Тақырыбы: Бронхы демікпесі Жеке ингаляторды қолдану
бет 1/3 Дата 07.02.2022 өлшемі 24,32 Kb. #83609
Байланысты:
Бронх дем лд.
Тақырыбы: Бронхы демікпесі
Жеке ингаляторды қолдану
Мақсаты: емдік, науқасқа өз-өзіне қолдануын үйрету.
Қолдану көрсетілімдері: қан айналу және тыныс алу органдары ауруларында дәрігердің тағайындауымен.
Дайындаңыз: аэрозольді ингаляторды , оның сақталу мерзімін тексеріңіз.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара жүргізу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Науқасқа өз-өзіне ингаляторды қолдануын үйрету.
Науқасқа отыру немесе тұру қалпын жасаңыз.
Баллоншаның мундштугінен қорғаныш қалпағын алыңыз.
Баллоншаны аэрозольмен жоғарғы жағын төмен қаратып бұрып , бірнеше рет жігерлі сілкілеңіз.
Науқасқа асықпай ауыз арқылы терең демді шығаруды сұраңыз.
Баллоншаны аэрозольмен қолыңызға алып , ауызға жақындатып , балоншаның мундштугін еріндерімен қамтып ұстап , басын сәл артқа қарай шалқайтуын сұраңыз.
Науқастан терең дем алуын сұрап және бір мезетте баллоншаның түбін тығыз басыңыз – осы мезгілде ауыз қуысына дәрінің дозасы аэрозольді түрінде түседі.
Науқасқа аэрозольді ішке тартып , 10-12 секунд демін ұстауын сұраңыз. Ауызынан мундштукті шығарып , сосын науқас ақырын мұрын арқылы демін шығарады.
Баллоншаның мундштугіне қорғаныш қалпағын кигізіңіз.
Ескерту:
Достарыңызбен бөлісу: