ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ИГЕРУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ЖІКТЕП КӨРСЕТУ
Адамзат қоғамы дамуында айрықша оқиғаларға толы болған ХХ ғасыр шиеленіскен, шешімі кезек күттірмейтін ғаламдық проблемаларымен де әйгілі болды. Олардың пайда болуына және одан әрі шиеленісуіне көптеген факторлар әсер етеді:
1) адамның шаруашылық әрекетінің табиғи ортаға кері ықпал етуі арқылы экологиялық жағдайдың нашарлануы;
2) дамыған елдер мен дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлері арасындағы алшақтықтың ұлғаю;
3) табиғи ресурстардың пайдаланудың күрт артуы.
Ең алдымен, табиғат адам үшін ресурс көзі болып табылады. Сонымен, табиғи ресурстар деген не?
Табиғи ресурстар – адам қоршаған ортадан алатын өмір сүруіне және күнделікті қажеттіліктері мен шаруашылығына қолданылатын табиғи элементтер:
Адамзат даму тарихы бұл, ең алдымен, алуан түрлі ресурстарды пайдалану тарихы. Табиғат қоғам дамуының барлық кезеңдерінде адамның мекен ортасы болуымен қатар оны тіршілігі мен шаруашылық әрекетіне қажетті ресурстармен қамтамасыз ететін шикізат көзі болып келеді. Адамзаттың шикізатты пайдалану ауқымы мен деңгейі қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерімен анықталды, яғни шикізат түрлеріне сұраныс Жер шарында халық санының өсуімен, өндірістің қарқынды дамуымен байланысты жылдан жылға арта түсуде. Мысалы, ХХ ғасыр ішінде жер қойнауынан адамзаттың бүкіл тарихында өндіргенінен әлдеқайда көп пайдалы қазбалар алынған. Тек соңғы жүз жылдың өзінде ғана қазба отын түрлерін тұтыну мөлшері 30 есеге жуық артқан. Қазіргі кезде адамзаттың жыл өткен сайын артып келе жатқан сұранысын өтеу үшін бұрынғыға қарағанда әлдеқайда көп шикізат қажет болуда. Мұның өзі шикізат пен энергетика проблемасын ауқымы жағынан ғаламдық проблемалар қатарына жатқызуға себепші болуда. Қазіргі кезде аса маңызды энергетикалық және минералды шикізат түрлерінің қоры шектеулі екендігі белгілі болып отыр. Пайдалы қазбаларды арттыру әдетте экологияық мәселелерді шиеленістіріп жібереді. Жер қойнауынан алынатын шикізаттың тек 10% -ы ғана дайын өнімге айналады, ал қалған90%-ы биосфераны ластайтын және табиғи ландшафты бұзатын қалдықтар. Сондықтан табиғи ресурстарды тиімді және кешенді пайдалану экономикалық саясаттағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Табиғи ресурстарды пайдаланумен байланысты мынандай мәселелерді атап өтуге болады:
Пайдалы қазбаларға бай аудандардың шаруашылығын игерудегі қиындықтар.
Көлік шығынына әкелетін өндіру және өғдеу салаларын орналастырудағы үйлесімсіздік.
Өндіретін шикізаттың және тау-кен геологиялық және тау-кен техникалық жағдайларының нашарлануы.
Қайта өңдеу және іске қосу кезінде минералды және орманды ресурстарды жоғалту.
Табылған шикізатты кешенді түрде қолданбау.
Кен орындарында қолданылатын ескі өндіру әдістері және техникалар.
Пайдалы қазба өндірісінің және меншікті капитал жұмсалымының өндірілетін шикізаттың бірлің уақытына шаққандағы өзіндік құнының өсуі.
Табиғи ресурстарды игеру аймақтарындағы экологиялық тепе-теңдік бұзылуы.
Адам өз дамуындағы барлық кезеңдерінде қоршаған ортамен тығыз байланыста болды. Бірақ, жоғары индустриалды қоғам пайда болғаннан кейін, адамның табиғатқа деген теріс әсері күшейе түсті. Бұл жоғарыда айтып кеткендей қазір ғаламдық проблемалардың бірі болып табылады. Табиғи ресурстармен қамтамыз етілуі және оларды тиімді және ұтымды пайдалану – бүкіл әлем бойынша басты мәселенің бірі болып табылады. Табиғи ресурстарды игерумен қоса, олардың қоры таусылмастан бұрын ғалымдар шикізат, отын және энергияның басқа көздерін табуға ұмтылу қажет.
Сонымен, шикізат қорының шектеулілігіне, неғұрлым арзан пайдалы қазбалардың болашақта сарқылатындығына байланысты шикізат пен энергияны үнемдеу, ресурс сақтаушы технологияларды кеңінен пайдалану қажеттілігі туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |