№
|
Тақырыбы
|
Мақсаты
|
Сағат саны
|
Мерзімі
|
1
|
Графикалық кескінді орындау әдістері
|
Графикалық кескінді орындаудың әр түрлі әдістері мен құралдарын білу
|
1
|
|
|
2
|
Сызбаны орындаудағы негізгі ережелер
|
Стандарт бойынша сызба орындау мен безендіру ережелерін білу және сақтау
|
|
1
|
|
3
|
Сызба қаріптері
|
Сызба қаріптері, сызық түрлері, масштабтар туралы білімдерін көрсете отырып, графикалық кескін орындау
|
1
|
1
|
|
4
|
Өлшемдерді қою
|
5,6
|
Түйіндесулер
|
Овал, қисық сызықтар және әр түрлі түйіндесу сызбаларының тәсілдерін көрсету
|
1
|
1
|
|
7,8
|
Екі және үш жазықтыққа тік бұрыштап проекциялау
|
Екі немесе үш жазықтыққа проекциялаудың сызбада қажетті санын анықтап,орындау
|
1
|
1
|
|
9
|
Аксонометриялық проекциялар
|
Көлемді бұйымдарды құру тәсілдерін білу және түсіну (аксонометрия)
|
|
1
|
|
10,11
|
Қима туралы білу,орындау
|
Сызбада қима мен тілікті кескіндеу ережелерін білу және қолдану
|
1
1
1
|
1
1
1
|
|
12,13
|
Тілік туралы білу,орындау
|
14,15
|
Көрініс пен тілікті біріктіру
|
16
|
Құрылыс сызбалары туралы жалпы мағлұмат
|
Құрылыс сызбаларының (жоспар, қасбет, тілік) ерекшеліктері мен міндетін түсіну
|
1
|
|
|
17
|
Қарапайым құрылыс сызбаларын оқу және орындау.
|
Әр түрлі ақпарат көздері мен жалпы ережелерді, шартты белгілерді қолдана отырып құрылыс сызбаларын орындау
|
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
Сызба негiздерi. 10 сынып
Түсінік хат
Ғылым мен техниканың дамыған кезеңінде әртүрлі мамандықтағы адамдардың, сонымен қатар мемлекеттердің, мекемелердің арасында ақпарат алмасу арта түсуде.Осы ақпараттардың ішінде сызбаның да ерекше орны бар.Қазіргі таңда техникалық білімдерді жемісті игерудің шарттарының бірі- графикалық сауаттылық, сызбаны оқу және орындай білу. ХІХ ғасырдың француз ғалымы Гаспар Монж: «Сызба – техника тілі» деп айтқан. Сызу- графикалық безендіру, орындау жәнеоны оқи білу теориясы қағидалары мен практикалық амалдары.Осы бағдарламада әрбір берілген жұмыстың белгілі бір міндеті бар. Тапсырмалар оқушының танымдық қабілетін арттырып, шығармашылықпен және өз бетінше жұмыс істеуге бейімдейді.Жақсы нәтижеге жету үшін осы үйірме сабақтары қарастырылған.Біз болашақта оқушының қандай да бір мамандықты таңдай білуіне, соны игеруге ықпал жасауымыз керек.
Үйірменің мақсаты
Кеңістікті көз алдына елестету арқылы графикалық мәдениетін қалыптастыру. Логикалық талдау,шығармашылық ойлау қабілетін дамыту. Нәрсенің пішінін талдай білуге және кескінін анықтай білуге үйрету. Сызбаны безендірудің жалпы ережесімен таныстыру және сызу аспаптары мен құралдарын дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру. Көріністер мен проекциялар туралы білім беру.Тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке және жеке тұлға ретінде тәрбиелеу.
Үйірменің міндеті
-Сызбаны безендірудің жалпы ережелерін білу;
-Сызбадағы геометриялық салуларды орындау;
-Проекциялау әдістерін үйрету;
-Аксонометриялық проекцияны салуды үйрету;
-Сызбада қима мен тіліктің орындалуы мен айырмашылығын білу;
-Құрылыс сызбаларының ерекшеліктерін түсіну.
Сызбаны меңгеруге қойылатын талаптар
-Сызу аспаптары мен құралдарын тиімді пайдалануды;
-Көріністердің сызбада орналасуын;
-Диметриялық және изометриялық проекциялардың осьтерінің
орналасуын;
-Нәрсенің сызбасы бойынша пішінін талдауды;
-Қима мен тілікті орындау және белгілеуді;
-Қарапайым құрылыс сызбаларын орындауды.
Достарыңызбен бөлісу: |