Уақытша білім беру жағдайындағы сапалы білім беру: тәсілдері мен қиындықтары



бет1/2
Дата24.09.2023
өлшемі93,9 Kb.
#182213
  1   2
Байланысты:
Баяндама 1 Игисенова Б.Р. Қонаев қ. (1)
Австралия, эссе 9 сынып, Тест тапсырмасы 3 вариант, 19.11.21. Қапшағай

Уақытша білім беру жағдайындағы сапалы білім беру: тәсілдері мен қиындықтары
Игисенова Б.Р.
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қонаев қ. «Балдәурен» РОСО
Бүгінгі қоғамда білімді және бә­се­кеге қабілетті қазақстандық ұлт­ты қалыптастыруға ерекше мән беріліп жатқандығы белгілі Өйткені білім­ді және бүгінгі заман талабына толық жауап беретін кәсіби білікті ұрпақ қана Қазақстанды әлем­нің неғұрлым дамыған 30 елі­нің қатарына тезірек кіруін қам­тамасыз ете алады. Білім берудің барлық саты­сында ең алдымен сапалы білім алудың маңызды. Жоғары сапалы білім беру бағытында атқарылып жатқан іргелі істеріміз де баршылық. Бүгінгі ашықтық алаңда бәріміз тың жаңалықтар мен өзгерістерді оқып, өзімізді- өзіміз кәсіби дайындаудың тым маңызды екенін де жан жүрегімізбен сезінгендейміз.
Бүгінгі тамыз кеңесінде қоғамдық-гуманитарлық пәндер секциясында «ҚГЦ пәндерінде білім сапасын арттырудың мәселелері мен перспективалары, сабақтардың тәрбиелік әлеуеті» атты тақырыпты қозғауы осы пәндерді оқытуда үлкен мән бар екендігін тағы аша түсері сөзсіз.Техника мен цифрдың құдіретіне еліктеген, заманның легі техниктерді қолдайтынын байқаған оқушыға осы бағыттағы пәндерді оқыту, оның мәнін түсіндіру қиынның қиыны екенін пән мұғалімдері жақсы біледі деген ойдамын. Егер байыптап қарасақ, барлық технология жаңалықтары біздің сабақтардан бастау алатындығы белгілі. Барлық ғылыми жаңалық ойланудан, зерттеуден, пайымдаудан бастау алатынын ескерсек, осы бір әрекеттердің негізі сөйлеу екендігін көреміз. ҚГ пәндер – мектеп қабырғасында жүрген баланың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыған үстіне дамытады және ойды сыртқа айшықтауда ерекше роль атқарады. Оқушыны адамды тануға, ел тануға, қоғамды тануға, әлемді тануға жетелеп, сонымен қатар, ол адамзаттылық қасиеттер мен ұлттық болмысты бойына сіңіруге зор әсерін тигізеді. Ерекше пән деп қарастыруымыздағы бастыттеуден, негіз – ол барлық пәндердің яғни, химия, биология, физика,география, тарих, математика,информатика т.б діңгегі. Себебі, аталмыш пәндердің барлығы ойлау, сөйлеу арқылы іске асып жататыны белгілі. Сондықтан, гуманитарлық пәндерді оқытудың сапасын арттыру, оның әлеуетін көтеру – пән мұғалімдерінің негізгі міндеті, оқушы алдындағы беделі мен абыройы.
Оқыту сапасын арттыру деген не? Ол үшін не істеу керек? Жалпы алғанда, білім беру сапасын арттыру – бір тұтас жүйе.
Біріншіден, осы жүйенің әрбір кезеңінде арнайы мақсаты бар нақты істер атқарылуы тиіс; дегенменде уақытша сынып жағдайында нақты бір қызметтің нәтижесін көре алмай қалатынымызды ескеруіміз керек.
Екіншіден, алға қойған мақсат пен міндеттерді орындауда кездесетін қиындықтардың алдын-алу үшін арнайы курстардан уақытымен өтіп, мұғалім өзін-өзі дамытып отыруы керек. Бір өкініштісі, бізідің мекемеде арнайы курстардан өту мүмкіндігі шектеулі.
Үшіншіден, педагог мамандардың кәсіби шеберлігін ұштау мақсатында мектеп ұжымында мұғалімнің әрқайсысына дербестік беріліп, жеке бастамаларының дамуына жағдай жасалғаны жөн;
Төртіншіден, сыртқы бақылау (мектеп әкімшілігі, аудандық, облыстық, республикалық әкімшілік тарапынан) және ішкі бақылау (мұғалімдердің, оқушылардың өздеріне сын көзбен қарауы, өзін-өзі бағалауы,өзін-өзі бақылауы) үрдісінің жүйелілігін, бірізділігін жүзеге асырған абзал. Орталыққа келген оқушылардан алатын сауалнаманы жетілдіру, нақты картинаны көрсететін параметрлермен жұмыс жасау кезек күттірмейтін мәселе деп ойлаймын.
Бесіншіден, сабақтан тыс уақытта өтетін үйірме, айлықтар мен апталықтардың жұмыс жосапрларының сапалы құрылғаны дұрыс; ауысым бойынша өтетін сабақтан тыс уақытта өтетін үйірме, айлықтар мен апталықтардың, іс-шаралар әр ауысымда қайталанбай, қайталанған күннің өзінде материалдары жаңаруын қадағалау- орталық жұмысының имиджі деп білемін.
Алтыншыдан, ғылыми-әдістемелік тәжірибе алмастыру, озық іс-тәжірибенің таратылуы керек. Орталықтардағы білім кешендері мұғалімдері арасында озық тәжірибені тарату, мықты мамандарды жарнамалау, өзара бәсекелестік тудыру- сапалы қызметке әкелері сөзсіз.
Осындай бағытта жұмыс жасағанда ғана білім беру сапасын арттыруға болады. Неге десеңіз, білім беру сапасының артуы - мұғалімнің және педагогикалық ұжымның идеяларының, оның жұмыс тәсілі мен әдісінің сапалы нәтиже беретін тиімді тәжірибе іспеттес оқу-тәрбие үрдісінде өтетін шығармашылық жұмысының жемісі. Дегенменде уақытша құрылған сыныптарда сабақ берудің өзіндік қиындықтары бар екендігін де белгілі.
Уақытша сынып жағдайындағы сабақ – бір пәнді белгіленген уақыт аралығында немесе тұрақты емес сыныпқа оқытуға арналған оқу сағаты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет