Тақырыбы: «Алақай жаз!» Жазғы демалыс кезіңдегі балалардың өмір қауіпсіздігі Мақсаты


Үйде қауіпсіздікті сақтау тәртібі



бет3/3
Дата08.11.2023
өлшемі20,06 Kb.
#190067
1   2   3
Байланысты:
«Алақай жаз!» Жазғы демалыс кезіңдегі балалардың өмір қауіпсіздігі

Үйде қауіпсіздікті сақтау тәртібі
Егер сен үйде жалғыз қалсаң, қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұмытпа.

  • Мынау – балкон мен терезе. Балконға асылуға, терезеден басыңды сыртқа шығаруға немесе терезе алдына шығып отыруға болмайды.

  • Су қолмен электр құралдарына, розеткаға, тоқ қосқышқа жанасуға болмайды.

  • Мынау – үтік. Оның шнурынан тартпа. Тоққа қосылғанда ол өте ыстық болады.

  • Плитаның үстінде шәйнек, таба, кастрөл тұр. Олар – ыстық. Оларды алу үшін арнаулы қолғап не шүберек керек.

  • Мынау – дәрі салатын қобдиша. Оған тиіспе және үлкендердің рұқсатынсыз ешбір дәріні ішпе!

Сонымен қатар өрт тілсіз жау деп жатамыз. От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От - өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамағымызда піспейді, үйімізде жылымайды. Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді.
Сонымен от - өміріміз десек те, оның әлемі жайлаған алапаттың бірі - өрт қаупін шығаратынын да естен шығармағанымыз жөн. Өзіміздің ұқыпсыздығымыздан немесе байқампаздығымыздан кейде өрттің қалай күш алып кеткенін де байқамай қаламыз. Газ – плитасын пайдалану. Көгілдір от тұрмыс - тіршілігімізді көп орын атқарады.
Десек те, оны ұқыпты ұстап, жаға білуіміз керек. Егер газ плитасынан бір кемшіліктер байқалса ата - анаңа айтып ескерт. Өйткені ата - анаң газ бөлімшесінің арнаулы мамандарын шақыртады Тұрмысымызда тағы бір көп қолданатынымыз – Электр. Электр - жарық көзі. Бір күн үйімізге электр қуаты келмей қалса, дүниені қараңғы түнек басады. Дегенмен, оны да ұқыпты пайдаланбасақ, одан да өрт шығуы мүмкін. Сондықтан электр приборларын уақтылы өшіру, электр жүйесінен ажыратуды ұмытпау керек.
Есіңде болсын!

  • Өрт жаңадан басталғанда, сумен, құм сеуіп өшіреді.

  • Адамның киімі өртенсе, суға түскені дұрыс. Су жоқ болса, топыраққа аунап, үстіне құм себуіміз керек. Я болмаса адамды қалың матамен орап өшіреді,

  • Газ плитасы тұрған бөлмені жиі - жиі желдету керек. Егер газдың күлімсіген иесін сезсең сіріңке жағуға, электр жүйесіндегі лампаны жағуға болмайды.
    Тек үйдің есік - терезелерін ашып, желдету керек.

  • Егер өрт қатты жанып тұрса, онда сіздің негізгі мақсатыңыз тез үйден кету. 101-ге хабарласып өрт сөндірушілерді шақырту. Егер өрт қатты жанып тұрмаса да, бірақ үйдің іші қатты түтін болса, үйден тез кету керек. Түтін өрттен де қауіпті болады.

Қорытынды.
Ата-анасының, мұғалімнің әрбір ескертуін ұмытпай, ереже талабын бұлжытпай орындаған балалардың әр түрлі сәтсіздіктен аулақ болатыны шындық. Балаларды қауіпті жағдайлардан қорғау әрбір ата-ана мен тәрбиешінің міндеті. Өз өмірлеріңді қауіп қатерге тікпеңдер, жолда жүру ережесін сақтауды ұмытпаңдар! Демалған кезде тәртіп сақтаңдар! Егеменді еліміздің болашағы – сендерсіңдер. Сондықтан өмір қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамайық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет