Эссе
Тобы:1508-29а
Орындаған: Жұмаева Н.
Қабылдаған: Егембергенова М.
Шымкент 2022
Адам баласы тумысынан жақсылыққа да жамандыққа да бейім жаратылған. Бұл екеуі бір-бірімен астасып жатқан қасиеттер. Жаратушы Ие осы арқылы адамды тепе-теңдікте ұстап, оны қай жаққа да бейімділікте жаратқан. «Әрбір сәби әу баста мұсылмандық сипатпен дүниеге келеді, кейіннен оны ата-анасы яхуди, христиан немесе мәжуси етеді» деген хадис мұның дәлелі. Демек, әрбір сәби дүниеге алғаш келгенде мұсылмандыққа жақындық танытқанмен, кейін өскен ортасы оны өзіне бейімдетіп кетуі мүмкін.
Адамдағы сана-сезім мен қарым-қабілеттер әр алуан. Жаратушы Аллаһ тағала адам бойына осыншалық қабілеттерді белгілі бір өлшеммен тиянақтап орналастырған. Негізгі мәселе, жаратылыстан бар осы қабілеттерді дұрыс ұштап, тәрбиелей білуде. Мәселен, әр адамның бойында өзін-өзі басқару қабілеті бар, осы қабілетін шыңдай білген адам барша тіршілік иелерінен басып озып, тіпті періштелерді де артта қалдырады. Сондай-ақ адамда Ақыл деген бар. Оны тура қолданған адам материалдық әлемнің тысындағы ғайып әлеміндегі тылсым дүниелерді көріп, ғайыптан сыр аулайтын қасиетке қол жеткізеді. Бұған қоса, адамға «мааш ақыл» деп аталатын осы дүниені терең сезінуге, түйсінуге мүмкіндік беретін ақыл да берілген.
Адам бойында сондай-ақ тәнқұмарлық, ашу, қырсықтық, ерегісу, қызғаныш сынды қисық мінездер де бар. Мәселе осы мінездерді өз ықтиярыңа бағындырып, дұрыс тәрбиелей білуде. Кез келген адам ар-ұжданды құрайтын – ақыл-қайрат, сезім, сияқты қасиеттерін жетілдіре білсе шын адам болуға талпынып, әлемнің түпкі мазмұнын түсінеді. Таным көкжиегін барынша тереңдете алған адам ғана нәпсісіне, мансапқұмарлыққа, атаққұмарлыққа жеңілмей, үлкен күнәлардан аулақ тұрады. Сондай-ақ ол қызғанышқа барып, амалдарының сауабын зая етпейді және қырсықтықтан арылып, уақытын текке кетіруден сақтанады.
Яғни әр пенде адам болам десе осылардың ішіндегі жаман қасиеттерді бойынан аулақ ұстап,жақсы қасиеттерді жанына жинай білу керек.
Адам болам десеңіз
Адам болу – адамгершілік қасиеттің баршылығында. Адам бойына дарыған жақсы қасиеттерді, жағымды қылықтарды, ойының алғырлығын кез-келген пенде үлгі тұтады. Дегенмен, қоғам мен адам байланысы біркелкі тәрбиелі бола бермейді. Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелік мәні терең қолданыс пен құбылыста тәрбиелеуіміз керек.
«Әңгіме айтатын адамның бет әлпетінің кейіпі, оның денесінің тұрқы мен мүшелерінің қалпы сол адамның қылығы болып табылады» - деген данышпан Әл-Фарабинің нақылын біле жүргеніміз жөн болар. Рухани адамгершілік тәрбие – бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс-әрекетін анықтайды. Мақал-мәтелдер, ұлағатты сөздер мен өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы болып табылады.
Тылсым өмірде нағыз азамат, адам атты адам болу – оңай емес. Заманның үнемі құбылмалы, өзгеріс айналымында жүретініне қарамастан, ең бағалы адамгершілік қасиетті мәңгілік тұтуымыз керек. Мәселен, қазіргі жастардың өзіндік өмірлік ұстанымы бар. Біреулері мемлекеттің мәселелеріне назар аударып, дамуына үлес қосса, өзгелері жеке басын ойлап, шетелдің мәдениетін өздігінен артық көреді. Бірлікте көптеген белестерді бағындырамыз демекші, қоғам мәселесін қозғай отырып, ортақ шешім қабылдауымыз керек. Шынымен, қазіргі таңда шет елдермен тығыз қарым-қатынас орнатып жүрміз, бірақ өзге елдің тарихымен таныспас бұрын, туған елдің қадір-қасиетін түсінуде қиыншылықтар бар екені сөзсіз. Қазақ жастарының мәдениеттілігін таразыға салсақ, екеуінің бірі басым деп айтуға тура келеді. Ұлтымызға сай, кеңпейіл, қарапайым қазақи мінезді жадымызда сақтап, мақтан еткеніміз абзал. Соңғы кезде, заманауи талаптың сұранысы бойынша, техника әлемінің құлдарына айналдық. Адам баласының ой-өрісі, сөздік қоры, сенімділік қасиеттері жылдан-жылға кеміп барады десек, қателеспіз. Кез-келген адамның жұртшылықпен байланысы, пікір алмасушымен ой бөлісу, әңгіменің анық та, тартымды болуына негізделеді. Сондай-ақ, адамзат табиғатынан көркем сөз бен өнерге құштар болып келеді, шынайылыққа тікелей қарайтын болсақ, осындай құштарлық бүгінгі күні көпшіліктің назарынан тыс, керісінше техника төңірегінде тіршілік етіп, жансыз дүниеге құмармыз.
Оқу мәдениеттілігіне келетін болсақ, тағы бір мәселенің туындап жатқанын байқаймыз. Ұшқыр ой мен дүние талабының маңызы мен байлығын кітап арқылы ұғынатынымыз баршамызға мәлім. Адам болам десеңіз, алдымен әдеп пен тәртіп ұғымдарын сана-сезімімізге қалыптастыра отырып, сүйкімсіз әдеттерден арылу ең басты сілтемелердің бірі деп білейік. Тәуелсіз еліміз біртіндеп дамып келе жатқанына орай, біздің жан-жақты болуымызды талап етеді.
Отанымыз тыныш, халқымыз аман, ойымыз анық, тіліміз мақтан болсын десеңіз, «адам» бола білу парызымыз деп бойымызға тағып, ойымызға тоқып жүрелік.
Достарыңызбен бөлісу: |