- Стерилизация асептиканың негізгі тәсілінің бірі.
- Стерилизация дегеніміз медициналық құрал жабдықтардағы микроорганизмдерді және оның спораларын, токсиндерін түбегейлі жою. Залалсыздандыруға медицинада дәрілер мен диагностикалық препараттар, тігіс және таңғыш материалдар, жаймалар, пациенттің күтіміне арналған заттар жіберіледі
- Залалсыздандырудың технологиялық барысы мынандай кезеңдерден тұрады:
- Медициналық құрал жабдықтарды зарарсыздандыру.
- Залалсыздандыруға дейінгі тазалау.
- Стерилизаторға материалды дайындау және жайғастыру.
- Залалсыздандырудың өзін жүргізу.
- Залалсыздандыру сапасын бақылау.
- Залалсыздандырылған материалдарды сақтау.
- Жуылған құрал-саймандарды стерилизацияға дайындау
-
- Залалсыздандыру алдындағы тазалау кезеңдері
- І кезең. Медициналық саймандарды қолданып болғаннан соң 1% лизоформин (дез ерітінділердің басқа да түрлері) ерітіндісіне 22˚С 1 сағатқа салып қоямыз.
- ІІ кезең. 1 сағаттан соң медициналық құрал -саймандарды ағып тұрған судың астында 30 секундтан жуамыз.
- ІІІ кезең. Медициналық құрал -саймандарды жуғыш ерітіндіге 15 минут салып қоямыз.
- IV кезең. Жуғыш ерітіндінің ішінде құрал -саймандарды мақталы тампонмен инелерді мандренмен тазалаймыз.
- V кезең. Медициналық құрал -жабдықтарды жуғыш ерітінділерден алып, ағып тұрған судың астында жуып шаямыз. Жасалынып болғаннан кейін медициналық құрал- жабдықтардың тазалық сапасын тексереміз.
- VІ кезең. Медициналық құрал саймандардың құрамындағы тұздарды жою мақсатында дистилденген сумен жуып шаямыз.
- VIІ кезең. Медициналық құрал саймандарды кептіргіш шкафтың ішінде 85'C салып кептіреміз.
- Тазалаудан толық өткізгеннен соң, медициналық құрал- саймандарды крафт пакетке, бөз орамына орап, бикске саламыз.
-
- Стерилизация әдістері
- Стерилизацияның химиялық әдістері полиэтилен заттарды, өкпенің жасанды вентиляция аспабын, әртүрлі эндоскоптарды залалсыздандыру үшін қолданылады, бұл үшін дезерітінділер немесе газдар қолданылады.
-
- Автоклавтау туралы түсінік
- Автоклавтау булы стерилизаторлармен жүзеге асады. Булы стерилизаторларда жоғары температура (138˚С ке дейін) және жоғары қысым (2,5 атм дейін) орнатылады.
- дәкеден жасалған таңу материалдары
- коррозияға төзімді металл саймандар
- Жоғары қысымды бумен залалсыздандырылатын саймандарды алдын ала арнайы бикс немесе контейнерлерге орналастырады немесе арнайы крафт-пакетке немесе бөз матаға оралады.
- Залалсыздандырудың мақсаты- асептика ережелерін сақтау
- Залалсыздандыру екі түрге бөлінеді:
- 1. Физикалық: қайнату, ылғалды бу, ыстық ауа, гамма сәулесі.
- 2. Химиялық: газбен ,салқын әдіспен.
- Қазіргі уақытта ЕПҰ- да залалсыздандырудың бірнеше түрі қолданылады.
- Ауамен залалсыздандыру (ыстық, құрғақ ауамен), автоклавтау (ыстық будың қысымымен), химиялық залалсыздандыру (түрлі химиялық заттарды қолдану), газды залалсыздандыру (гамма сәулесімен жүргізілетін залалсыздандыру).
- Залалсыздандыруды шарттары:
- Залалсыздандыру филтрлі, филтрсіз қорапшада, бөз матада немесе дымқылдықты өткізбейтін қағаздан жасалған қорапшада, Е маркалы автоматтарда бұйымдар орағыштарға арналған қағаз қорапшада.
- Универсалды, мақсатты, түрлі (видовая)
- Универсалды бір бикске бір түрдегі халаттар салынған, салфеткалар, мақта шариктер.т.б.
- Мақсаты үлкен операцияға арналған таңу материалы мен жаймалар салынады.
- Орташа түріне бір операцияға арналған барлық материал бір бикске салынады.
- Медициналық саймандарды мен операциялық жаймаларды дайындау және бикске орналастыру
- Биксті, халаттарды, жаймаларды, таңғыш материалдарды дайындаймыз;
- Бикстің ақаусыздығын тексереміз;
- Бикстің ішін 2 рет сүртеміз;
- Бикстің ішіне жайма төсейміз:
- Бикске біріңғай материалдан жасалынған заттарды саламыз;
- Халаттарды, жаймаларды, орамалды, салфеткаларды, мақта шариктерін т.б
- Бикске тек қана залалсыздандыруға дайын материалды қатаң тәртіппен саламыз;
- Бикске салынатын материалдардың саны белгіленген болуы керек;
- Таңу материалдарын 10 дана етіп, орам түйіншегімен саламыз:
- Дәкелі шариктерді 50-100 дана етіп, дәкелі түйіншекке саламыз;
- Бикстің ішін спиртті салфеткамен өңдеп аламыз;
- Сосын жайманы төсейміз, материалдарды салып, жайманың шеттерімен үстін жабамыз, арасына бу кіріп, жақсы зарарсыздандыру үшін бос етіп саламыз;
- Материалдарды жайғастырған кезде вертикальді және қатарымен салуды қадағалау керек;
- Бикстің қақпағына индикатор қағазын саламыз;
- Медициналық құрал-саймандарды, операциялық жайма, киімдерді стерилизациялауға арналған бикстер
- Ыстық, құрғақ ауамен стерильдеу
- Металл және шыны саймандарда ұсынылады. Стерилизация камерасында жұмысшы 180˚С температура, уақыты – 60 минут
- Дайындау қажет:
- Крафт пакетке салынған және ашық эмаль астаушаға салынған шприц және инелер, хирургиялық саймандар: пинцет, зажим, конрцанг т.б., тиомочевина салынған флакон.
- Алгоритм іс-әрекеттері:
- 1. Крафт-пакеттерді ашық эмальды астаушаға салынған шприц пен
- инелерді хирургиялық саймандарды арнайы ыстық-құрғақ ауа
- шкафқа жайғастырылады.
- 2. Шкафтың қызуын өлшеу үшін тиомочевинасы бар флакон салады.
- 3. Стерильдеу 180˚С –та 1 сағат жүргізіледі.
- 4. 1 сағат уақыт өткеннен соң шкафты ашып, тиомочевина тексеріледі,
- егер тиомочевинаның ұнтағы сары қоңыр теске кірсе, онда шкафтың
- ішіндегі ауаның қызуы жеткілікті екенін білдіреді.
- 5.Медициналық құрал-саймандар стерильді деп саналады.
- Есте сақтау. А/ крафт пакеттегі медициналық құрал -саймандардың стерильдігі
- 3 тәулікке дейін сақталады.
- Б/ ашық эмальды астаушадағы медициналық құрал-саймандар
- тез арада қолданылуы керек.
- В/ бұл шкафқа жұмсақ бөз орамын салуға болмайды.
- Ауалы стерилизаторларда (құрғақ ауалы шкафтарда) жұмыс істеу тәртібі
- 1. саймандар суық стерилизаторға орналастырылады;
- 2. қыздыру;
- 3. стерилизация (180˚С – 60 минут);
- 4. суыту 40-50˚С –ке дейін;
- 5. босатып алу.
https://ppt-online.org/100369
Достарыңызбен бөлісу: |