Тақырыбы: «Әдебиет – халықтың рухани байлығы»
Мақсаты: әдебиет сабағынан балалардың бағдарламалық материалдардан алған білімдерін жүйелеу, оқушының бойында көркем мәтінді оқуға құмарлық туғызу, зияткерлік қабілетін арттыру ; оқушылардың әдебиет теориясынан, көркем шығармалардан, жазушы, ақындар өмірінен алған білімдерін тереңдету, ой өрісі мен шапшаңдығын дамыту; адамгершілікке, көркем әдебиетті сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілік: үлестірме материалдар.
Әдісі: ізденушілік, көрнекілік, талдау, жинақтау.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Қатысатын оқушыларды дайындау.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер! Балалар, әдебиет әлемі – ғажап әлем. Оның тереңіне бойлаған сайын біз өмір сүруге бойымызға рухани нәр жинаймыз. Сондықтан да Сәбит Мұқанов «Әдебиет- адам тәрбиелеудің қуатты құралы» деген. «Дүниеде теңіз терең емес, адамның жаны терең» деп ойшыл ақынымыз Мағжан Жұмабаев айтқандай, тереңдікті қалыптастыратын зияткерлік ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
ІІ. Таныстыру кезеңі. Әр сынып оқушылары өздерінің сүйікті пәні мен сүйікті ісін айту қажет.
Ойынды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Әділқазылар алқасы: 1. Абдибекова Гүлбаршын Сұлтанқызы
2. Дүйсенбина Гүлбақыт Аманжолқызы
3. Тәрбиеші Асылай апай
Бұл ойынға 3-4 сыныптар ішінен оқушылар алынды. Әр сыныптан екі оқушыдан 8 оқушы қатысады.Ойынның әр кезеңінде ұпайы аз оқушы шығарылып отырады. Ақтық сайысқа 2 оқушы қатысады.
І кезең. «Бәйге». Ұяшықта сұрақтар деңгей түрінде берілген. Таңдау өз еріктерінде. Жоғары ұпай жинағысы келетін оқушылар жоғары санмен берілген ұяшықты таңдауға болады. Сұрақ мағынасының нарқы да жоғары.
«Бәйге».
1. «Әдебиет тарихындағы ұлы тұлғалар» жөнінде сұрақтар беріледі
10- ұяшық. Абайдың шын аты кім? ( Ибраһим)
20- ұяшық. Сүйемін туған тілді- анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
Қай ақынның өлеңі? (Сұлтанмахмұт Торайғыров)
30-ұяшық. Сөмкеге бақа салатын қай кейіпкер?
(Қожа, Қожаберген Қадыров)
40-ұяшық. «Менің атым Қожа» шығармасының авторы кім?
(Бердібек Соқпақбаев)
2. «Қазақ тілі- Байсалды баба тілім!» деп қазақ тіліне байланысты сұрақтар беріледі.
10-ұяшық. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? (он екі)
20-ұяшық. Қазақ тілінде буынның неше түрі бар?
(үш: ашық, бітеу, тұйық)
30-ұяшық. Сын есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
(екіге бөлінеді: дара, күрделі сын есім)
40-ұяшық. Күрделі сөздер неше түрге бөлінеді?
(төрт түрге: қос сөз, қысқарған сөз, біріккен сөз, тіркескен сөз)
3. «Халық ауыз әдебиетінен».Үзік сөздерден мақал құрастыру.
10-ұяшық. Ұяда ... ұшқанда ... (ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің)
20-ұяшық. Ата ... бала ... (ата- бәйтерек, бала- жапырақ)
30-ұяшық. Мектеп ... білім ... ( мектеп- кеме, білім-теңіз)
40-ұяшық. Сүйіндіреді ... күйіндіреді.
(жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді)
Екінші кезеңге әділқазылардың шешімімен ойыннан 2 оқушы шығарылып 6 оқушы ойнайды.
ІІ. «Тіл өнері». (қазақша, орысша, ағылшын)
Бұл ойында мақал-мәтелдің түсіп қалған сөздерін тауып, үш тілдегі баламасын айтады. Әр сұрақ 10 ұпаймен бағаланады.
1. Өнер алды – қызыл ... (тіл – язык – lenquaqe )
2. Тіл … жарады, ... жармаса бас жарады. (тас – камень – stone )
3. … тамған тілден у да тамар. (бал – мед – honey )
4. ... кілті – тіл. (білім –знание – knowledqe)
5. ... аласынан, сөз аласы жаман. (көз – глаз – eye )
6. Жалқаудың жаны тәтті, еңбектің ... тәтті. (нан – хлеб – bread)
7. Атпаз көрген ат таныр, ұстаз көрген ... таныр. (хат – письмо – letter)
8. Таяқ еттен өтеді, ... сүйектен өтеді. (сөз – слова – word )
Әділқазылардың шешімімен ойыннан 2 оқушы шығарылып 4 оқушы ойнайды.
Музыкалық үзіліс.
ІІІ. «Жорға». Әр оқушы 5 сұраққа жауап беруге тиіс. Әр сұрақ 1 ұпаймен бағаланады.
1- оқушының сұрағы:
Ауыз әдебиетінің бір түрі. (аңыз)
Махамбеттің досы. (Исатай)
Абайдың әжесі. (Зере)
«Атаның баласы болма, адамның баласы бол» кімнің сөзі? (Абай)
Ахмет Байтұрсынұлының Крылов идеясымен жазған шығармасы. (қырық мысал)
2- оқушының сұрағы:
1. Абайдың анасының аты кім? (Ұлжан)
2. Қой сүйеді баласын қоңырым деп
Ештеңені білмеген момыным деп, қай жырды айтады? (Малдың баласын сүюі)
3. Жаңа жауған қардың үстіндегі аң ізі. (Қансонар)
4. Ауыз әдебиетінің бір түрі. (аңыз)
5. Абылай ханның жасырын есімі. (Сабалақ)
3- оқушының сұрағы:
1. «Ұшқан ұя» мәтіні кімнің жазған шығармасы? (Бауыржан Момышұлы)
2. «Ана тілім- Дана тілім, бақ тілім» деп қай жырда айтылады?(Ана тілім)
3. Сөз анасы – құлақ,
Су анасы – бұлақ,
Жол анасы – тұяқ деген қай шешеннің сөзі? (Сырым шешен)
Қазақ батырларының бас киімі не деп аталады? (дулыға)
«Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе» деген кімнің нақыл сөзі? (Ы.Алтынсарин)
4-оқушының сұрағы:
1. «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын жазған кім? (Ы.Алтынсарин)
2. Шіркін – ай, күйші болсам,
Бал тамған бармағымнан
Шіркін – ай , биші болсам,
Шығып бір арманымнан!- деп қай жырда айтады. (Арман мен ақыл)
Ы.Алтынсарин қай жерде дүниеге келген? (Қостанай облысы)
Тұмсығынан масаның,
Құрыш найза жасадым.
Күн – шоқпарды байланып,
Айбалта еттім Айды алып, - деген қандай өлең түріне жатады?
(өтірік өлең)
Абылай ханның жасырын аты кім? (Сабалақ)
Әділқазылардың шешімімен ойыннан 2 оқушы шығарылып 2 оқушы «Ақтық мәреге» өтеді.
IY. «Ақтық мәре».
Оқушылар берілген сөзден сөз құрау керек. Кім, қанша сөз құрайды екен. Берілетін сөз: «Қазақстандықтармыз»
Бұл ойынға қатысқан оқушылар қанша сөз жазса, сонша ұпай беріледі.
Ендігі кезекті әділқазылар алқасына берейік. Әділқазылар алқасы шешім шығарғанша музыкалық үзіліс беріледі.
Қорытынды: Білім – шырақ, сөнбейтін дүниеде,
Саналық бар өсіп өнген білімді де.
Шарапат ал жаныңа күлген күннен,
Елім өсер қарап – ақ білімдіге.
Құрметті: ұстаздар, оқушылар! Шын жүйрік қашанда биіктен көрінетіні хақ! Бүгін де өз білімін көрсете білген таланттарымыздың біліміне куә болдық. Осылайша топ жарып, биіктен көріне білейік! Осымен «Әдебиет – халықтың рухани байлығы атты зияткерлік ойынымыз аяқталды». Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |