Байланысты: «Алақай жаз!» Жазғы демалыс кезіңдегі балалардың өмір қауіпсіздігі
Тақырыбы: «Алақай жаз!» Жазғы демалыс кезіңдегі балалардың өмір қауіпсіздігі
Мақсаты: оқушыларды жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыра отырып, білімдерін кеңейту, қауіпті жағдайлардан сақтана білуге үйрету, алғашқы көмек көрсету шараларымен таныстыру. Жеке басының қауіпсіздігін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.
Енді санаулы күндерден соң балалар сендер үшін жазғы демалыс басталады. Демалысты қызықты әрі есте қаларлықтай өткізу үшін біз міндетті түрде табиғат аясында демалып, суға шомыламыз. Алайда, суға шомылу кезіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін көпшілігіміз біле бермейміз. Осыған байланысты біз бүгін «Алақай, жаз келді!» Жазғы демалыс кезіңдегі балалардың өмір қауіпсіздігі жайында шара өткізгелі отырмыз.
Балалар! әрбір жыл мезгілі өз қызығы мен қауіпке толы. Әсіресе жаз айларында адамдар табиғат аясына демалысқа, серуенге, суға шомылуға саяхаттайды. Алайда осы бір қызықты да қауіпті демалыс аясында адамдар көп жағдайда қаіпсіздік ережелерін сақтамайды. Сол себепті үлкендер де өздеріне және кішкентай бүлдіршіндерге қауіп төндіреді.
Құтқарушылардың тәжірибесіне сүйенсек, бақытсыздыққа көбіне балалар, мастар мен қатар денсаулығы дұрыс және жүзуді жақсы білетіндер де ұшырайды. Сонымен қатар күн сайын еліміздің қалаларында, ауылдарында автокөліктер саны өскен сайын жол апаттары да арта түсуде. Жол көлік оқиғалары жөніндегі деректерге зер салсақ, қалалық жерлерде жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын оқыс оқиғалар саны едәуір көп. Сондықтан жазғы демалыс кезінде балалар сендер өмірлеріңді жол көлік оқиғаларынан, тілсіз жау өрттен, т б жағдайлардан мұқият болуларың керек. Өз өмірлеріңді қауіп қатерге тікпеңдер! Көлге шомылған кезде, табиғат аясында, үйде тәртіп сақтаңдар! Енді сендерді демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырсақ. Әр бала көшеге, саябақтарға, дүкенге барада үнемі мынаны ескеріп отыруы керек:
Бос қалған, бұзылған үйлерге баруға, жақындауға болмайды;
Далада, үйде, қоғамдық жерлерде тәртіп бұзбай, өзіңді дұрыс ұста
Таныс емес, бөтен адаммен сөйлеспе;
Мас және қауіпті адамнан алыс жүр;
Бөтен адаммен подъезге, подвалға, лифтіге кірме;
Сені артыңнан қуса, көп адамдар арасына жүгір;
Жағажайға, орманға жалғыз барма. Жолда жүру ережелерін сақта;
Кешкі сағат 22.00-ден кейін көшеде жүрме;
Танымайтын адаммен еріп кетуге немесе бөгде техникаға отырма;