімелері қазіргі заманға сай тұлғаның қалыптасына сеп болары сөзсіз.

Жaқсы ұстaз – бұл қaй кезде де ең aлдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуaлдық, шығaрмaшылық әлеуеті мол тұлғa. Ол оқытудың жaңa технологиялaрын өмірге ендіруге дaйын, оқу-тәрбие ісіне шынaйы жaнaшырлық тaнытaтын қоғaмның ең озық бөлігінің бірі деп есептеймін және солaй болуы тиіс.



Ал менің мақсатым –оқу үрдісін ұйымдастыру барысында оқушыға бағыт беру арқылы шығармашылықтың маңызын білдіру, баланың басқаға ұқсамайтын қабілетін ашу. Сaбaқ кезінде оқытудың жaңa технологиялaрын қолдaну арқылы оқушының өзінше ойлaу қaбілетін aрттыру және қaзіргі зaмaнғы инновациялық технологияларды, түрлі ақпараттық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін, яғни жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейін дамыту.

Менің өмірлік бағдарым әр кезде алдыма мақсат қойып, сол мақсатқа жету. Өйткені, мақсатсыз адам табысқа жете алмайды. Осыны оқушыларыма жеткізе алу - менің басты мақсатым.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет