Суйналиева Айнур Курмангазиевна БҚО, Тасқала ауданы, Амангелді ауылы жобб амангелді мектеп – балабақшасының химия пәнінің мұғалімі



Дата25.08.2017
өлшемі54,24 Kb.
#27187
түріСеминар
Суйналиева Айнур Курмангазиевна

БҚО, Тасқала ауданы, Амангелді ауылы

ЖОББ Амангелді мектеп – балабақшасының химия пәнінің мұғалімі

«Химия сабақтарында жаңа технология әдістерін пайдалану – жетістіктің көзі»

Мектеп – келешек ел басқарар, жер-суына иелік етер, халқының мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды тәрбиелейтін бірегей орта, киелі ұя.

Мектеп қабырғасында оқушылардың тәрбиесі мен білім деңгейін арттырудың қайнар көзі – оқыту әдісін жетілдіру. Тиімді оқыту әдісі оқушыларды алғырлыққа, байқампаздыққа баулып, олардың ойлау қабілетінің жетілуіне, ең маңыздысы – ғылым негізіне құштарлығын арттыруға мүмкіндік туғызады. Оқушылардың білімге құштарлығын дамытып, оны толық игеруін қамтамасыз ету әр пән мұғалімнің көп ізденуін, еңбектенуін талап етеді. Сабақтың қызықты өтуі мұғалімнің білім байлығына байланысты. Оқытудың жаңа әдістерін пайдаланып, оқушылардың білім менқабілеттілігін арттыру мұғалімдер алдында тұрған аса жауапты міндеттердің бірі. Білім беру жүйесіндегі негізгі талап – сабақта білім берудің жаңа технология әдістерін қолдана отырып, халықтық педагогикамен ұштастыру және оқушыларды өздігінен шығармашыл жұмыс істей алатын деңгейге жеткізу. Бұл орайда пән мұғалімдері сабақты өткізудің әдіс-тәсілдерін жаңартып, көрнекі құралдармен, қосымша материалдармен байытып отыруы керек. Бұл әдістер оқушылардың сабаққа ынтасын оятып, ойлау, сөйлеу қабілетін дамытады, «енжар» оқушыны сөйлетуге болатындығына көз жеткізуге болады.

Химия пәні бойынша мынадай сабақтардың түрлерін жүргізуге болады:



  • Дәріс сабақ;

  • Саяхат сабақ;

  • Семинар сабақ;

  • Зерттеу сабағы;

  • Проблемалық сабақ;

  • Практикалық сабақ;

  • Ойын сабақ;

  • Театрланған сабақ (сот т.б.)

  • Сайыс сабақ,

  • Білімді тексеру сабағы т.б.

8-сынып оқушыларына көбіне сабақ барысында ойын элементтерін қолдана отырып, үлкен жетістіктерге жетуге болады. Ойын элементтері – өте күрделі педагогикалық әдіс-тәсілдердің бірі. Сабақ барысында диалог, ой-қозғау, ассоциация, салыстыру кестесі, белгілер әдісі бойынша рөлдік ойындар жүргізуге болады.

«Оттектің химиялық қасиеттері. Жану» тақырыбын ертегі түрінде түсіндірсе, оқушылар сабақты қызыға тыңдайды.Оқушылар оттек элементінің жай және күрделі заттармен әрекеттесетінін ұғынады, жану реакцияларының теңдеулерін құрастыра біледі, үйренеді. Мысалы, Оттек көп қабатты үйдің (периодтық жүйе) 2-қатарында тұрады. Ол басқа көршілермен жақындасса, жана бастайды. Ол бір күні ерігіп отырып «мен күштімін бе, әлде әлсізбін бе?» деп өзін сынамақ болып,төменгі қабаттан бастап, жоғарғы қабатқа дейін көтеріліп, аралап шықпашы болады. Ол бірінші қабаттағы үйдің есігін қағып үйге енеді. Үйдегі элементпен қосылып айдын көлге айналады (сутекпен әрекеттесуі). Оттек суға малынып жүріп қаттытоңады. Жылыну үшін екіншіқабаттағы №6 пәтердің есігін қағады. Оттек пәтердің иесімен қосылып жылынып, жанып, жарық бөледі (көміртекпен әрекеттесіп, көмірқышқыл газ түзіледі). Көміртектің үйінен шығып, сол жақ көршісіне соғып кетпекші болады. Осы пәтерге енгенбойда найзағай ойнап, шатыр-күтір аспан айналып жерге түскендей болады (азотпен әрекеттесіп, азот екі валентті оксиді түзіледі). Қатты шатырлаған дауыстан шошып, ол үшінші қатарға қашады. Алдында №15 пәтердің есігі ашық тұр екен, оттек осында енеді. Бөлме іші көз қаратпайтындай жарық болып, ашық жалынмен жана бастайды, бөлме қабырғалары ақ түтінге толады (фосформен әрекеттесіп, бес валентті оксиді түзеді). Осы кезде №14 пәтердің иесі үйінен шығып келе жатады. Оттек осы үйдің иесімен амандаспақ болып, жақын келеді. Екеуі қосылып топырақ пен сазға айналады (кремниймен әрекеттеседі). Оттек өзінің қасиетіне мақтанып, одан сайын маңғаздана бастайды. Аяғын басса, алдындағылар жанып, онымен қосылыс түзіп,суға топыраққа айналады. Міне осы тақырып оқушыларға қаншалықты қызықты болғанына оңай көз жеткізуге болады. Оқушылардың жаңа тақырып бойынша түсінігін деңгейлік тапсырмалар арқылы немесе сұрақтар қою арқылы тексеруге болады.

8-сыныпта химия пәнінен «Оттек. Табиғатта кездесуі, қасиеттері, алу жолдары, қолданылуы», «Қышқылдар. Құрамы, алу жолдары, қасиеттері, қолданылуы» тақырыптарын сатылай кешенді талдау (СКТ) әдісімен өткізуге болады. Тақырыпты СКТ тірек-сызбанұсқасы бойынша ауызша және жазбаша талдауға болады. (слайд көрсету) Сонымен қатар 9,10 сыныптарда «Металдар мен бейметалдар» тақырыптарын жеке-жеке өткен кезде осы әдістің тиімділігі зор және де бір металды екінші металдан айырмашылықтары мен ұқсастықтарын салыстырмалы түрде Венн диаграммасын қолданып жұмыстануға болады. Сатылай кешенді технологияның тиімділігі мынада:


  • Материалды сатылай талдау арқылы сапалы білім беріледі;

  • Оқушылардың білім-біліктілігін арттырып, логикалық ойлауын дамытады;

  • Оқушының танымдық қызметін арттырады;

  • Табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттерін ашады.

Сол сияқты жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін 9-11 сыныптарда да пайдаланып, жақсы нәтижелерге жетуге болады. Жоғарғы сыныптар үшін СКТ, бес жолды өлең, ассоциация, денгейлік тапсырмалар,топпен жұмыс, Венн диаграммасы әдістерін қолдана отырып өткізу өте тиімді. Бұл әдістер оқушыны сөйлеуге, жоғары деңгейде ойлауға, пікір айтуға, оны қорғауға, өз деңгейін білуге бағалауға үйретеді. Қорытынды-қайталау сабақтарына топ бойынша жұмыс кезінде оқушылар белсенділігін арттырып, олардың ұжымдасып, ақылдасып, біріне-бірі көмектесуіне ықпал етеді.

Оқушы білімін тексеруде немесе тарауларды аяқтаған кезде көбіне «Деңгейлеп, саралап оқыту» технологиясын басшылыққа алуға болады. Мысалы, «Бейметалдар. Олардың табиғи қосылыстары. Бейметалдардың маңызы» тарауы бойынша үлгі:



1-деңгей

1.І топтағы бейметалды ата.

2.Фосфордың химиялық таңбасы, реттік нөмірі, атомдық массасы қандай?

3. «Азот» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?
2-деңгей

1.Күкірттің аллотропиялық түр өзгерістерін ата және сипаттама бер.

2.Фосфор қосылыстарының маңызы қандай?

3.Көмір қышқылының тұздары қалай аталады? (мысал келтір)
3-деңгей

1.Күкірт тотықтырғышжәне тотықсыздандырғыш қызметін атқаратын реакция теңдеулерін жаз.

2.Азот қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді? Қосылыстарына мысал келтір.

3.Фосфор (V) оксидінің химиялық қасиеттерін сипатта.

Сонымен қатар қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет – оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастырумен бірге, өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыс істей білуіне назар аудару. Бүгінгі таңда бас ақпараттық технологияның жаңа мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдары өте көп. Соның бірі – интерактивті тақтаны сабақ барысында пайдалану. Сабақта технологиялық құралдарды пайдаланғанда уақыт үнемделіп, сабақтың сапасы көтеріліп, оқушының сабаққа қызығушылығы артады.



Оқыту технологияларын пайдалану кезінде есте сақтайтын негізгі педагогикалық ұстанымдар: еркін таңдау; ашықтық; іс – әрекет; кері байланыстың болуы, мінсіз (іс-әрекеттің пайдалы коэффициентінің жоғары болуы). Сонымен қатар мынандай дидактикалық ұстанымдар көзделеді: оқыту материалына қызығу таныту, онда: сабаққа қызықтыру; бір нәрсемен таңқалдыру; жұмбақтың шешуін үйге беру; сабаққа қиял ғажайып жағдайларды қосу, қатені табуға баулу; теорияны өмірмен байланыстыру, конференция өткізу және өткен материалды қайталау кезінде оқушы білімін өзіне тірек ретінде пайдалануға баулу, бақылау жұмысын құрастыра отырып білімін тексеруге үйрету, қайталаған кезде білімді толықтыру, оқушының өзінің мысалдарын пайдалану, үй тапсырмасын сынып болып талдау. Үй тапсырмаларының түрлері мен деңгейлерін анықтаған кезде: міндетті, жаттықтырушы, шығармашыл және «ерекше» тапсырманың болғаны дұрыс. Осы жағдайлардың барлығы жан-жақты білімді ұрпақты тәрбиелеуге жетелейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет