Студенттің аты-жөні: Тақырып



Дата23.09.2023
өлшемі15,92 Kb.
#182133
Байланысты:
Философия СРС 1
Документ материал

Студенттің аты-жөні:
Тақырып: «Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші жаңғыруын жүзеге асырудағы философияның рөлі»
Философияның қазіргі таңда саясат қоғамында алар орны өте маңызды. Ол әлеуметтік-саяси, қоғамдық дамудың, жаңа инновациялардың ең күрделі мәселелерін шешумен қатар, сонымен қатар елде болып жатқан ауқымды проблемалармен тығыз байланыста. Мысалға алатын болсақ, философиядағы қарапайым терминдер яғни, антропология, онтология, праксеология, гносеология бұлар дерлік адамның қоғамдағы орны, биліктің, саяси уақыттың, саяси кеңістіктің, адамның саяси өзін-өзі тексеруі, әрекеттер, түсінулер мен түсіндірулерге ұштастырады. Үшінші модернизация - әлемдегі жаһандық мәселерді шешіп қана қоймай, дамыған 30 елдің қатарына кіріп, экономикалық нарықта үлкен прогресстер көрсетудің жалғаушы көпірі.[1]
Үшінші модернизациядағы ең маңыздысы әрі ең қиыны - рухани жаңғыру. Рухани жаңғыру біздің қалай өзгеруіміз, өсуіміз, сана-сезіміміздің, мінезіміздің, тіліміз бен дініміздің өсе келе қай бағытқа бұрылуы. Яғни жасөспірім уақыттан бастап баланың психологиясының күрт өзгеруінен ересек уақытқа жетуге дейінгі аралықты айтамыз. Бұл уақыт аралығында жасөспірім өз-өзін іздеумен, жетілдірумен, спорт, білім немесе ғылым жолында шыңдалады. Ересек уақытында адам ойлана бастайды мен өз еліме не үшін керекпін? Менің болашағым, саясаттағы орным қандай?деген сұрақтар қою арқылы. Барлық адам дерлік экономикаға қатысы бар. Неге? Себебі, қоғамды құраушылар адамдар. Экономикалық жаңғыруларды да адамдар қолдарымен істейді. Жұмыссыздық, су, жер, тұрғын үй мәселелері осы модернизация арқылы жүзеге асырылады. Экономикалық жаңғыру халықтық материалды сынды мәселелерін қарастырады.[2]
Қазіргі таңда көп айтылатын өнеркәсіптік революцияның әрбір кезеңінде тек өндіруші күштер қана дамып қоймай, өндіріс пен ғылымның тығыз ықпалдасуы туындауда. Бірінші өнеркәсіп революциясындағы машина ойлап табудың, екінші өнеркәсіп революциясындағы электр энергиясы мен үшінші өнеркәсіп революциясындағы IT мамандарының дамуына ұластырып жаңа дәуірдің революциясына әкеліп отыр. Төртінші өнеркәсіп революциясы әлемге жаңа инновациямен катар үлкен қауіп әкелді. Өйткені цифрлы жүйе адамзат тарихын тез ұмыт қылдырып жіберуі ғажап емес. Бұл революцияның асқан қаупі адамдардың роботтарға тәуелді болып, оның ықпалынан шыға алмай кетуінде. Ашып айтатын болсақ, адамдар жүмыссыз қалып, роботтар арқылы өндіруші күштер артады. Ал ол жаңа өсіп келе жатқан буынға зиянымен қатар, еңбекке қабілетін төмендетеді. Цифрлы экономика білім және ғылым саласында айтарлықтай үлкен пайдасын тигізді. Мысалы, университет және мектептерде оқушылар арасындағы кері байланыс сайттарын айтсақ болады.
Қорытындылай келе, философия білім беруден басталып, саяси-әлеуметтік экономиканың барлық саласына керек ғылым. Біздің барлық атқарған жұмысымыз ойымызға байланысты. Тіл мен дінімізден қалай айнып кетуімізде өз санамызға байланысты. Сондықтан елді қалай дамытудағы жолдар мен үлкен қауіптерге оңай төтеп беруде бұл ғылымның пайдасы көп.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші модерациясын жүзеге асырудағы философияның рөлі (multiurok.ru)

  2. Рухани жаңғырудың саяси және экономикалық жаңғырулардан айырмашылығы неде? (qamshy.kz)

  3. Төртінші өнеркәсіптік революция – қазақтың өркендеу дәуірі (egemen.kz)


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет