Супрамолекулалық құрылымдар – бұл,молекулалары мен олардың ансамбльдері арасында әлсіз химиялық (ван-дер-ваальс, сутектік, т с. с.) байланыс түзілетін коваленттік емес синтез



Дата21.10.2022
өлшемі0,89 Mb.
#154404
түріПрезентация
Байланысты:
Мейрбекова Раушан 3к5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ ПРЕЗЕНТАЦИЯ Тақырыбы:Нанокеуекті материалдар. Орындаған:Мейрбекова Р. Қабылдаған:Байман Г. Тобы:ЕП-20-3к5

Жоспары: Кіріспе. Негізгі бөлім. 1.Нанокеуекті материал 2.Наноқұрылым Қорытынды. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе. Нанокеуекті материалдардың кеуектерінің өлшемдері, әдетте, 100 нм-ден кіші болады. Бұл цеолиттік және цеолит тәрізді, және де каналдары мен қуыстары кеңістікте қайталанатын, газдарды диффузиялық бөлуге және функционалдық арналымы бар нанобөлшектерді орналастыруға және стабилизациялауға (катализге арналған төсеніштер, эмиттерлер, датчиктер) арналған көміртекті және полимерлік наноқұрылымдар.

Негізгі бөлім.


Нанокеуекті материалдарды алудың технологиялық амалдары көп түрлі:
гидротермалды синтез,
золь-гель-процестері,
электрохимиялық әдістер,
карбидті материалдарды хлормен өңдеу және т.б.
Түрлі ұялы структуралар стандартты литография (болашақ тордың суретін түсіру), сілтілік травление, анодтық еріту, тотығу-қайта қалпына келу және т.б. әдістерінің түрлі комбинациясымен алынады.
Полимерлер, диэлектриктер мен жартылай өткізгіштерді жоғары энергиялы иондармен өңдегенде нанофильтрлер, наношаблондар және т.б. алуға қолданатын наноөлшемді иондық тректер пайда болады. Супрамолекулалық құрылымдар – бұл,молекулалары мен олардың ансамбльдері арасында әлсіз химиялық (ван-дер-ваальс, сутектік, т.с.с.) байланыс түзілетін коваленттік емес синтез арқылы алынатын наноқұрылымдар.

Наноматериалды құрылымдардың зерттелуі. Нанотехнологияның мүмкіндіктері.Наноғылым – тіршіліктің негізгі фундаменталды процесстерін атом, молекула деңгейінде зерттейді. Нанотехнология – осы білімнің негізінде адамзатқа қажетті жаңа, ерекше қасиеттері бар материалдарды, түрлі құралдарды, агрегат, машиналарды алуға көмектеседі. Нанотехнология - бұл көзге көрінбейтін аса ұсақ бөлшектерді ретке келтіре отырып, соның ерекшеліктерін алдын-ала белгілеп беру арқылы әлдебір құрылымды құрастыруға қажетті жекелеген атомдарды ыңғайластыра орналастыру. Нанотехнология (грек. nanos – ергежейлі және технология) – кеңістіктің нанометрлік аймағындағы жеке атомдарға, молекулаларға, молекулалық жүйелерге әсер ету арқылы жаңа физика-химиялық қасиеттері бар молекулалар, наноқұрылымдар, наноқұрылғылар мен материалдар алу мүмкіндіктерін зерттейтін қолданбалы ғылым. Нанометр дегеніміз бір метрдің миллиардтан бір бөлігі (1 нанометр=10-9 метр). 

Наноқұрылымды материалдарды алудың кең масштабтағы қымбат емес әдістерін құру – наноғылымның алдында тұрған ең бір күрделі есептердің бірі болып табылады, оның шешімі алынған нәтижелердің технологиялық қолданыстарына қажетті. Мысалы, бірқабатты көміртекті нанотүтікшелер өте көп мөлшерде потенциалды қолданыстарға ие, мысалы датчиктен бастап газ концентрациясы, жылдам компьютерлердегі триггерлерге дейін. Бірақ та бұл идеяларды технологиялық ендіруде көп мөлшердегі нанотүтікшелерді өндіру әдістерін ойлап табу керек. Наноқұрылымды материалдарды алудың кең масштабтағы қымбат емес әдістерін құру – наноғылымның алдында тұрған ең бір күрделі есептердің бірі болып табылады, оның шешімі алынған нәтижелердің технологиялық қолданыстарына қажетті. Мысалы, бірқабатты көміртекті нанотүтікшелер өте көп мөлшерде потенциалды қолданыстарға ие, мысалы датчиктен бастап газ концентрациясы, жылдам компьютерлердегі триггерлерге дейін. Бірақ та бұл идеяларды технологиялық ендіруде көп мөлшердегі нанотүтікшелерді өндіру әдістерін ойлап табу керек.

 «Нанотехнология» терминін қолданысқа алғаш рет 1974 жылы жапон физигі Норио Танигути енгізген [2]. Нанотехнологиямен айналысатын ғалымдардың бүгінде айқындап алған міндеттеріне: біріншіден, атомдарды өз қалауымызша орналастырып, ерекше қасиетке ие материалдар жасау; екіншіден, көлемдері белгілі, белсенді атомдар мен молекулалардан тұратын электрондық сызбанұсқалар өндірісін ұйымдастыру; үшіншіден, көлемі молекулаға тең механизмдер мен роботтар жасау.

Қазіргі кезде, нанотехнологиялық зерттеулермен дүниежүзінде 1600- ден асгам ғылыми-техникалық компаниялар мен фирмалар, зертханалар мен орталықтар айналысса, олардың 28% АҚШ-та, 24% Жапонияда, 10% Ұлыбританияда, 9% Алманияда, 5%, ал Ресей 14% құрайды. Осылардың ішінде қазақстандық ғалымдар еңбектерінің еңбегі аздығы бізді қынжылтады, жігерлендіреді, сонымен қатар үміттендіреді [1]. Нанотехнология деген сөзді өзіміздің қазақ тілінде түсіндіретін болсақ, «кішкентай өлшемді технология» дегенді білдіреді. Бұл жерде «нано» сөзі миллиардтың бір бөлшегі деген ұғымды білдіріп, басқа физикалық қасиеттерге ие болады. Міне осы заңдылық арқылы, яғни материяның бір күйден екіншісіне өту кезіндегі өзгерістер арқылы өмірге, бұрын ешкімге белгісіз басқа жаңа технология еніп жатыр. Қазіргі заманауи «сандық» технологиямен үйлесімді жұмыс істейтін электронды құрылғылар - осы нанотехнологияның жемістері десек қателеспейміз.

Қорытынды. Нанотехнологиялар мен наноматериалдар әлемдегі барлық дамыған мемлекеттерде адамзат қызметінің маңызды салаларында, атап айтқанда: өнеркәсіп, ақпарат саласы, радиоэлектроника, энергетика, көлік тасымалы, биотехнология, медицинада қолданылуда. Олай болса, біздің ойымызша, нанотехнология ілімінің саласын дамыту арқылы генетика, медицина, машина жасау, электроника, өндіріске арналған жаңа материалдар алу, техника мен өндірістің барлық түрлерін жаңа сапа деңгейіне көтеру мәселелерін толығымен шешуге болады.

Пайдаланылған әдебиеттер. 1."Қазақ Энциклопедиясы", 9 том


2 Нанотехнологии - основа инноваций XXI века // Наука и высшая школа Казахстана. 2006. 7. - С. 4-5.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет