Студент: Жупар Салтанат Тобы: Қт-ж-17



Дата10.06.2020
өлшемі17,24 Kb.
#72847
Байланысты:
Лет прак 8.06 1-пар


Студент: Жупар Салтанат

Тобы: ҚТ-Ж-17


  • Онлайн режимде әрбір ауысым, әрбір күннің тәрбие жұмыс жоспарының құрылымы мен ерекшеліктерімен танысу. Жетекші этикасымен танысу. Жазғы балалар лагеріндегі санитарлық-гигиеналық талаптармен танысу.




  1. Ең алдымен барлық бақылауға жататын жазғы салауаттандыру орындары тізімге алынады. Ол үшін әрбір лагерьдің нақты санитарлық жағдайын көрсететін санитарлық төлқұжат толтырылады. Ескертпелі және ағымды санитарлық бақылау жүргізген кездерде қажетті өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Жыл сайын әрбір салауаттандыру мекемесіне, балалардың жазғы демалыс кезеңінде қажетті санитарлық жағдайды қамтамасыз ету үшін, жоспар-тапсырма жасалады. Оның негізінде:

  1. а) қажетті нормалық құжаттардың мәліметтері;

  2. б) объектінің санитарлық төлқұжаттары;

  3. в) объектінің ескертпелі және ағымды санитарлық бақылау мәліметтері;

  4. г) мекемеге қызмет ететін педиатрлардың есеп беруі т.б. алынады;

Өте үлкен қаржы бөлінуін қажет ететін, үлкен көлемдегі жұмыстарды (тұрғын корпустар, жүзу бассейндерін салу т.с.) бір жылға немесе одан да көбірек уақытқа жоспарлауға болады. Мұнда жұмыстың аяқталу мерзімі, орындалу кезеңдері талқыланады. Мұндай жоспар-тапсырмалардың дұрыс жасалуы үшін, санитарлық дәрігерлер күнделікті санитарлық бақылау жұмысы кезінде анықталған кемшіліктерді, әсіресе сумен қамтамасыз етілуі, канализация, жылу жүйесі және санитарлық жайластыру жағдайлары ескерілуі керек.

2. Күн режимі балалардың жас ерекшелігіне байланысты құрылады.  Дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары жоспары дәрігермен келісіледі және мынадай іс-шараларды қамтиды:

1) таңертеңгілік гимнастика;

2) шынықтыру емшаралары;

3) қозғалыс ойындары және дене дайындығының әр түрімен айналысу;

4) спорт, емдік дене шынықтыру, жүзуге үйрету;

5) серуендер, экскурсиялар, жорықтар;

6) спорттық жарыстар және мерекелер.

Балалардың дені әрқашан сау болсын!!!



Жаздағы жақсы демалыс — жыл бойына қажетті күш–қуат.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет