Тақырыбы: «Ар-ұждан – адамдық өлшемі»
Өткізілу формасы: дөңгелек үстел
Мақсаты: Ар-ұждан, намыс, ұят, абырой туралы дұрыс, жағымды көзқарас қалыптастыра отырып, оларға адалдық пен әділдік, әдептілік пен сыпайылық, кішіпейілділікпен мейірімділік, ізгілік пен имандылық қасиеттердің бәрі ар-ұят, ұждан тазалығынан туындайтыны туралы түсінік беру.
Міндеттері: - адам өміріндегі ар мен ұжданның мәнін аша отырып, адам өмірін реттеуші, адами абзал қасиеттердің өлшемі екенін таныту.
- «Ар-ұждан» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
- ар тазалығына жету үшін өз әркетін талдап кемшілігін танып, жан сұлулығы арқылы адамдық биігіне өздігінен көтерілуге, ар-ұждан тазалығына баулу.
- өмірлік әрекетіне, өз мінез құлқына сараптама жасап, өзіндік бағдарын анықтай алу, мүмкіндігін дамыту.