Тақырыбы
|
1-сабақ: Оқытудағы кедергілерді анықтау. Жас ерекшеліктері проблемаларын жеңу мақсатындағы педагогикалық тәсілдерді таңдау және нақтылау
2-сабақ: Оқушылардың қабілеттері және оқуға жағымды көзқарастары
|
Мақсаты
|
Оқытудағы кедергілерді анықтай білуге үйрету және жас ерекшеліктері проблемаларын жеңу мақсатындағы педагогикалық тәсілдерді таңдауға, нақтылауға бағыт беру
|
Оқу нәтижесі
|
Мұғалімдер өздерінің тәжірибесі негізінде кедергілерді азайтудың әдістерін әзірлейді.
|
Түйінді идея
|
Сынып жағдайында оқытудағы кедергілерді білу. Оқушыларды оқытудың тиімділігін қалыптастыруға ықпал ететін факторлар. Оқушылардың оң көзқарастары мен оң күйі оқу үдерісінің сапасына белгілі бір жағдайда әсер етеді.
|
Сабақтың барысы
|
Тренердің іс- әрекеті
|
Мұғалім іс- әрекеті
|
10 минут
|
«Сандар» тренингі арқылы ширату жаттығуларын орындату. 1-2-ге саналу арқылы 2 топқа бөлінеді
|
Қатысушылар сандар бойынша нұсқаушы берген бұйрығы бойынша қозғалыстар орындау қажет
|
5 минут
Миға шабуыл
|
«Мақсатқа ұмтылған торай» видиоролигін көрсетіп ашық сұрақ қою арқылы тақырыпқа әкелу
|
Мұғалімдер сұрақ төңірегінде өз ойларын ортаға салады.
|
Мағынаны тану
Жұппен жұмыс
45 минут
Топпен жумыстану
|
«Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту мен оқу» модулі бойынша ресурстарды ұсынылады.
1-топ: Оқушы жадысын дамыту.(Мәтін оқытып, есте сақтаған сөздерін айтқызу,тақтаға сурет ілу,алып тастап сурет салдырту т.б)
2-топ: Пайымдау қабілетін арттыру.( Заттың ұқсастығы мен айырмасын ажырату,ойды жалғастыру арқылы т.б)
Екі топ бірін-бірі формативті бағалайды (екі жұлдыз, бір ұсыныс; бағдаршам)
Жұптар салыстыру жұмысын жүзеге асырады
Жұптар 4-4-тен бірігіп топ құрайды.
Таныстырылыммен таныстыру
Оқушыларға оқудағы кедергілерді жеңуге қалай көмектесу керектігі мәселелері бойынша мұғалімдерге кеңес беру
|
Әр топ берілген ресурсты оқып шығып, сабақ барысында қолданылатын «Әдіс-тәсілдер» жинағынан оқушының жас ерекшелігіне сай сабақтың 3 кезеңінде қолдануға болатын немесе өз тәжірибесінде қолданып жүрген үш тәсілді ұсынады.
Топтар бір-бірін бағалайды
|
Кері байланыс
10минут
|
« Бір сөйлем» әдісі
|
Қатысушылар өздері бүгінгі сабақтан әсерін стикерге жазып тақтаға іледі.
|
10 минут
|
«Жылан» тренингін өткізу.
Мақсаты: кедергілерді жеңе білу керек, алға ұмтылу қажет
|
Қатысушылар қатар-қатар турады, бас жағы соңғы жақтағы қатысушыны ұстап алу керек
жеткізу керек.
|
10 минут
Миға шабуыл
|
Таныстырылым: Тәжірибені өзгерту
Өзгеріс не үшін қажет?
|
Мұғалімдер өз ойларын салады
|
Мағынаны тану
35 минут
Топпен жұмыстану
|
Двектің зерттеуі ресурсы ұсынылады
Оқушылар өздері туралы не ойлайды
Ақыл-ой қабілеттері шектеулі деп ойлайтын оқушыларға қалай көмектесуге болады?
К.Двек сауалнамасын орындау
|
Берілген мәтінмен таныса отырып топта талқылайды, жалпы талдау жүргізіледі
Сұрақтарға жауап береді
Сауалнама толтырады, жалпы талқылау жүргізіледі
|
Кері байланыс
10минут
|
«Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы»
|
«Оқушылардың қабілеттері» тақырыбына бес жолды өлең құрастырады.
|
Рефлексия
10минут
|
« Мен үшін бүгін ... құнды болды, себебі» әдісі
|