Стоматология


Төменгі жақасты сілекей бездерінің жедел қабынуы



бет176/262
Дата06.02.2022
өлшемі2,68 Mb.
#80599
түріОқулық
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   262
Байланысты:
книга-хирургическая-стоматология

Төменгі жақасты сілекей бездерінің жедел қабынуы
Төменгі жақасты сілекей бездерінің жедел қабынуы кезінде науқастар ауыз қуысының құрғақтығына, төменгі жақасты аймағыңдағы ауыру сезімінің жұтыну және тамақтанған кезде ұлғаюына шағымданады.
Клиникалық көрінісі. Төменгі жақасты үшбұрышының артқы бөлігінде тығыз ауыратын инфильтрат анықталады. Шығару түтігінің ашылу орны ісінген, қызарған. Бимануальды әдіспен тексергенде без тығыз, қозғалмалы және ауыратыны анықталады. Шығару түтігі өзегінде тығыз ауыратын инфильтрат көрінеді. Дерттің бастапқы кезеңінде-ақ төменгі жақасты безінің қызмет бұзылыстарына байланысты сілекейдің бөлінуі анықталмайды.
Дерттің іріңді кезеңінде, қабыну процестері айқын жүреді. Төменгі жақасты аймағында едәуір ісіну және айналасындағы жұмсақ тіндерде инфильтрат болады. Жедел сиалоаденит төменгі жақасты және иекасты аймақтарының кейбір жағдайларда ауыз қуысы түбінің флегмонасына алып келуі мүмкін.
Диагнозы. Дерттің жедел басталуы, гипосаливация, сілекей безі көлемінің үлғаюы, тамақты көргенде немесе тамақтанған кезде ауыруы, шығару түтігінен іріңді жалқықтың бөлінуі сиалоадениттерге тән көріністер.
Диагностика мақсатымен сілекей бездерінің жедел қабыну кезеңінде контрасты заттарды енгізу дүрыс емес.
Емі. Төменгі жақасты сілекей безінің аймағына, түнге қарай камфор майымен жылытатын компресс жасау, күндіз құрғақ таңғыш, күніне 3—4 рет ауыз қуысын 0,5—1,0% натрий гидро-карбонатының жылы ерітіндісімен шаю қажет. Сілекей бөлінуін жоғарылататын тағамдар (құрғақ нан, лимон, шырындар) және де поливитаминдер қабылдау қажет. Саливацияны жоғарылату мақсатымен пилокарпин гидрохлоридтің 1,0% ерітіндісін күніне 5—6 тамшыдан 3-рет қабылдаған жөн.
Қабыну процестерінің айқын көріністері кезінде антибиотиктер мен сульфаниламидтер тағайындалуы қажет.
Төменгі жақасты аймағында абсцесс немесе флегмона дамыған кезде ірің ошағын ауыз қуысының сыртынан ашу керек. Ол үшін тері, теріасты май қабаттарын, мойынның беткі фасциясын бұлшықетімен және безді қаптаған терең фасцияны тіліп, іріңді ошақты доғал жолмен ашу керек. Жараға натрий хлоридінің гипертоникалық ерітіндісімен суланған борпылдақ дәке білік қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   262




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет