Тақырыбы : Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың сипаттамасы және олардың зардаптары



бет1/2
Дата18.12.2022
өлшемі71,63 Kb.
#163148
  1   2
Байланысты:
реферат (копия)


М.Х.Дулати Тараз өңірлік университеті


СӨЖ



Тақырыбы : Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың сипаттамасы және олардың зардаптары


Орындаған : Қуаныш А.Ғ.
Тобы : М-20-3

Тараз 2022-2023 жж.


Жоспар:
1.1 Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар.
1.2. Табиғи апаттардың сипаттамасы және олардың түрлері.
1.3. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай болғанда адамдардың іс-әрекеті.
Жиырмасыншы ғасырдың аяғында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың дамуы байқалды. Жанар таулардың әрекеттері өсті, әсіресе жер сілкіністер тым көбейді, ал топан су басу және қатты дауылдар мен ірі тайфундар әдетке айналған сияқты. Бұл тенденция ескерусіз қалмады, бірақ қауіп мүмкіншілігі биік болған аймақтарда бәрібір көп қабатты үй құрылыстарын, зияны зор өндіріс кәсіпорындарын салу әліде жалғасуда. Осы факторлар қауіпті аймақтарда адамдардың шоғырлануына септігін тигізіп, тұрғындардың өміріне қатер төндіруде, стихиялық апаттардың көптеген катастрофалық зардаптарын туғызуда.
— Қауіпті табиғи құбылыстарды себебіне және сипатына қарай жалпы былай жіктеуге болады:
— геологиялық (геофизикалық) құбылыстар — жер сілкіністер, жанартаулар атқылауы, жер және қар көшкіндері, селдер;
— метеорологиялық (ауа-райына тән) құбылыстар-дауылдар, борандар, құйындар;
— гидрологиялық құбылыстар-топан су басуы, цунами, өзендердегі мұздың кептелуі, сеңнің тоқтауы, өкпек желдің әсерінен су деңгейінің көтерілуі;
— табиғи өрттер — орман, дала, шым тезек өрттері;
— жаппай көпшілік аурулары (жұқпалы аурулардың кең тарап жайылуы) — эпидемиялар (індет), эпизоотиялар, эпифитотиялар.
Жер сілкінісі.
Жер сілкінісі кенеттен пайды болады. Жер сілкінісі – бұл жер қыртысында немесе мантияның үстінгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы.
Су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде, теңіз түбінің қозғалысы нәтижесінде теңіздің толқындарынан цунами пайда болады.
Қазақстанда Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары сейсмикалық қауіпті аймақтарда орналасқан.
Қалаларда ғимараттар, өнеркәсіп орындары, жасанды және су қоймалары, жарылғыш және улы материалдар қоймалары орналасқан. Жер сілкінісі кезінде бұзылуы экологиялық өзгеріске алып келуі мүмкін.
Жер сілкінісіне қалай дайындалу керек:
Жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарды алдын-ала ойластыру қажет. 1) 15-20 секундтан аспайтын уақытта жүріп өтетін жолды белгілеп қою; 2) Үйде, жұмыста, жұмыс орнына жақын жерлерде қауіпсіз орынды алдын-ала анықтау; бұлар ішкі негізгі қабырғалардың арлығы, қабырғалардың аралығы, қабырғалар арасындағы бұрыштар.
Жер сілкінісі кезінде ең қауіпті болатын жерлер: бұрыштағы бөлмелер, әсіресе соңғы қабаттағы бөлмелер, лифтінің маңындағы бөлмелер. Құлап келе жатқан заттардан, сынықтардан берік стол және кереуеттердің астына тығылуға болады.
Жер сілкінісі кезінде:
Егер бір қатарлы үйде немесе 1,2-ші қабатта болсаңыз үрей туғызбай 15-20 сек. ішінде ғимараттан шапшаң шығу керек.
Неғұрлым ашық, қашық жерге жету.
2-ші қабаттан жоғары тұратын болсаңыз үйдің ішінен қауіпсіздеу жерге басыңызды қолыңызбен жауып орналасасыз.

  • сылақтар, жарық беретін шынының құлап түсу қауіпі болатын болса столдың астына жасырыну;

  • терезеден қашық болу;

  • есіктен шығарда өзгелерді басып, таптап кетуден сақтану, лифтіні пайдаланбау;

  • дүмпу тоқтағанда, арқаны қабырғаға бере жүріп басқышпен түсіп, ғимаратты тастап шығу;

  • көршілердегі балалаларға, егде адамдарға көшеге шығуына көмектесу;

  • үзілген сымдардан сақ болу;

  • көлікте рольде болсаңыз, ашық жерге шапшаң тоқтау. Дүмпу аяқталғанша көліктен шықпау.

Жер сілкінісіне дейін аса қажет заттарды алдын ала дайындап қою қажет:

  • Құжаттар;

  • Қажетті дәрі-дәрмектер, запас бинттер;

  • Қалта шам және запас батарейка;

  • Жылы киімдер мен аяқ-киім;

  • Су және қаптамадағы тамақ (2-3 күнге запас);

  • Май шамдар, сіріңке;

  • Сынбайтын ыдыс;

  • Тасымалданатын радиоқабылдағыш;

  • Осының барлығын рюкзакта немесе сөмкеде пәтерге кіре берісте сақтаңыз.

Табиғаттың қаhарлы құбылысы — жер сілкіну — жалпы (көбіне) геофизикалық себептерден болатын жер қыртысындағы, оның астынғы қабаттарындағы дүмпу (соққы, қимыл) және жер бетіндегі діріл, тербеліс. Бұның бәрі былай өрістейтін көрінеді. Жер қайнауында әрдайым күрделі процесстер орын алуда.
Жер қыртысы бір тұтас емес, оны литосфералық плиталар (блоктар) құрайды-континенталдық және мұхиттық; плиталардың (тахталардың) шеттерін сейсмикалық және тектоникалық жағынан алғанда белсенді опырылу (уатылу) аудандар қоршайды. Литосфералық плиталар әрдайым қозғалыста болып жылына 1-6 см жылдамдықпен түрлі бағыттарға жылжиды. Бұндай қозғалыстардың себебі — жер шарының айналу динамикалық эффектілермен үйлескен жер қыртысының астындағы ыстық және қою сұйықтықтың баяу конвекция түріндегі ағыстары шығар деп білеміз. Бір жерде жаңа сұйық зат төменнен жоғары көтеріліп плиталарды жан-жаққа ығыстырса, екіншісінде плиталар бір-бірін шеттерімен жанай өтеді, ал тағы басқасында бір плита екінші плитаның үстіне мінгесіп оны төменге батырып жатады. Тақталардың осындай баяу қимылдары бара-бара кернеулердің пайда болуына, олардың ұлғаюына әкеледі де оларды арттыра түседі. Енді осы кернеулер ақыры жер сілкінісіне айналу үшін бір түрткі болу керек сияқты. Түрткі ретінде келесі физикалық процесстер болуы мүмкін: ай және күн тартысымен болатын су толысуы; күн белсенділігі; жер полюстерінің орнынан жылжуы; жер субядросының қозғалысы бірқалыпты еместігі (элипс бойынша жылжуы); басқа жердегі сілкіністер; адам әрекеттері; аталған процесстердің бір-бірімен үйлесіп келуі.
жарылыс мантияда кернеулер туындатып, жер астын дүмпітетін және бетін дірілдететін жер сілкінудің көзін пайда етеді. Қатты күштердің әсерінен күштену, қозғалыс пайда болады, жер қабаттарының формасы өзгереді, қатпарлары жиырылып, бір-бірінен ажырап, жер түйдектерге айналады. Жарылыс айтарлықтай лезде болатын қатты соққы сипатында, немесе бір қатар дүмпулер түрінде өтеді. Жер қойнауында шоғырланған энергия бәсеңдетіледі.
Ол жер қабатының қалыңдығында серпінді толқындар туындатып, солар арқылы жер бетіне жетеді де, қирату себебі болып, бара-бара сейіледі.
Жер астынан дүмпу пайда болатын алап- жер сілкіну ошағы -ішінде көптен бері жиналған әнергияның ытқып шығу процесі өтетін жердің қалың бір аумағы болып табылады. Ошақтың ортасынан шартты түрде гипоцентр деп аталатын нүкте алынады. Гипоцентрдің жер бетіндегі проекциясы (пішіні) әпицентр деп аталады. Гипоцентрден тұс-тұсқа бойлай және көлденең жайылатын серпінді сейсмикалық толқындар, ал әпицентрден тұс-тұсқа жердің бетімен үстінгі сейсмикалық толқындар таралады. Күшті жер сілкініс кездерінде жер қабаттың (топырақ) тұтастығы бүлінеді, жер сілкініс жер астынан шығатын гуілге ұласады. Жер сілкіну қағида бойынша, пайда болған кезіне дейін, қашықтыққа байланысты әрқилы қарқындағы көптеген дыбыстар шығарады. Эпицентрге жақын жерде қатпарлы шоқы үйіндісінің опырылғанындай қатты дыбыстар естіледі; одан гөрі алыстаңқыраса дыбыстар күннің күркіреуіне немесе жарылыстың гуіліне ұқсап кетеді.
Жер қойнауындағы дүмпулердің нәтижесінде бірнеше секундтың арасында немесе көзді ашып-жұмғанша жер қыртысының бір учаскелері көтерілсе, келесі учаскелері бірнеше сантиметр немесе тіпті, бірнеше метр төмен түседі, ал кейбір учаскелер басқаларына қарағанда горизонталь бағытта да қозғалады. ұйлер мен ғимараттар, көпірлер қирайды, темір жол рельстері иіліп үзіледі. Ағаштар бұтақтарын жерге тигізе теңселеді. Коммунальдық-әнергетикалық желілері істен шығып қалады, адамдар құрбан болады. Газ және әлектр желілерінің бүлінуінен өрт шығады. Тауларда опырылып құлау және көшкіндер, үлкен ойыстар да болуы ықтимал.
Су астында жер сілкінгенде орасан зор толқындар — цунами пайда болады; құрғақта сұрапыл қирату пайда ететін, биіктігі 60 метрден асатын цунами тіркелген. Жер сілкіну адамдарға ырымшыл үрей туғызатын зілзала құбылыс. Жер сілкінудің материактерде де, мұхиттарда да болып тұратынын бақылаулар көрсетеді.
Жер сілкіну ошағының көлемділігі бірнеше километр мен бірнеше жүз километр арасында өзгермелі. Екі негізгі сейсмикалық белдеу белгілі. Жер орта теңізі — азиаттық сейсмикалық белдеу; бұл Португалия, Италия, Грекия, Туркия, Иран, Солтүстік ұндістан және әрі қарай Малайзия архипелагын қамтиды; Тынық мұхиттық сейсмикалық белдеу- Жапония, Қытай, Қиыр Шығыс, Камчатка, Сахалин және Курил аралдарын қамтиды (Жер шарының сілкіністерінің 90% осы белдеуде өтіп жатады). Қазақстан шекарасында Алматы, Қызыл-Орда, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан.
Жер сілкінудің негізгі сипаттары деп ошағының тереңдігін, магнитудасын және жер бетіндегі қарқындылығын айтуға болады.
Жер сілкінудің ошағы әрқилы терендіктерде, көбінесе 20-30 километр тереңдіктегі жер қыртысында пайда болады. Кейбір аудандарда жүздеген километр тереңдіктен шығатын қимылдар байқалады.
Магнитуда жер сілкінісінің жалпы энергиясын сипаттайды. Ол эпицентрден 100 км қашықтықта микрон бірлігімен сейсмограф өлшеген топырақ қимылының максимальды амплитудасынан (топырақ теңселу ауытқу шегінен) алынған логарифм болып табылады. Рихтер бағанасы бойынша магнитуда (М) ноль мен тоғыз сандардың арасында өзгереді. Егер магнитуда бірлікке арттса топырақ ауытқуы он есе ұлғаяды, сондай-ақ жер сілкінудің жалпы энергиясы отыз есе артады.
Жер бетіндегі энергияның қарқындылығы баллмен өлшенеді. Ол ошақтың тереңдігіне, эпицентрден қашықтығына, топырақтың геологиялық құрылысына және басқа да факторларға байланысты болады. Өзінің қарқыны бойынша, яғни жер бетінде білінуіне қарай, халықаралық сейсмикалық М8К-64 бағанасына сәйкес, жер сілкіну 12 градацияға — баллға бөлінеді. АҚШ-да 12 баллдық ММ бағанасы қолданылады. Жер қыртысында пайда болған негізгі сызат (жарық, жарықшақ) тереңдікте тоқтап қалуы немесе жер бетіне шығуы мүмкін; оның ұзындығы бірнеше метрден жүздеген километрге барады (ірі сілкініс). Сілкіну ауданның радиусы орта қарқындылығында 5-15 км, ал күшті болған кезде 50-160 км құрайды. Көлемді сейсмикалық толқындар (алғашқылары, негізгілері) 3-8 км/с жылдамдықпен таралады, екінші кезеңдегілер — 2-5 км/с.
Жер қыртысының қозғалысын сезетін аспаптар, сейсмографтар, оның болмашы сілкінуін өлшеп, жазып отырады. 1-2 баллдық әлсіз жер сілкінуді адам сезбейді, оларды аспаптар ғана тіркейді. Олар планетамызда күнделікті болып тұрады. 4-баллдық жер сілкінісінде заттар (ыдыс, шыны, есік) теңселеді және жеңіл сылдыраған дыбыстар естіледі; 6-баллдық (күшті) сілкінуде қабырғадан картиналар құлап, сылақтардың бөлшектері уатылып ғимараттардың қабырғалары жарылып, үйлер жеңіл бүлінеді; 7- баллдық (өте күшті) сілкінуде тасты үйлердің қабырғаларында жарықтар пайда болады, нашар үйлер қирайды; 8-баллдық (қирататын) сілкінуде мықты салынған ғимараттар ішінара қирайды; 10 баллдық (жойқын) сілкінуде құрылыстар толық бұзылады, темір жол рельстері майысып, жер бетінде жарықтар пайда болады, көшкін, опырылып құлау деген құбылыстар орын алады; 12-баллдық сілкінуде ешқандай құрылыс шыдамайды, жерді үлкен жарықтар бөліп тастайды, көшкіндер мен опырылып құлау саны өте көбейеді, су құламалар (сарқырамалар) пайда болады, өзендер ағысы бағытын өзгертеді. Осылайша, жаппай көпшіліктің зардап шегу ошақтары жер сілкінісі 7-8 баллдан бастап, одан да жоғары болған аймақтарда орын алады.
Жер сілкіну оқиғаларын жыл бойынша планетамызда болатын жиілігі және ұзақтығы бойынша да жіктеуге болады, олар да баллдың өсуіне байланысты. Мысалы, 11-12 баллдық жер сілкінулер жылына 1-2 ғана рет болса, олардың ұзақтығы 30 секунд пен 90 секунд арасында созылады. Бұндай жағдайда сілкініс алатын аумақтар (6 баллдық сілкінуден бастап қосқанда) радиусы 80-160 км-ге жетеді. 7-8 баллдық сілкінулер 10-30 секундта өтіп, жылына 100-150 рет болады. Күшті жер сілкіністері, қарқындылығы 5-6 баллға баратындары, жылына 8000 реттей орын алады, ұзақтығы 5 секунд. Яғни, жер сілкіну — бұл айтарлықтай жиі және қауіпті табиғи құбылыс. 1999 жылы көптеген адам құрбаны мен орасан қиратулар әкелген жер сілкіністер Түркияда, Грекияда және Тайванда өтті. Жалпы, жер шарында жылда 100 мыңға таяу сілкіністер өтіп жатады.
Жер сілкінісі басқа да стихиялық және техногенді апаттарға, ауыртпалықтарға себеп болады, мысалы, топан су басуына (бөгендер мен бөгеттерді бұзу арқылы), өрттерге (мұнай қоймаларын қиратуында, газ құбырларын үзгенде), күшті әсер ететін улы заттарды ашық далаға шығарып жіберетін химиялық кәсіпорындардағы аварияларға, радиобелсенді заттарды қоршаған ортаға шашырататын атом электростанциялардағы апаттарға және тағы басқаларына. Күшті жер сілкіну ядролық зақымдау ошағында болатын салдарын еске түсіреді.
Ғылым және техниканың жетістіктерін пайдалана отырып, жер сілкінісінің болуы мүмкіндігін алдын ала білу мақсатында, бір қатар мемлекеттер осы салада ғылыми зерттеулер және тәжірибе өткізуде. Белгісіздік (көп ұштық) шарттарының көп болуының салдарынан сілкіністі дәл болжау өте сирек кездеседі. Дегенмен, жер сілкіну жаршыларына мыналар жатуы мүмкін: әлсіз сілкіністерінің болуы, жатады. 10-30 км тереңдікте жердің кейбір орындарында әрқилы себептерден балқытылған магма жиналады; ал тектоникалық қимылдардан жер қыртысында жарықша сызаттар пайда болса, сол магма сызаттар арқылы жоғары қарай зор қысыммен атқылап жер бетіне төгіледі. Бұл процесс барысында су булары және әр түрлі газдар бөлініп едәуір қысыммен жолында кездесетін бөгеу нәрселерді айдап ұшыртады. Жердің бетіне шыға магманың бір бөлігі шлак болып, екіншісі лава түрінде ағады. Шлактар, пемза, күлі, тау жыныстары шыққан жердің айналасында қоқырап үйіледі де бара-бара өсетін тауды құрайды. Осындай тауды жанартау деп атаған. Оның түрі көбінесе конусқа келеді.
Құрлықтың беті мен мұхиттардың түбінде осылай пішіні мен құрамы ерекше боп, тау жыныстары пайда болады.
Магманың жоғары көтерілетін өзегі вулканның көмейі деп аталады, көмей кратермен аяқталады. Газдар мен су буы, вулкан тозаңдары, орасан зор күл және атқылап шығатын тастар, магма сол кратер арқылы жер бетіне шығады. Вулканның күлі жарылыс кезінде түзелетін лаваның өте ұсақ бөлшектері болып табылады. Ауада суыған күлдің бір бөлігі таудың айналасына шөгіп, қыстақтарды басып қалады; келесі бөлігін жел жүздеген километр қашықтыққа ұшырып әкетеді. Жерге шөккен вулкан жыныстарын тефра деп атайды. Тефраны қатып калған лаваның сынықтары құрайды. Сынықтардың ірілерін таужанардың бомбалары дейді, майдаларын -таужанар құмы, ал ең ұсақтары күлі деп саналады. Вулкан күлі әдеттегі отын жанғаннан кейін алынатын күлге ұқсамайды. Тефраның жерге түсуі мал, жануарлардың, өсімдіктердің жоюлуына, ал кей кезде адам құрбанына әкеліп соғады.
Вулкан атқылаған кезде жер астынан гуіл естіледі, кейде жер сілкініп, жаңбыр жауады. Егер атқылауға дейін жанартауды қар мен мұзбасып жатқан болса, қызған лава оларды ерітіп жібереді. Күлмен араласқан су өте күшті лай тасқынын туғызып, ол беткейлерді бойлай төмен зор жылдамдықпен ағады. Едәуір тығыздығы бар бұл ағындар кездескен ірі тас кесектерін қозғалтып өзімен бірге тартып түсіреді де қауіптілікті одан әрі жоғарлатады. Құтқару жұмыстары және елді басқа жерге көшіру бұндай кезде ауырлана түседі.
Жанартаудан шыққан газ бен су булары шыжып тұрған бұлттарды түзейді, ол соққы толқын түрінде, жылдамдығы сағатына 40 км-ге, температурасы 1000°С-дейін баратын жылжыған ыстық дуал сықылды келеді. Мұздақтар ерігенде аз уақыт арасында топан суға айналып кетеді. Лава ағынының температурасы да 900-1000°С-қа жетеді, бірақ оның жылдамдығы тау конусының еңісіне байланысты; көбіне олі км/сағ аспайды.
Жанартаудың атқылауы өте улы, адам денсаулығына зиян, аса қауіпті газтектес қоспаларының шығуымен ұштасады — күкірт тотықтары, күкірт сутегі, хлорсутегі және фторсутегі қышқылдары, көміртек газдары – бәрі өте биік концентрацияда таралады. Бұл газдардың бөлінуі ұзақ уақыт, вулкан лава мен күлін шығаруын тоқтатса да, жалғаса беруі мүмкін.
Мексиканың оңтүстігіндегі 1943 жылы жүгері егістігінде басталған вулкан бес күнде биіктігі 160 м конус тәрізді тауды пайда етіп 1952 жылы сөнді; бұл кезде оның биіктігі 2800 м бодды. Ең биік сөнбеген жанартау — Ключи Шоқысы- Камчатка түбегінде орналасқан. Әлденеше рет атқылаудың нәтижесінде 5 мың жыл ішінде оның биіктігі 4750 м-ге жеткен. 1975 жылы сол Камчаткада бірнеше айдың ішінде бірден жаңадан сегіз вулкан пайда болды. Күл бұлты 10-15 км биіктікке көтерілді, атқылаған жерден күл 200-250 км радиусты басты. Кавказ тауларының ең биік шыңы — Әльбрус- сөнген вулкандардың қатарына жатады Бір вулкандардан ұзақ уақыт бойы газ, бу бөлініп шығады, жарылыс болады, тас ұшып жатады, бірақ тұтқыр лава жер бетіне төгілмей, кратердің ішінде қатады. Басқаларында лава сұйық болып, газдар күшті жарылыссыз-ақ, оңай бөлініп шығады. Конусы аласа, беткейлері түйетайлы болып келетіндері де кездеседі. Сұйық лава кең кратердің жиегінен асып, беткейлерді бойлай құйылады да, толқындатып жатады. Мысалы Гавай аралдарындағы Килауза атты вулканның биіктігі 300 м, ал кратердің диаметрі 4-6 км. Оның ішін бұрқылдап қайнаған лава толтырып, лава көлін түзген.
Ғалымдар вулкандар атқылауын зерттеу нәтижесінде литосферада бірнеше ондаған километр тереңдікте орналасқан заттардың құрамы мен қасиеттері жөнінде мағлұматтар (мәліметтер) алады. Жер сілкінетін және жанартаулар атқылайтын аудандар көбіне ұштасып жатады. Мұндай құбылыстар жер қыртысы тұрақсыз аудандарда өтеді. Пайда болу жағдайына қарай жанартауларды төрт түрге жіктеуге болатын сияқты. Бірінші түрдегі вулкандар мұхит тақтасы құрлық тақтаның астына киістіру нәтижесінде пайда болады. Жылу әнергиясының шоғырлануына байланысты тақталар бір-бірінен ажыраған кезде сызаттарда төменнен көтерілген лава жиналады. Бара-бара жиналған лава жер бетіне ұмтылады. Екінші түрдегі вулкандар рифтолық зоналарда туылады. Оның себебі — жер қыртысының жұқалауы, әлсіреуі. Бұл жерде мантия мен жер қыртысының арасы адыраяды. ұшінші-жер қыртысының едәуір омырылған аумақтарда өтеді. Төртінші — мұхит табанындағы кейбір жекелеген жерлерінде «ыстық нүктелер» пайда болады, тау жыныстары балқып базальт лава түрінде бетке шығады.
Әрекетіне байланысты жанартаулар белсенді, ұйқыға кеткен және сөнгендер бөлінеді. Белсенді вулкандардың саны 900-ге жақын болып саналады, бұларға адамзат тарихы басталған заманда атқылағандары жатады. Сөнгендерге осы уақытта атқыламағандары, ал ұйқыға кеткендерге — белсенділіктің белгілерін анда-санда көрсеткен, бірақ атқылауға бармағандары жатады.
Өрт – бұл адамдар мен жануарлардың қаза болуына, материалдық игіліктердің жойылуына әкеп соғатын бақылауға келмейтін жану процесі.
Табиғи өрттер деген ұғымға орман, дала және егістік алқаптарының өрттері, шым тезек және жер асты жанғыш өрттері жатады. Өрт жану қарқындылығы бойынша ормандағы өрттер әлсіз, орташа және күшті болып бөлінеді. Жану сипаты бойынша аласа және биік өрттерге, ұзақтығы жөнінен тез жанатын және үзбей жанатын өрттерге бөлінеді.
Ерекше зиян келтіретін және адам құрбандарына себеп болатын өрттің кең тараған түрлері болып орман және дала өрттері саналады. Бұл өрттер сирек кездесетін құбылыс емес, олар жыл сайын болып тұрады; өкінішке орай, өрттің 90-97 % адамның кінәсынан басталады. Болған 100 өрттің тек 3-7 ғана найзағай ойнағанда түскен жасылдан немесе шым тезектің өздігінен жану себебінен пайда болады. Көктемде негізгі себебі-ауылшаруашылық өрттері; бұл өрттерді ескі және арам шөптерді құрту үшін, топырақты күл әлементтерімен байыту мақсатында немесе орманды тазалағанда, яғни ағаш дайындаған орындарда кесілген қалдықтар мен діңгектерді жою үшін жүргізеді. Саяхатшылар мен жидек, саңырау-құлақ терушілер алауды дұрыс пайдаланбайды, темекінің қалдықтарын тастайды — жалпы, адамдар өрт қауіпсіздік ережелерін жиі бұзып отырады. Орман және дала өрттері — ағаштар мен дақылды өсімдіктердің кең алқапқа стихиялы тарайтын бақылаусыз жануы. Мұндай ландшафтты өрттер жүздеген, мыңдаған және кейде миллиондаған гектар кеңістікті қамтиды.
Дала өрттері ашық алқаптарда құрғақ шөпті және пісіп жетілген астықты жерлдерді шарпиды. Олар мерзімдік сипатта, яғни жаздыкүндерінде өтеді. Дала өрті қаншама зиян келтіретінін айтпасада түсінікті. өрттің таралу жылдамдығы 20-30 км/сағ-дей болады.
Ормандағы өрттер ағаштар мен бұталарды, орманда даярлаған өнімдерді, құрылыстар мен ғимараттарды құртады. өрттен әлсіреген ағаштар зиянды індеттердің ошағына айналады, сөйтіп, өтқа күйген ағаштар ғана емес, оларға іргелес тұрған ағаштардың да құрып кетуіне себепкер болады. өрттің салдарынан орманның қорғаныш болуы, судан сақтайтын және басқа пайдалы қасиеттері кемиді, құнды хайуанаттар құриды, орман шаруашылығын және орман қорын пайдалануды басқару жоспары бұзылады.
Орманның қай бөлігіне от жайылғанына қарай өрттер төменгі, жер асты, жоғары, ал от шарпуының жылдамдығы мен жалынының биіктігіне қарай — әлсіз, орташа және күшті өрт болып бөлінеді. Басқаларынан гөрі төменгі өрттер жиі кездеседі. Бұл жағдайда өрт тек топырақтың бет жағындағы жамылғысына тиіп, ағаштардың төменгі сабақтары мен топырақтан шығып жатқан тамырларын шарпиды. Жер бауырлап жанған әрттер лапылдақ және маздақ болып бөлінеді. Қозғалыс жылдамдығы қарқындылығына қарай 1 м/мин ден 16 м/мин дейін (шамада 1 км/сағ), алаудың биіктігі 1-2 метрдей болады, өрттің жиегіндегі температура 900ºС-ға жетеді.
Жоғарғы орман өрттері төмендегіден пайда болады және ағаштар төбесінің жануымен сипатталады. Жүгіртпе жоғарғы өрттерде жалын 8-25 км/сағ жылдамдықпен бір ағаштан екінші ағаш төбесіне, кейде өрт тимеген бүтін учаскелер тастап жылжиды. Тұрақты жоғарғы өрттерде от тек ағаш төбелерін ғана емес, ағашты діңгегіне дейін қамтиды. Жалын 5-8 км/сағ жылдамдықпен топырақ жамылғысынан ағаш төбелеріне дейін бүкіл орманға тарап жаппай қаулайды. өрттің досы жел, желге өрттің таралу жылдамдығы мен қарқындылығы байланысты.
Жер асты өртенуінің бірден біріне шым тезек өрті жатады. Шым тезек (торф) — ылғалы көп, ауа жеткілікті болмағандықтан батпақтағы өсімдіктің құрып бітуінің салдарынан пайда болатын геологиялық жас қабат. Шым тезек кенінің орташа қалыңдығы 2 метрге шамалас. Алайда, қабатының қалыңдығы 8-13 метр шым тезекті саз кездесіп отырады.
Температураның, төңіректің ылғалдығының, шым тезекке айналатын өсімдіктердің биологиялық құрылысының және басқа да бірқатар себептердің әсерімен шым тезек бірте-бірте шіри береді. Оның шіру дәрежесі неғүрлым жоғары болған сайын тұтанғыштығы да арта береді. Шым тезек орындарындағы жанудың жалпы санының 60%-ке жақыны өздігінен тұтануынан болғаны тіркелген. Қалған жағдайда өндіруге арналған машиналардан ұшқын түсуі, найзағай ойнауы және басқа себептер болады екен. Шым тезек әдетте түгел жанбайтын болғандықтан едәуір территорияны түтін басып кетеді. Ауасыз жанғандықтан жану процессі өте баяу, 0,1-0,5 м/мин жылдамдықпен жүреді, кей жерлерде білінбейді да және жанып біткен қуыстар да пайда болады. Сондықтан жер асты өрттің ошағына топырақты үнемі қадамен сынап, сырықпен байқау арқылы үлкен сақтықпен жақындау керек. Жану өте ұзақ уақыт, керек болса қыстың күні қар қабатының астында да жалғаса беруі мүмкін.
Шым тезектің өртенуі мынадай зиян келтіреді: біріншіден, оның өзі отын ретінде пайдаланылады, яғни ол қажет материал; екіншіден, желдің бағытымен ұшып баратын жанған шым тезектің бөліктері едәуір қашықтыққа жетіп орманда жаңа өрт ошақтарын пайда етеді, үшіншіден, айналадағы температура көтеріледі, іргелес ауданды қалың түтін қаптауымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, шым тезек өртін сөндіру күрделі жұмысқа айналады, ол арнайы құралдарды қажет етеді.
Өрт туындайтын негізгі объектілер негізінен тұрғын үй секторы болып отыр, бұл барлық өрттердің 75,2 %-ын құрайды, 13,6 %-ы көлік құралдарына тиесілі, 2,4 %-ды сауда объектілері, 2,8 %-ды өндірістік сипаттағы ғимараттар мен құрылыстар, 1,8%-ды әкімшілік-қоғамдық ғимараттар құрайды.
Өрттің пайда болу себептері: отты ұқыпсыз пайдаланудан, өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаудан болады. Өрттің 90%-ы адам кінәсінен, 78%-ықұрғақ ағашқа найзағай түсуден, 2-3%-ы өзге себептерден болады. Әр түрлі электр сымдарының тұйықталуы, газ плитасын дұрыс пайдаланбау, электр приборын қараусыз қалдыру, электр жүйесіне көп күш түсу, тоқыма, ағаш өңдейтін, ұн тартатын өнеркәсіптер мен кәсіпорындардағы шаң-тозаңдар.
Өкінішке орай өрттің көпшілігі адамның ұқыпсыздығынан және жауапсыздығының нәтижесі.
Өрт кезіндегі іс-қимыл.
Өрт пайда болғанда ұстамдылық сақтау және дұрыс шешім қабылдау қажет. Сасқалақтауға болмайды, айналадағылардың үрейге жол бермеуі тиіс.
Өрт сөндіретін құралдар болғанда өрт кезінде қолдану қажет.
Өртпен күресте және зақымданғандарды құтқару кезінде қауіпті нәрсе ауаның қатты ысыу, тұншықтыратын түтін, оттегі қоспасының жинақталуы, ғимараттар мен құрылыстың құлау мүмкіндігі болатын болатын есте ұстаған жөн.
Есте ұста: егер 10 метрге дейінгі заттар көруге мүмкін болмаса, онда түтіннің жинақталуы өте қауіпті.
Өртті сөндіруде бәрінен бұрын жалынның таралуын тоқтату керек. Бұл жағдайда суды жалынға емес, жанған заттың жоғары жағына қарай бағыттау керек.
Егер үйде шағын өрт шықса, оған су құйыңыз, немесе ауыр, ылғал матамен жабыңыз.
Жанған киімді жапқышпен жауып, оны шешіп тастап және сумен сөндіруге болады. Жерге домалау арқылы да жалынды сөндіруге болады.
Жанар–жағар майды көбік тудыратын құрамалармен, топырақпен, құммен көму арқылы сөндірген жөн.
Егер электр сымның сырты жанса, бәрінен бұрын оны ағыту керек.
Егер телевизор жанса, онда оны жүйеден бірден ажырату керек. Сосын су құйып сөндіру қажет. Егер киноскоп жарылса, улы түтін өте қауіпті, дем алмауға тырысыңыз, балалар болса өзге жерге шығару қажет.
Өрт сөндіруге мынадай іс–қимыл талап етіледі (егер пәтерде болса):

  • 101–ге телефон шалу;

  • Балалар мен қарттарды шығару;

  • Содан соң барып өртті өз күшімен сөндіру.

Егер жанып жатқан бөлмеге адамдарды құтқару үшін кіретін болсаңыз сырт киіммен немесе басыңызға тығыз материалмен, ылғал одеяламен жауып алыңыз.
Улы газдан сақтану үшін ылғалданған мата арқылы демалыңыз. Күшті түтіндеген бөлмеде еңкейіп не жорғалап жүріңіз. Өрт кезінде лифтіні пайдаланбаңыз.
Сел – тау өзендерінің саласында кенеттен пайда болған су деңгейінің тез көтерілуі, құрамында қираған тау жыныстарының көп болуымен сипатталатын уақытша ағыс.
Селдер ұзаққа созылған нөсерден, қарлар мен мұздақтардың шапшаң еруінен, тұрып қалған мұзды көлдердің жарып кетуінен, жер сілкінісінен пайда болады. Қазақстанда сел қаупі күшті аудандарға Іле Алатауының Солтүстік баурайы, Жоңғар, Теріскей және Қырғыз Алатауы жатады.
Сел тасқынының тікелей қаупінің белгілері: күшті шуылдың шығуы, сел ағызып әкеле жатқан тастардың соққысынан жердің дірілдеуі, лас шаңды бұлттың пайда болуы жатады.
Егер сел тасқынына тап болсаңыз онда жергілікті өкімет органдарының, полицияның берген нұсқауларына сәйкес қауіпті аймақтан тез арада шығу керек. Қауіпсіз аймақтар айтылатын болады. Егер уақыт мұрша беретін болса, онда қауіпті аймақтан малды айдап әкетуді қолға алу керек.
Адамдарды, малдарды, жеке мүліктерді, бағалы заттарды құтқарып қалу үшін суға жүзу құралдары пайдалануы тиіс. Құралдар дер кезінде табылмаса, онда қолдан салдар жасау қажет.
Басқа тасқындарға қарағанда әдетте ағыл-тегіл емес, сел тасқыны бөлек-бөлек толқындар түрінде қозғалады, селдің ұзақтығы 1-3 сағаттай болады. Селдің жылдамдылығы әдетте 2,5-4,0 м/с аспайды, бірақ су бөгетті бұзып — жарып селді бастаған жағдайда оның жылдамдығы 8-10 м/с және одан да көп болуы мүмкін. Селдің алдыңғы шебі биіктігі 5-15, кейде 25 м-ге жетеді, яғни «сел бась”деп аталады.
Сел тасқыны эрозиялық механизм арқылы туындағанда алдымен су ағыны жағауларындағы қиыршық тас пен құм, шөп-шаламды, қысқасы беткейлердің етек жағын орып өтеді де өзін осы бос борпылдақ материалдармен қанықтырады- бұл процессті сельдің түзілуі деуге болады. Бөгетті бұзып — жарып сел басталатын механизмінде су жиналуымен тау жыныстарының бара-бара сумен қаныға жүретін процесстер бір-бірімен қатар, бір мезгілде өте береді. Бір кезде шегіне жетіп сел массасы бөгеуді жарып шығады. Құлама-шөккінді механизмде селдің пайда болуы әбден ылғалданған тау жыныстарының және қар мен мұздың өзен ағынына құлап немесе сырғып қосылуынан басталады.
Техногенді факторларының қауіптілеріне әсіресе су қоймалардың сапасыз жасаған бөгеттері және техногенді жыныстарды есепсіз жинап қоюы жатады. Су әртүрлі үйінділерді (ұзақ жаңбырлар кезінде) батпақ пен лай аралас массаға айналдырады.
Физикалық түрлері жағынан селдер байланыссыз және байланысты болып бөлінеді. Байланыссыз селдерді жасайтын — қатты заттар қосылыстар бар су, ал байланысты селдер — судың негізгі массасы қою боп, ұсақ дисперсиялық бөлшектермен байланысқан топырақ қоспасынан болады.
Селдің қауіптілігі — тек оның бұзу күшінде ғана емес, сондай-ақ, оның кенеттен келуінен де болады. Бүлдіруші күшін сипаттайтын ерекшеліктері оның екпінінің қаттылығы, құрамының тұтастығы, шапшаң қозғалып, жөңкіле ағатындығы болып табылады. Кедергілерге ұшырыған кезде сел ағыны оларды басып өтіп, өз күшін жоғалтпай, қайта үдете түседі. Сел халық шаруашылығы объектілеріне, елді мекендер мен қалаларға, егістік жерге, суармалы жүйелерге, темір жол мен тас жолдарға өте қауіпті, өйткені күтпеген жерден пайда болып, тікелей қатер төндіреді. Мұндай жағдайда дамбы (бөгеу) түрінде жасалған жағалаудағы қалқалар айтарлықтай тосқауыл бола алмайды. Мүжіліп түскен тау жыныстарын ағызып әкелгенде, сел кездескен нәрселерді шайып, өзіне қосып әкетеді.
Қар көшкіні басқа да көшкіндердің жылжуы сияқты гравитация тартысы қар арасындағы ұстау күштерінен асқан кезде пайда болады.
Қар өзінің әрекетін бастай отырып, барлық жаңа қар массаларын, тастарды және басқа заттарды ілестіре тез арада жылдамдылығын күшейтеді. Негізінен, көшкін қардың ұсақ кристалдары мен ауаның араласуымен сипатталады. Жазықтау жерге немесе аңғар түбіне жете қар өз қозғалысын тоқтатады. 50°-тан көп құлама тіктілікте қар өздігінен жайғана төмен құйылады, яғни қар массасының пайда болу жағдайы туындамайды. Көшкіннің пайда болуына ең қолайлы жағдай — 30-40° тігімен орналасқан, майда шөптер басқан баурайларда биіктігі 30 см қардың өсуі жатады. Көп нәрсе ескі жатқан қар жамылғысына және жаңа қар басу қарқындылығына байланысты болады. Егер 2-3 күн аралығында 0,5 м қар жауса, ол, әдетте, қауіпті емес; ал осы жағдай 10-12 сағатта болса қар көшкіні әбден мүмкін. Жылдамдығы 7-8 м/с-ге жететін жел тұрса, ол көшкін қар қалыңдығын 10-15 см төмендетеді. Басқаша айтқанда жел көшкін болу мүмкіндігін арттырады. Әсіресе қарлы борандар қардың бір жерге көп мөлшерде жиналуына себепкер бола алады. өте маңызды факторларға ауа температурасы жатады. Қысты күні жылы ауа райында (0°С) немесе уақытша болатын жылымықтарда қар жамылғысының босандығы жоғарлайды және не қар көшкіні жүреді, не қар шөгеді. Температураның төмендеуінде көшкін басталу мерзімі ұзарады. Көктемде жылуымен бірге сулы қар көшкіндер болу мүмкіндігі өседі.
Қар көшкіннің әрекетіндегі негізгі сипаттарға мына параметрлерді жатқызамыз: жекелеген жағдайларда көшкін жылдамдығы 100 м/с дейін жетуі мүмкін; құрғақ қар көшкіннің тығыздығы 200-400 кг/м3, және сулы жағдайда 300-800 кг/м3 болып қар массасының соққы күшін анықтайды, сондай-ақ, бұл тазалау еңбек күші көлеміне белгі етеді; кідірікте 10-15 м қар массасының биіктігі авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру кезінде параметр ретінде қызмет етеді, бұл жерде қар өте тығыз келеді; көшкіннің түсу қайталануы әр түрлі-жекеленген аудандарда қар көшкін жылына 15-20 рет түсуі мүмкін; қар массаның көпжылдық максималды мәнмен алғанда жету алыстығын осы маңайда құрылыстар жүргізгенде есепке алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет