Ең ежелгі өнерлердің бір түрі. Бейнелеу өнерінде суретті бояулар арқылы саламыз.Ал мүсін өнерінде тас,саз, ағаш, ермексазбен саламыз.
Мүсін кеңістікте жан-жағынан көре алатын көркем шығарма.
бір жағынан қарағанда жақсы көрінетін жазықтың бетіндегі мүсін.
Мүсін өнері — латынша кесу, шабу, жону деген мағынаны білдіреді. Мүсіндеудің сызба мен кескіндемеден айырмашылығы — барлық көлемін, пішінін анық көрсетеді. Мүсіндеудің негізгі объектісі — адам. Мүсін өнері ежелден келе жатқан көне өнердің бір түрі болып табылады. Ол тас дәуірінен бастап қалыптасқан, өңделе келіп классикалық өнерге айналған.
Мүсіндеменің негізгі жанрлары
Мүсіндеменің негізгі жанрларға бөлінеді:
портрет
тарихи мүсіндер
тұрмыстық мүсіндер
символикалық мүсіндер
аллегориялық фигуралар
анималистикалық жанр
Техникасына байланысты түрлері
Мүсіндеме негізінен 2 түрге бөлінеді:
жұмыр (мүсінді жан-жағынан түгел көрсету) және
рельефті (тегіс заттың бетіне бедер түсіру).
барельеф (фигураның жартысынан көбі сыртқа шығып тұрады);
горельеф(фигураның жартысы сыртқа шығып тұрады);
контррельеф (фигура сыртқа емес, ішке кіріп тұрады)
Мүсіндеме мазмұнына қарай:
монументтік-декоративті,
қондырғылы немесе шағын пішінді болып екіге бөлінеді.
Өңдеу тәсіліне қарай
Өңдеу тәсілдері:
ою,
құю,
шеку, т.б. болып келеді.
Архитектуралық және табиғи ортамен байланысты:
монументтік Мүсіндеме (ескерткіштер, монументтер, мемориалды құрылыстар) идеялық мазмұнының мәні мен көлеміне қарай ерекшеленеді.
Монументтік-декоративті Мүсіндеме архитектуралық құрылыс пен кешендерде (атланттар, кариатидалар, фриздер, фронтондық, бақ-саяжайлық мүсіндер) қала көшелері мен алаңдарда, тағы басқа мекеме ғимараттарының алды мен интерьерлерінде орналасқан.
Архитектурамен тікелей байланысы жоқ қондырғылы Мүсіндеменің көлемі түпнұсқаға сай немесе одан кішілеу болып келеді. Олар негізінен тұрғын үйді көркемдеуге, мұражайлар мен көрмелерге қоюға арналады. Мұндайда ол Мүсіндеменің пластик. мүмкіндігін, көлемін, жанрының ерекшелігін ескеріп, көбінесе декоративтік-сән және қолөнері түрінде қолданады.
Мүсіндеме жасауда әр түрлі материалдар қолданылады және оларды ұқсату тәсілі де түрліше болып келеді:
Мүсіндеме жасауда саз, балауыз, пластилин қолданыылады. Металдар (қола, мыс, қалайы, шойын, болат т.б.), гипс, бетон, пластмасса сұйық (ерітілген, араластырған) күйінде алдын ала жасалған қалыпқа құйылады.
Тас (мәрмәр, гранит, әк тасы, құмайт тас, базальт, диорит т.б.), ағаш және сүйектен де жасауға болады.