ТАҚырыбы: Дене шынықтыру сабақтарындағы жекпе-жек және спорттық ойындарының жүйесі мазмұны кіріспе



бет1/3
Дата03.02.2020
өлшемі309,5 Kb.
#57085
  1   2   3
Байланысты:
КОЙШМАН Спорттық жекпе-жек ойындарының мектептегі маңызы

ТАҚЫРЫБЫ: Дене шынықтыру сабақтарындағы жекпе-жек және спорттық ойындарының жүйесі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ_____________________________________3

1. Дене шынықтыру сабағының маңызы мен міндеттері

    1. Дене шынықтыру сабағының маңызы мен міндеттері ______________________________________9

    2. Дене шынықтыру сабағын ұйымдастыру формалары ____________________________________13

    3. Қозғалыс – дене шынықтыру сабағының негізі__18

2. Дене шынықтыру сабақтарында жекпе-жек спорттық ойындарының маңызы

2.1 Спорттық жекпе-жек ойындарының түрлері____24

2.2 Жекпе-жек ойындары негізінде оқушылардың спортқа қызығушылығын арттыу қағидалары_______32

2.3 Жекпе-жек спорттық ойындарында дене жаттығуларының және алғашқы оқыту әдістемесіндегі жаңа қадамдар жасаудың рөлі____________________38



3. Дене шынықтыру сабақтарындағы жекпе-жек спорттық ойындарының жүйесі

3.1 Жекпе-жек спорттық ойындарының құралдары__43



3.2 Дене шынықтыру сабақтарында жекпе-жек

жаттығуларының факторлары___________________49

Қорытынды_________________________________54

Пайдаланылған әдебиеттер ___________________ 56

КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі.Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу.

Бүгінгі таңда денешынықтыру сабағының мақсаты - жоғары деңгейдегі денсаулық көрсеткішіне жету болып табылады. Бұл мақсат жеке адамдармен қатар, жалпы қоғамның мүддесіне де сәйкес келеді. Көпшілік қауым баланың чемпион титулына талаптануына тиым сала алмайды, бірақ оны денсаулығына әсер ететін қауіптен қорғауға міндетті.

Көрсетілген мақсатқа жету үшін, денешынықтыру сабақтарында спорттық ойындардың түрлерін кеңейте отырып,денсаулықты нығайту, функционалдық мүмкіндіктер мен дене бітімі дамуының үйлесімділігін жетілдіру, қимыл-қозғалыс дағдыларын, бұлшық ет күшін дамыту, жылдамдық, төзімділік, ептіліктің негіздерін құру, еркіндік пен тәртіп саласын дамыту мен гигиеналық дағдыларға тәрбиелеу сияқты міндеттерді негізге алуымыз керек.

Денешынықтыру тәрбиесін салауаттандырудың тиімділігін төмендегі жағдайлардан көруге болады: организмнің қоршаған ортаның әсеріне төзімділігі артады; өсу мен даму процесстерінің жақсаруына жағдай жасайды; ауруларға қарсы төзімділігі жоғарылайды.

Адам эволюциясы қимыл-қозғалыс белсенділігімен үзбей байланыста болады. Қимыл-қозғалыс тіршіліктің белгісі және организмнің биологиялық қажеттілігін қамтамасыз етудің, әлемді танып, білудің құралы. Қимыл-қозғалыс белсенділігі дегеніміз - белгілі уақыт аралығындағы дене қозғалыстарының жиынтығы.

Қазіргі кезде денешынықтыру тәрбиесінің өсіп келе жатқан жастардың тілегі мен мүмкіндіктерін ескеретін, көптеген жаңа түрлері пайда болып жатыр. Бұлар, спорттық жекпе-жек ойындары. Олардың негізі еркін таңдау, қолайлылық және формалды түрде болмауы керек.Балалар мен жасөспірімдердің денешынықтыру тәрбиесінде оқытудың қатал регламентация тәсілі, ойындар және жарыстар өткізутәсілі кеңінен қолданылып жүр.

Әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан орын алу Қазақстан Республикасының стратегиялық басты мақсаттарының бірі болып саналады. Республиканың экономикалық мақсаттарымен қатар халықтың әл ауқатын арттыру,денсаулығын нығайту,адамдардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына жағдай жасау арқылы денсаулығы мықты ұрпақ тәрбиелеу мақсаттары қойылған.

Жас жеткіншектерді дене тәрбиесі және спорт арқылы баулу, салауатты өмір салтын құруға үйрету,спорттық жетістіктер арқылы Қазақстанды әлемге таныту қазіргі кездегі маңызды жұмыстардың бірі болып саналады.

Балалар мен жасөспірімдердің денешынықтыру тәрбиесінің әрбір жас топтарына және мекемелердің типтеріне қарай бөлінген мемлекеттік бағдарламасы бар. Бағдарламалар балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің төменде көрсетілген типтеріне арнап өңделген: балалар бақшасы; жалпы білім беретін мектеп; кәсіпттік - техникалық білім беретін мекеме; балалар мен жасөспірімдердің спорттық мектебі, т.б. Білім беру орындарында жүргізілетін денешынықтыру тәрбиесінің өз ерекшеліктері бар. Жасөспірімдердің арнайы спорт мектептеріндегі денешынықтыру тәрбиесінің мақсаты - кәсіпкер спорт шеберлерін даярлау болып саналады. Спорттық мектеп - интернаттар, спорттың жеке түрлерінен жоғары спорт шеберлерін даярлауға арналған.

Дене шынықтыру пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, спортқа деген қызығушылығын арттырудың бірден-бір жолы, бұл жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылықтарынарттыру мақсатында сабақта тақырыпқа байланысты спорт түрлерінің шығу тарихын, спорт түрлері дамыған елдерді спорттың әр саласындағы белгілі спортшылар өмірінен мағлұмат беріп отырса, оқушылардың талпынысы мен қызығушылығы арта түсері сөзсіз. Дене шынықтыруда қазақтың ұлттық ойындары мен қозғалмалы ойындарын, әр түрлі жарыстарын, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, күрес, аударыспақ сынды ойын түрлерін өткізіп отыру керек. Осындай жұмыстарды жүргізу нәтижесінде оқушылардың белсенділігі артып, спортқа деген бейімділігі қалыптасады. Оқушылардың танымдық қабілеттерін артырып, салауатты өмір сүру, адам денсаулығы осы спортқа байланысты екендігін түсінеді. Нәтижесінде оқушылардың білім сапасы артып, оқу тоқсандарында жоғары сапаға қол жеткізуге болады.Дене шынықтыру сақтарында жекпе жек ойындары қимыл қозғалысты береді, спорттың сол түріне машықтанады, дене мәдениетін қалыптастырады, жалпы дамыту жаттығуларын меңгереді.

Дене шынықтыру сабағында шығармашылық бөлігін басшылыққа ала отырып, сабақты ойын түрінде ұйымдастырып, осы арқылы, оқушылардың бейімділігін арттыруға болады.

Сабақты қызықты өткізу үшін қазақтың ұлттық ойындарының тарихын таныстырып өтіп, жасырылған сұрақтарды табуға машықтандыру, әр топқа белгіленген ұпай сандарына қарай бағалап отыру керек. Оқушылардың бұл бөлімде сабаққа деген қызығушылығының артуымен бірге, машықтанады, логикалық ойлау қабілеттері артады, қимыл-қозғалыс әрекеті дамиды.Жаңа идеяларды қолдана отырып, алдымен оқушымен қарым-қатынасты қалыптастыра отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту, жекпе жек ойындары арқылы жан-жақты дамуға қол жеткізеді.

Сондықтан да, дене шынықтыру сабағын бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасымен айқындалады.

Қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, мектеп оқушыларының дене шынықтыру мен спорттысалауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыстыра отырып, педагогикалық шарттарын айқындау қажеттігі тақырыптың өзектілігі болып табылады.

Дене шынықтыру мен спорт әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтары мен жүйесін, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан мектеп оқушыларын қамтамасыз ету үшін керек. Тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене шынықтыру жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді.

Спорт түрлерінің қайсысы болмасын өз қатарларында ең мықты, ең шебер спортшылардың болуын қалайды. Ал болашақта ең үлкен спорттық жарыстарда жеңіске жете алатын спортшыны іздеу спорттық мектептердегі бастапқы дайындық тобынан басталады. Осы іріктеу мәселесіне байланысты, оның сапалы болуына арналған ғылыми ізденістер мен жасалған тәжірибелер бағытын шартты түрде төмендегідей бағыттарға бөлуге болады. Оларға: акселерациялық өсудің ықпалы, антропометриялық көрсеткіштердің әсері, паспорттық және биологиялық жас әсері, спортқа ерте келу мәселесі, жаттығу жұмыстарын жоспарлау мен жаттығу жүктемелерінің орны, спорттағы қазіргі техника мен технологияның қолданылуы, допинг мәселесі.


Дене шынықтыру мен спорт мәселелерін шығармашылық тұрғыда шешуге, өзгермелі өмір жағдайында инновациялық процестер мен жаңашыл бағыттарды дер кезінде меңгере отырып, тәжірибеге сын көзбен қарап, дене шынықтыру міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы артуда.

Дене шынықтыру мен спорт өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.



Дипло жұмысының мақсаты –дене шынықтыру сабағында спорттық ойындарға баланың қызығушылығын арттыра отырып, жекпе жек ойындардың түрлеріе кеңінен меңгерту, қызығушылығын қалыптастыру негіздерін айқындап, оны жүзеге асырудың ғылыми-әдістемелік жүйесін жасау және қорытындысын шығару.

Диплом жұмысының міндеттері: дене шынықтыру сабақтарында жекпе-жек спорттық ойындардың түрлерін жүзеге асыруға дайындаудың теориялық негіздерін анықтау, функционалдық мүмкіндіктер мен дене бітімі дамуы мен қимыл-қозғалыс дағдыларының үйлесімділігін қалыптастырудың мазмұнын сипаттау, дене шынықтыру құралдарының формалары мен әдістерін жетілдіру, дене шынықтыру сабақтарында спорттық жекпе жек түрлерін өткізу жүйесінің жаңа бағыттарын айқындау және оны практикаға енгізу, оқытушының шеберлігі мен шығармашылық дербестігін жетілдіру.

Диплом жұмысының ғылыми болжамы: мектеп оқушыларының дене шынықтыру сабақтарында жекпе-жек спорт түрлеріне қызығушылығын қалыптастыруды жүзеге асырудың теориялық-әдіснамалық жағынан негізделсе; мектеп оқушыларына қажетті оқу мазмұны дене мәдениеті, дене мүмкіндіктерін дамытуға және белсенді өмір дағдыларын қалыптастыру туралы материалдармен толықтырылса; осы тұрғыдан әдістемелік ұсыныстар енгізілсе, ондамектептегі дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға мұғалімдер мен жаттықтырушылардың дайындығын жетілдіру жүзеге асады.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмысты жазуда дене шынықтыру мен спорт саласын зерттеп жүрген еліміздің және ресейлік авторлардың еңбектері мен газет-журнал беттеріндегі мақалалар кеңінен қолданылды.

1. Дене шынықтыру сабағының маңызы мен міндеттері

    1. Дене шынықтыру сабағының маңызы мен міндеттері

Мемлекеттің ең басты құндылығы адам ресурсы десек, ал адам денсаулығы – қоғамның өлшеусіз байлығы. Елбасы Жолдауында денсаулық сақтау саласына, оның ішінде салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру мәселесіне үлкен ден қойып, жаңа міндеттерді алға тартты.Бүгінгі ұрпақтың салауатты өмір сүруі мен денсаулығын, дене мәдениетін қалыптастыру жеке байлық қана емес, халқымыздың экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарттары мен білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі – дене тәрбиесі арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі. Сондықтан да дене тәрбиесі сабағындағы сауықтыру, білімдік, тәрбиелік міндеттерімен қатар, оқушылардың рухани жеке тұлғасын қалыптастыра отырып, спортқа деген қызығушылығын арттыру керек. Мұның өзі жеке адамды жан жақты дамына зор ықпал етеді.Адамның денесінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұрады. Жақсы денсаулық адамның еңбек және қоғамның іс әрекетіне жемісті қатысуының маңызды кепілі. Барлық оқушылардың сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, дене шынықтыру сабағын ұйымдастырып, қажетті жабдықтармен, құралдармен жақсы жарақталған спорт залдары мен алаңдармен қамтамасыз етуде. Оқушыларды бастауыш сыныптан бастап денелерін түрлі жаттығулардың көмегімен ширатып, дамыту керек. Соның негізінде күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілеттерін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді.Мектептегі дене тәрбиесінің мазмұнына кіретін негізгі мәселелер:

  • оқушыларға оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, олардың денсаулыңын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жақсарту,жағдай жасап, қамқорлық жасау;

  • мектептің жабдықтарына, спорт залдары мен алаңдарындағы санитарлық гигиена талаптарының орындалуы, оқушыларды жеке және қоғамдық гигенаға дағдыландыру;

  • оқу жылы бойында дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстарын тиімді өткізуді қажет етеді.

Дене тәрбиесінің мазмұны мен құрылымы педагогикалық тұрғыдан талданып, жан-жақты сарапталуы, жүйеленуі - дене тәрбиесінің теориясы деп аталады. Дене шынықтыру мен спорттың теориясы - дене тәрбиесінің теориясы және әдістемесінің қоғамда алатын орнын зерттейді, дене тәрбиесінің жалпы заңдылықтары болып табылады.

Дене шынықтыру мен спорттың әдістемесі - дене тәрбиесінің ерекшеліктерін, заңдылықтарын белгілеп, талдайды. Спорттық жаттықтырулар - оның өткізу әдістемесін, мерзімі мен кезеңдерін, артықшылығын айқындайды.

Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі педагогика, психология, әлеуметтану, физиология, анатомияғылымдарымен тығыз байланыста болғандықтан, бірімен бірі сабақтаса отырып, оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу, денсаулығын нығайтудың жолдарын жан-жақты қарастырады.



Дене шынықтыру қоғамдық құбылыс ретінде пайда болуы,қалыптасуы және дамуы, құрылу ерекшеліктері мен қызмет ету жүйесі жайлы өзінің заңдылықтары бар ғылым. Бұл теорияны біліп, меңгеру өскелең ұрпаққа осы заманғы өмір талабы қағидаларына сәйкес, дене тәрбиесін беруге дұрыс бағыт береді. Дене тәрбиесінің пайда болу себептері, оның мәні және қоғам өміріндегі алатын орны, дене тәрбиесінің тарихи сипаты және мазмұны, ғылымның жетістіктері т.б. факторлар оны кеңінен игеруге ықпал етіп отыр. Дене тәрбиесінің пайда болуы адамзат қоғамымен бірге жасасып келген.

Дене шынықтыру мен спорт теориясы мен әдістемесінің қайнар көздерін, тарихи даму кезеңдерін сараласақ, олардың мынадай жағдайларға байланысты пайда болатынын анықтауға болады:

- дене дайындығы жетілген, денсаулығы мықты адамдардың қажеттілігінен туындаған қоғамдық өмірдің іс-тәжірибесі;
- әр түрлі тарихи кезеңдерде ойшылдар мен ағартушылардың жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу туралы ой-тұжырымдары мен идеялары;
- үйлесімді дамыған, жан-жақты, білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеудегі озат педагогикалық іс-тәжірибелер мен ұсыныстар;
- дене шынықтыру мен спорт саласындағы ізденістер мен ғылыми негізделген тұжырымдамалар.

Бүгінгі таңда жеке тұлғаның дене тәрбиесі үздіксіз білім беру жүйесінде дене тәрбиесінің мақсаты түрінде қарастырылып жүр. Бұл ең алдымен мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани дамуындағы өзгерістермен байланысты. Бұлар дене мәдениеті саласында диалектикалық қарама-қайшылық тудырады. Сондықтан философиялық, педагогикалық және психологиялық ғылымдардың әдіснамалық негіздеріне сүйене отырып, мектеп оқушылары үшін дене тәрбиесінің жаңашыл - педагогикалық ұйымдастыру жобасын жасау қажет. Бұл жоба олардың дене мәдениетін қалыптастыруға бағытталады және оның көмегімен жеке физиологиялық, гигиеналық жағынан алдын алу және емдеу қажеттіліктерін жүзеге асырып қана қоймай, әлеуметтік белсенді тұлға болуға, жемісті еңбек етуге дайындық жасалады.

Мектеп оқушыларының дене шынықтыру бойынша теориялық білімдерінің, іскерліктері мен дағдыларының терең, жүйелі және әсерлі болуы педагогикалық шарттарының басты көрсеткіші. Бүгінгі таңда білім берудің мазмұны, оқыту әдістері мен тәсілдері, әсіресе дене тәрбиесі мамандарын дайындауда жаңашылдық көзқарас, соны ізденістер мен зерттеулерді талап етуі қарастырылып отырған мәселенің өзектілігін айғақтап берді.

Сондықтан да, дене шынықтыру мектепте және мектептен тыс оқу орындары мен спорттық базаларда іске асыру үшін мынадай талаптар мен міндеттерді қажет етеді: оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу, олардың денсаулығын нығайту, жұмысқа және білім алуға деген қабілетін жоғарылату, спортпен шұғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту, негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.

Мұғалімнің дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесін жете білуі, оның педагогикалық ойлау жүйесінің дамуының басты шарты. Әртүрлі деңгейлерде дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғысынан шешу, болып жатқан жаңалықтарды біліп отыру, кейбір теориялық және іс-тәжірибелік жаңалыққа сын көзбен қарап қабылдау, дене тәрбиесінің міндеттерін шешу мен дұрыс бағалауда маңызы зор.


    1. Дене шынықтыру сабағын ұйымдастыру формалары

Мектепте дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына дене шынықтыру сабақтары, сыныптан және мектептен тыс жаппай спорт жұмыстары жатады.

Сабақ дене тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі формасы. Дене шынықтыру сабақтары мемлекеттік оқу бағдарламаласына сәйкес жүргізіледі. Онда жаттығулардың тізімдері, түрлері, теориялық білімді меңгерудің мазмұны берілген. Дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың қозғалу белсенділігін ақыл ой іс әрекетіне сәйкес жүзеге асырудың негізгі педагогикалық талаптары қарастырылған. сабақтың нәтижелі болуы түрлі жаттығуларды дұрыс іріктеп ала білуге, олардың кезектесіп өтуіне және гигиеналық жағдайды сақтауға байланысты. Дене тәрбиесі сабақтары тұтас педагогикалық принциптер мен заңдылықтарының талаптарына сәйкес құрылады.

Сыныптан тыс спорт ойындарында оқушылар сабақта алған теориялық білімдерін жалғастырады және толықтырады. Сыныптан тыс жұмыстардың барысында оқушылардың жалпы дене спорттық дайындығын жақсарту, спортқа ықыласын дамыту, өзбетімен түрлі дене жаттығуларымен айналысу міндеттері шешіледі.

Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептің өз жағдайына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстарының жүйесін жасауды қажет етеді. Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.

Дене жаттығулары бұл саналы түрде орындалатын қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады, буын сүйектерін қозғалмалы етеді, жұмыс қабілетін жақсартады. Дене жаттығулары бүкіл организмнің дамуына, жетілуіне қолайлы ықпал жасайды. Ал гимнастикаоқушылардың дене тәрбиесінде үлкен рөл атақарады. Осы гимнастика бойынша дене жаттығулары дене шынықтыру бағдарламасының басты бөлімдерін құрайды. Дене тәрбиесінде қозғалыс ойындары пайдаланылады. Қозғалыс ойындары оқушылардың ептілігін, тапқырлығын, өзін өзі билеушілігін дамытады, қозғалтқыш дағдыларын жетілдіреді.

Мұндай ойындар оқушыларыды жылдамдыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Дене тәрбиесінде оқу бағдарламасына сәйкес спорттық ойындар: футбол, баскетбол, волейбол, қол добы, тенис пайдаланылады. Оқушылар әрбір ойынның тәсілдерін зерттеп үйренеді.

Туризм дене тәрбиесінде серуен, саяхат, туристік жорық түрінде пайдаланылады. Туризмге оқушылардың барлығын қатыстыруға болады. Туризм оқушыларды төзімділікке, ұжымдылыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртқы жағдайларда кездесетін қиыншылықтарды жеңуге тәрбиелейді.

Спорт біздің елімізде бірыңғай бағдарлама және ережелербойынща өткізіледі. Спорттың көптеген түрлерін атауға болады. Олар жеңіл атлетика, гимнастика, шаңғы спорты, жүзу, туризмнің спорттық түрлері т.б.

Спорттық іс әрекетті жаттығу сабақтарында және спорттық жарыстарда іске асырылады. Спорт оқулары мектептің спорттық секцияларында, мектептен тыс мекемелерде төселген мамандар арқылы өткізіледі. Спорт оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моральдік еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы.

Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдардың бірі табиғат факторлары. Күннің көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау сауықтыру ретінде падаланылады. Табиғат факторларын балалардың сауықтыру жұмысы кезеңінде пайдалану өте тиімді болады. Қала жағдайында балалар үшін алаңдар, парктер, стадиондар, бассейдер, туристтік экскурсиялық базалар пайдаланылады. Қала сыртында балаларында жақсы демалуы және денсаулығын нығайту үшін кәсіподақ, спорттық, туристтік, жас техниктер және жас натуралистер лагерьлері ұйымдастырылады. Олар табиғаты қолайлы жерге орналастырады.

Балалардың сауықтыру жұмыстарын қоғамдық пайдалы еңбекпен үйлестіріп жүргізудің үлкен тәрбиелік мәні бар. Мысалы, туған өлкенің табиғи байлығымен танысу, орман шаруашылығын, қорықтарды, бассейдерді қорғау, кейбір жеңіл желпі ауылшаруашылық жұмыстарын шефке алу т.б.

Сонымен мектепте дене тәрбиесі жұмыстарының сыныптан тысбарлық түрлері оқушылардың жас ерекшеліктеріне, ал оқыту процесінде әр сыныпқа арналған оқыту бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі.

Дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру үдерісі дене жаттығуларының жекелеген сабақтарын жүйелі түрде өткізу жолымен жүзеге асады. Бұл сабақтың түрлері өз бетінше спорттық шаралар мен дене тәрбиесі сабақтарымен толықтырылып отырады. Олар: таңертеңгі гимнастикалық жаттығу, шынығу, спорттық және қозғалмалы ойындар, дене тәрбиесі бойынша үй тапсырмасын орындау, демалыс кезеңдерінде ұйымдастырылатын туристік саяхаттар, спорттық сайыстар т.б.

Дене шынықтыру мен спорттық ойындарды ұйымдастыру түрлері оқушының өз бетінше ұйымдастырылған жұмыстарымен толықтырылған жағдайда нәтижелі болады.

Оқушының күнделікті қозғалыс тәртібін толықтыруға арналған жұмыс түрлері дене тәрбиесі жүйесінің элементтері есебінде болды:

- Таңертеңгі гимнастикалық жаттығулар. Күнде таңертеңгілік 9-10 жаттығудан тұратын кешен. Бұл оқушылардың орталық нерв жүйесін қалыпқа келтіріп, оқушы ағзасын сергітеді.

- Мектепке дейінгі және үйге қайтар жолдағы серуен. Таза ауада жаяу жүрудің өзі шынығу, сауықтыру әсерін тигізеді.

- Оқу сабақтарына дейінгі жаттығу. Сабақтағы нәтижелі іс-әрекет пен оқу күнін белсенді бастауға мүмкіндік туғызады.

- Дене тәрбиесі сабақтары. Бұл сабақтар мазмұны мемлекеттік талап пен оқу бағдарламасына сәйкес белгіленіп, оқушылардың күші мен жылдамдығын, ептілігі мен шыдамдылығын және ерік-жігерін, батылдық пен табандылықты және тез шешім қабылдау секілді тәрбиелік қасиеттерін дамытады.

- Сабақ үстіндегі сергіту минуттары. Ой еңбегі барысында ағзаның тынығуына әсерін тигізеді.

- Үлкен үзіліс кезіндегі дене жаттығулары мен қозғалмалы ойындар. Оқу күні ортасында оқушылардың белсенді демалысын қамтамасыз етеді.

- Күнделікті денсаулық сағаттары (материалдық жағдайы сәйкес келетін мектептерде жүргізіледі). Оқушыларға 40-60 минут бойы таңдауы бойынша дене жаттығулармен айналысуға мүмкіндік береді. Әсіресе, қозғалыс белсенділігі төмен оқушылар үшін өте пайдалы, аурудың алдын алу шаралары қызметін атқарады, денсаулыққа септігін тигізеді.

- Спорттық сағаттар. Кіші мектеп жасындағы балалар үшін ұзартылған күн топтарында ұйымдастырылады. Сабақтың бұл түрі сауықтыру қызметін атқарады, бастауыш класс оқушыларының түрлі сайыс, ойындарға қызығушылығын туғызып, шынықтырады.

- Спорттық үйірмелер, ұйымдар мен топтардағы жұмыс. Белгіленген спорт саласы бойынша оқушының жалпы және арнайы дайындығын көрсетіп, дене жаттығуларымен жүйелі айналысуды қамтамасыз етеді.

- Жалпы мектепішілік спорттық бұқаралық шаралар. Бұл жұмыс түріне денсаулық және спорт айлықтары, спорттық мерекелер, жалпы мектепішілік сайыстар жатады. Бұл шаралар барлық оқушының спорт пен дене тәрбиесі жаттығуларына қызығушылығын туғызады.



- Өз бетінше дене жаттығуларымен айналысу. Бұл жұмыс түрі қозғалыс тәртібінің маңызды бөлігі. Кей жағдайда ең тиімді әдіс болып есептелінеді, себебі оқушының жеке тұлғалық қызығушылықтары мен қабілетіне сұранысына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс өз нәтижесін береді. Сондықтан да, оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуында айрықша орын алатын дене шынықтыру мен спорттың әлеуметтік қызметі де зор.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет