Тақырыбы: «Баланы сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу»



бет1/6
Дата27.12.2016
өлшемі0,63 Mb.
#5977
  1   2   3   4   5   6

Тақырыбы: «Баланы сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу»



Бұл тақырыпты алған себебім, мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн деп ойлаймын.


Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:

- балалардың сөздік қорларын дамыту;

- жаңа сөздерді меңгерту;

- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады

Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. 

Өз жұмысымда балабақша ұжымының алдына қойған мақсатымен ұштастырамын. Жаңа технологияны, әдіс  - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтереді. Ең басты мақсатым: жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, балаларға сапалы да терең білім беру, олардың ойлау дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып, қазақ тілінде еркін сөйлеу дәрежесін көтеру.

Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.

Тіл үйренуде ең басты міндет – балалардың сөйлеу тілін жетілдіру.

Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті. Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану. Сол әдістердің бірі:


Балалардың тілдерін дамыту әдістері



Көрнекілік

Түсіндіру



Суреттер, ойыншыктар

Жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлем


Түсіндіру әдісі - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады.Сабақ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады.

Көрнекілік әдісі – Сабақ сайын жүргізілетін  әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эсттетикалық жағынан жақсы , әртүрлі түстен болуы керек .

Байланыстыра сөйлеуге үйрету жолдары

Монолог Мнемокесте Диалог

Жұптық

Топтық

Ұжымдық

Тіл үйретуде ең басты міндет - балалардың сөйлеу тілін жетілдіру. Балалар тілдің грамматикасын білу арқылы бір - бірімен сөйлесуді,сұрақ қоюды үйренеді. Диалогтың және монологтың жеке тұлға үшін атқаратын қызметтері бір арнаға тоғысып жатады баланың танымдық қабілетін, жалпы тәрбиелік деңгейінің дамуына әсер етеді. Диалог пен монологтардың тіл үйренуші үшін маңызы өте зор. Күнделікті бала өмірінде жиі қолданыста жүрген сөздерді пайдалана отырып сөйлесу тілді тез меңгеруге мүмкіндік береді. Диалог пен монологтарды сурет бойынша, техникалық құралдар және ойын элементтері арқылы құрастыруға болады.

Сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе қалыппен іске асырылады:

Жұптық

Топтық

Ұжымдық.

Жұптық оқыту. Жұптық оқыту қалпында тілдік қатынас екі баланың арасында жүреді. Онда негізгі мақсат- екі баланың өзара тілдесу ерекшеліктеріне, тілді білу дәрежесіне т.б. сүйене отырып іске асырылады. Мұнда балалар екі- екіден жұпқа бөлініп, әр жұп жеке тапсырмалар бойынша жұмыс істейді де, олардың сыңарлары бір- бірімен отырады. Жұптық қалыппен тілді үйретудің ерекшелігі:ол диалог арқылы жүзеге асады да, тілдік қарым-қатынастың ауызша түрін дамытуға себін тигезеді. Бұл қалып бойынша бүкіл тілдік материал диалогтың негізіңде меңгеріледі.

Топтық оқыту. Балаларды топтарға бөліп сабақ өткізу балалар арасындағы қарым- қатынасты жақсартады, дұрыс сөйлей білуге жағдай жасайды, балалардың білімін жетілдіреді, әр түрлі мінез- құлықтағы адамдармен пікір алмасуға үйретеді, топтар арасында бала өзінің жеке - дара қасиетін көрсетуге мүмкіндік алады.

Ұжымдық оқыту. Тіл үйренудің ұжымдық формасы дегеніміз- үйренушінің бүкіл топтағы адамдардың әрқайсысымен жеке сұхбаттасы арқылы олардың екеунің бір-бірін үйретуі, оқытуы,адамдардың бірінен - екеуінің үйренуі; пікір алмасуы және әр жұп сыңарларының ауысып отыруы нәтижесінде бүкіл ұжым мүшелерінің түгел қамтылып әрі жұптық: әрі топтық тілдік қатынастың жүзеге асуы. Сабақта балалардың коммуникативтік сөйлеуі ,тіл дамытуы көрнекілік әдісі,ойын әдістер арқылы іске асады.

Сөздік жұмыстарын өткізбей тұрып, жалпы символдардан бейнелерді меңгерту керек, мұнда мнемокесте үлкен роль атқарады.

Мнемокесте – есте сақтау қабілетін жеңілдететін және қосымша ассоциацияларды құраумен есте сақтау көлемін кеңейтетін әр түрлі тәсілдердің жүйесі. К.Д. Ушинский мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшеліктерін ескерсе, былай деп жазады: «Бала табиғатты көрнекілікті аса қажетсінеді. Балаға өзіне белгісіз бес сөзді жалаң үйрете бастасаңыз, көп уақытты зая кетіріп, босқа қиналасыз. Ал енді жиырма сөзді суреттермен байланыстыра үйретсеңіз, бала оны лезде қағып алады. Сіз балаға қарапайым ғана ойыңызды қанша түсіндірсеңіз де, оңай ұға қоймайды. Дәл сол ойды күрделі суреттер көрсете баяндасаңыз, ол сізді тез түсінеді».

Мнемокесте бойынша жұмыс жүргізу кезеңдері 3 кезеңнен тұрады:

1. Кестені қарастыру және бейнеленген суреттерді талқылау.

2. Жалпы символдардан бейнелерді жаңғырту, мысалы: Үй – шатыр, қоян – ұзын құлақтар т.б.

3. Қайта кодтаудан кейін құрастырған символдар бейнелер бойыша әңгімені, ертегіні, тақтақтарды мазмұндап бер.

Мнемокесте мынадай бағыттар үшін қолданылады:

1. Сөздік қорларын байыту.

2. Сөздің дыбыстық жағын дұрыс айтуға үйрету.

3. Сөйлем, әңгіме құрастыру.

4. Әңгімені құрастыру.

5. Жұмбақтарды жасыру және жауабын табу.

6. Тақпақтарды жаттау.

Мнемокестелерді баланың деңгейіне байланысты беріге болады. Мнемокестеде символдарды бейнеге аударамыз. Сонда балаға қонымды болады.

Балалардың ақыл-ойына, қабілеттерінің дамуына жетудің бірден – бір жолы – өзара тілдік қарым-қатынас. Әр баланың табиғи қабілетін ескере отырып, балаға көмекші әрі сүйемелдеуші болып, әрдайым жанында достық қарым-қатынаста болсақ, оқыту мазмұнын жаңғыртуға, әрі тиімді әдіс-тәсілдерді кеңірек қолдануға еркін жол ашады. Мектепке дейінгі балаларға қазақ тілді үйретудің басты шарттары топта жағымды психологиялық климат, мейірімді орта, қазақ тілінде тілдесудің қуану сияқты факторлар өз себін тигізеді. Қазақ тілін үйретуде балалардың қорларын байыту, молайту, сөздіктерінің белсенділігін арттыру, күнделікті өмірде қолдана білуіне бағыт беру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырып, тіл мәдениетін жетілдіру, сөйлем құрап, сөйлесу тәжірибесін ұдайы ұйымдастыру – балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін ұғынып, тілінің жетілуіне ұстаздық әсер көрсетудің маңызы зор. Тіл тағдырына терең қарап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттер балабақшамызда жақсы іске асырылуда.

Үстел үсті мнекесте басқа кестелерден ерекешелігі бала бұл кестені қолмен ұстап, көбен көреді, жан-жақты таниды. Балаға өзі білген сөздерден және де өткен сабақтардан меңгерген сөздермен кесте бойынша сөз тіркестерін, сөйлемді құрастыруға қызықты. Олар мұны шын көңілдермен орындайды. Мысалы: «Менің балабақшам» тақырыбын өткен кезде топ, бөлме, ойыншық-сөздерін меңгеретін болсақ, өткен сабақта білетін, әдемі, таза сөздері тағы бар, осыдан бала «балабақшам таза, жарық» деген сөз тіркесін лезде орындай алады, ал келесі сабақта басқа тақырыпты өткеде, мысалы : «Тағамды» алатын болсақ, «балабақшада тәтті тағамдар бар» тағы сол сияқты сөз тіркестерін құрай алады.


Ойын





Баланы сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу





Театр

ТРИЗ


Осы аталған әдістердің барлығын айналып келгенде бүлдіршіндерге ойын түрінде жеткіземіз. Ойын ең басты элемент болып саналады.

Дидактикалық ойындар - баланың ынтасын сабаққа  аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі, сабаққа эмоциялық бояу береді.

«Ойын – күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады» (К.А. Покровский).

«Ойын – ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты» (В.М.Сухомлинский).

Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін дидактикалық ойынның рөлі ерекше. Ойын арқылы баланың болашаққа деген көзқарасы қалыптасады. Ойын баланың ой өрісін дамытады,балаларды бірлесіп ойнауға үйретеді. Бірлік түбі-тірлік деп тегін айтылмаған. Бірлесе ойнап отырып, бала қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді. Ізеттілік, ізгілік, инабаттылық бір күнде қалыптаса қалатын қасиет емес. Балалар ойын арқылы бір-бірлеріне ізеттілік білдіріп осы қасиеттері өмір бойы жалғасады. Ойын баланың жол серігі іспеттес. Қай бала болмасын ойнап өседі.
Дидактикалық ойынның түрі: заттық дидактикалық ойын – бұл ойын әртүрлі ойыншықтармен және әртүрлі ойын материалдармен ұйымдастырылады.

Триз әдісі - түсініктемен қолдана , отырып, жаңа нәрселерді туғызады, «ескіні» жақсартады, баланы қуанышқа бөлейді. Триз әдісін қолданып бір неше ойындармен қолданамын:

Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»

Мақсаты: өткен сабақта сөздерді қайталау, бекіту.

Шарты: текшедегі суреттер арқылы сөз тіркестерін құрастыру.

Дидактикалық ойын: «Жыл мезгілдері»

Мақсаты: есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.

Ойын шарты: тақырыпқа сай сурет бойынша жыл мезгілін сипиттап беру.

Дидактикалық ойын: «Жемістерді ажырату»

Ойын шарты: балаларға тірек сызбалар таратылып беріледі. Олар тақырыпқа сай, белгілерді дұрыс шешіп,жемістерді ажыратып береді және байланыстырып сөйлем құрастыру қажет.






Балалар тілін дамытуда, олардың өмірге деген көркемдік көзқарастарын қалыптастыруда театрландырылған қойылымдар ерекше рөл атқарады. Балалар кейіпкерлерді ойнай отырып, олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын береді және ойын арқылы тілдерін дамыта отырып, адамгершілік жақсы қасиеттері қалыптасады. Сондықтан да, театр қойылымдары балабақша тәрбиеленушілері үшін маңызын еш уақытта жоймақ емес.



Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет