Тақырыбы: «Әжелер сөзі-ақылдың көзі» Түрі: тәрбиелік-танымдық сұхбат кеші



Дата08.04.2022
өлшемі16,5 Kb.
#138449
Байланысты:
8 наурыз
-9965296715-4310020000 convert compress, 1 сергіту сәті, php2QbsDm Abaj-araszder

Тақырыбы: «Әжелер сөзі-ақылдың көзі»
Түрі: тәрбиелік-танымдық сұхбат кеші
Көрнекілігі: -мультимедиялық құрылғы, кештің барысына байланысты әр түрлі слайдтар
Мақсаты: қазақ салтындағы қыздарға қойылатын қырық жерден тиымдарды айта отырып,қыздарды қазақ қызы деген атқа лайық болуға, ақ жаулықты аналарымыздың пікірлерін тыңдату арқылы қазақ қызы осылай болу керек деген ой қалдыру, «Ана қадірі» атты бейне сюжетті көрсете отырып, болашақ аналар ретінде отбасының береке-бірлігін сақтауға,мәдениетті, көркі ақылына сай қазақ қыздарын тәрбиелеу.
Қазақша би
1-жүргізуші:
Құрметті қонақтар ақ жаулықты әжелер, кер маралдай керілген әпкелер, қыздар, ұстаздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
2-жүргізуші:
Бүгінгі «Әжелер сөзі-ақылдың көзі» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Бүгінгі кешіміз ерекше өтетін секілді, ортамызда құлпырған гүлдей, әдемі әжелеріміз қонаққа келіпті.
2- жүргізуші:
Иә, дұрыс айтасың әжелеріміз жай келмеді қыздарымызға өнегелі әңгімелерімен өнерлерімен келіпті. Ендеше біздің кешімізге арнайы келген қонақтарымызбен таныстырып өтсек.
1. Ергазина Бақытгүл
2.Жораева Рахима Даулетяровна
3.Абжанова Маруаш
1-жүргізуші:
-Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары, жаны жаздай жайраңдаған.
Қыз өссе – елдің көркі деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам, -
деп өлең-жырға қосып, табиғаттағы аңға, құсқа балап «Кер маралдай керілген», «Тотыдайын таранған, сұңқардайын сыланған» дәріптеген. Қыздарды: табиғат сұлулығына теңеп, Айсұлу, Күнсұлу, Жұлдыз десе,нәзік гүлге балап, Гүлжан, Саягүл, Раушан деп атаған. Аспандағы аққуға ән қосамын деп Аққу, Марал, Еңлік, Құралай, Тоты, Бұлбұл дүниедегі қымбат заттарға, асыл тастарға балап, Алтын, Меруерт, Гауһар деп атаған.
2- жүргізуші:Өздерінің жылы лебіздерімен келіп отырған оқушыларымызды қарсы алайық.
Ерсайын
Сара
Ендеше қымбатты кештің қонақтарына сөз кезегін сіздерге берсек.
_______________________________________________________________
1-жүргізуші: - Халық қыз бала тәрбиесін 4 ұғым: адал мен арам, обал мен сауап төңірегінде топтастырады. Ұлт дәстүріндегі бір ерекшелік- тәлімдік ақыл-кеңесті жас ұрпақ санасына астарлап, тұспалдап жеткізу. Мысалы, «Келінім, саған айтам, қызым, сен тыңда», «Қыздың қырық жаны бар» деген мақал-мәтелдерде тәрбиелік талап- тілектерді жанамалап жеткізген.
2- жүргізуші:Әулеттің киесі, барлығының ақылшысы, шаңырақтыі берекесін кіргізіп отырған асыл жан өзідеріңіз! Беліңіз қайысқанша еңбек етіп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, мейіріміңізді төге жүріп күтіп - баптап өсірген ұл - қыздарыңыз өркен жайып, бүгінде бір - бір шаңырақты құрап, өсіп - өнді – қара орманға айналды. Сол үшін ұрпақтарыңыз сізге мәңгі қарыздар. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» - дейді. Алла сізгдерге күш - қуат берсін! Ұл - қыздарыңыз бен немере - шөберелеріңіздің ортасында әрдайым жүзіңізден шуақ шашырап, қызығына тоймай жүре беріңіз!
ӘН: Әже
2- жүргізуші: «Бет пішіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең ойлы қыз – ару.
Жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік қыз - әсем.
Сөзі өткір, өзі пысық, өрескелдікті сүймейтін, болмашыға күйіп – піспейтін,
келбетті қыз – сұлу.
Істесе үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын, өзі бірден көзге түсе қоймайтын қыз – көрікті.
Баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы – жаманның жөнін біліп тұратын қыз - әдемі.
Дене бітісі жинақы сөзі салмақты, қызды – ажарлы деп атаған екен дана халқымыз.

  1. Жүргізуші: ал сол қыздардың әсемі де, ажарлысы да, сұлуы да, көріктісі де, әдемісі де біздің сыныптан табылады.

  2. Жүргізуші: Ендеше аруларымызға арналған ер жігіттеріміздің әсем әнін қабыл алыңыздар.



  1. Жүргізуші: Таусылмайды өлеңі

Күнде айтып береді
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді – деп Нұрдәулет әжесінен бір ән сұраймыз
Би: Вальс

  1. Жүргізуші: Мерекелік кешіміз өз мәресіне жеткен секілді құттықтау сөз беріледі

  2. Жүргізуші: Барлықтарыңызды мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

1-жүргізуші: Көріскенше, күн жақсы!




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет