Стоматология


Сілекей-тас дерті (Сиалолитиазис)



бет179/262
Дата06.02.2022
өлшемі2,68 Mb.
#80599
түріОқулық
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   262
Байланысты:
книга-хирургическая-стоматология

Сілекей-тас дерті (Сиалолитиазис)
Сілекей-тас дерті сілекей бездері дерттерінің ішіндегі жиі кездесетіні (40—60%). Сілекей тастары жиі вартонов түтігінде және төменгі жақасты безінде орналасады. Өте жиі төменгі жақасты безі зақымдалады. М. Н. Михайловтың мәліметтері бойынша (1957), төменгі жақасты сілекей безі 89,5% науқастарда, тіласты сілекей безі 7,5%, ал құлақмаңы безінің жарақаттануы—3% науқастарда кездеседі.
Көбіне тастар бір сілекей безінде пайда болады. Ер адамдарда әйелдерге қарағанда жиі кездеседі. Жас шамасының шешуші маңызы жоқ. Тастардың көлемі мен пішіні әр түрлі, бірақ сілекей безінде орналасқан тастар, негізінен үлкен, пішіні домалақтау болады. Кейде көпқырлы тастар да кездеседі.
Тастардың түсі ақшыл, сары, қоңыр, жасылдау болуы мүмкін. Түсінің түрлі болуы олардың химиялық қүрамына, яғни қышқылды фосфор, көмірқышқылды калий, натрий, хлор, темір, магний эле-менттерінің іздері және белок, муцин сияқты органикалық заттарға байланысты.
Сілекей тастары ядросының пайда болуына сілекейлі тығындықтар, бөгде заттар, бактериялар колониясы әсер етуі мүмкін.
Тастардың патогенезі толық анықталмаған. .В. В. Подвысоцкий 1899 жылы тастың пайда болуының 4 жағдайын көрсеткен: сілекей бөлінуінің іркілісі, концентрациясының өсуі, құрамында бөгде заттардың пайда болуы — бактериялар, фибриннің, сілекей құрамының өзгеруі (құрамындағы химиялық процестер ерімейтін қосылыстардың шөгуіне алып келуі мүмкін).
Сілекей-тас науқастарыда қан плазмасында кальций мөлшерінің жоғарылағаны анықталған, яғни бұл өзгерістер организмдегі минералдық алмасудың бұзылыстарын көрсетеді. Тамақтың құрамында А витаминінің аз мөлшерде болуы, сілекей тастарының пайда болуына алып келеді деген жорамал бар, И. Г. Лукомский тастардың пайда болуына керек заттар сілекей құрамынан емес, қабынған бездің тіндерінен немесе шығару түтіктерінен түсуі мүмкін деген ойды айтады,
А. В. Клементов (1959, 1960 ж.) сілекей-тас дертінің толық жіктелуін ұсынды, ол тастың орналасу орнын, аурудың ағымын және тастың өздігінен түсуін немесе алынуын ескерді.
А. В. Клементов бойынша сілекей-тас дерттерінің жіктелуі.
I. Тастардың орналасуы:
1) . Төменгі жақасты безінің шығару түтіктерінде;
2) . Құлақмаңы безінің шығару түтігінде;
3) . Тіласты безінің шығару түтігінде; а) бездің қабынуынсыз; б) бездің созылмалы дерті кезінде; в) бездің созылмалы қабынуының өршуі кезінде.
II. Тастардың бөтен жерде орналасуы:
1) . Төменгі жақасты;
2) . Құлақмаңы;
3) . Тіласты. а) бездің қабынуынсыз; б) бездің созылмалы қабынуы кезінде; в) бездің созылмалы қабынуының өршуі кезінде.
III. Сілекей-тас дертінен дамыған бездің созылмалы қабынуы:
1) . Төменгі жақасты;
2) . Құлақмаңы;
3). Тіласты бездерінде: а) тастың өздігінен түсуінен кейін; б) тастың хирургиялық жолмен алынуынан кейін дамыған.
Клиникалық көріністері. Дерттің клиникасы оның ұзақтығына, тастың көлемі мен орналасқан орнына, бездің жарақаттану дәрежесіне, организмнің әсерлестігіне және қорғану қабілетіне байланысты.
Дерттің клиникасында жасырын кезең, яғни науқастардың шағымы болмайды. Тас — рентгенологиялық тексеру кезінде кездейсоқ анықталуы мүмкін. Бездің шығару түтігі тығындалған жағдайында ауыру сезімі пайда болады, көлемі ұлғайып, сілекейдің бөлінуі бұзылады, жалпы жағдайы өзгереді. Әсіресе екіншілік инфекцияның қосылуы және бездің іріңді қабынуы кезінде қатты айқындалады. Әдетте, тамақтанған кезде сілекей безі үлкейіп, кернегендей ауыру сезімі пайда болады, оны „сілекейлі шаншу" деп атайды.
Түтіктің тығындалуы кезінде бездің ұлғаюы өте тез жүреді. Осы кезде болатын ауыру сезімі құлақ, мойын аймақтарында және тілге таралады. Ауыру сезімінің қатты болуы науқасқа тамақтануды тоқтатуға мәжбүр етеді. Біраз уақыттан соң бездің көлемі кішіреюі мүмкін.
Дерттің созылмалы түрінде без қатты, беті бұдырлы болады. Ауыз қуысында қалыңдаған тіласты білігі көрінеді, түтікті сипап тексергенде қатты тарам түрінде байқалады. Безбен оның шығару түтігін тексеру үшін бимануальды пальпация жасайды.
Кейде шығару түтіктерінен сілекей тасын сипап анықтауға болады. Ірі және орташа көлемдегі тастар жиі жақ-тіл сайының дистальды бөлігінде орналасады, ал ұсақ тастар сілекейдің ағысымен түтіктің алдыңғы үштен бір бөлігіне жиналады. Қабынудың жедел түрінде ауыз қуысында тасты сипап тексеріп анықтауға мүмкіншілік болмайды. Шығару түтігінен бөлінген сілекейдің құрамына көңіл бөлу қажет. Сілекей-тас дерті безде қабынумен жүргенде, шығару түтігінен ірің бөлінеді. Шығару түтігінің шыға берісі ісініп қызарған, аузы үңірейіп ашылған.
Сілекей-тас дертінде келесі белгілер анықталады: 1). Бездегі қабыну процестері; 2). „Сілекейлі шаншу"; 3). Тамақтанумен байланысты ауыру сезімі; 4). Тамақтанумен байланысты без көлемінің озгеруі; 5). Рентгенограммада сілекей тасы көлеңкесінің анықталуы.
Сілекей тастары экстра-немесе интрагландулярлы орналасуы мүмкін. Негізінен тастар шығару түтіктерінің бүрылыстарында орналасады. Рентгенограммада ірі тастар түтіктерде контрасты зат қолданылмай-ақ анықталады.
20%-де тастар тек сиалограммада ғана анықталады. Төменгі жақасты безінде конкременттерді анықтау үшін ауыз қуысы түбінің панорамдық рентгенограмма әдісін, ал құлақмаңы безінде бас қаңқасының тік проекциядағы шолу рентгенограммасын және төменгі жақ сүйегі бұтақтарының бүйір рентгенограммасын қолдану қажет.
Рентгенограммада тастар домалақ, сопақ немесе әр түрлі пішінді тығыз көлеңке түрінде анықталады. Тас безде орналасқан жағдайда, орналасу орнын және оның көлемін анықтау үшін контрасты сиалография әдісін қолдануға болады. Сиалограммада бездегі жұмсақ тастарды да „толу ақауы" ретінде анықтауға мүмкіншілік бар (дефект наполнения). Ұзақ жүретін процестерде бездің өзіндегі ісінген, ұлғайған т. б. сияқты өзгерістерді шығару түтіктерінің I және III қатарында да кездестіруге болады және май-да түтіктердің контрасты заттармен толмауын байқауға болады,
Тастар шығару түтіктерінің өзектерінде орналасқан жағдайда контрасты сиалографияны қолдануға болмайды, себебі тастың безге немесе түтіктің дистальды бөлігіне жылжып кету қаупі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   262




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет