Халықтың саз өнерінің тағылымы



Дата20.05.2020
өлшемі14,38 Kb.
#70148
Байланысты:
этнопедагогика


Халықтың саз өнерінің тағылымы

Жас ұрпаққа тәрбие беруде ұлттық өнері туралы соның ішінде қазақтың саз өнері туралы журналдың беттерінде ерекше жазылды. Г.Карашев мұғалім негізгі тұлға екендігін әркез айтып отырған. Ол мұғалімге қойылатын талап-тілекке оқыту, үйрету, тәрбиелеу ісіне жеңіл-желпі қарамай оған аса жауаптылық пен тиянақтылық керек екенін ескертеді. Осы кезеңде өзінің тәлімдік қолтаңбасымен жұртқа таныла бастаған ағартушылықпен дін оқуының келесі бір білгірі – Мұхаметсәлім Кәшімов (1884-1934ж) еді. Ол «Әдеп» (1907), «Сабақ» (1907), «Насихат қазақия» (1908), «Ақыл кітабы» (1908) т.б. жарық көрген еңбектерінде қазақ балаларына оқу-білім, тәлім-тәрбие тазалық, мәдениет, әсіресе дүниетаным мәселелерінің төңірегінде көптеген ақыл-кеңес, өнегелі тағлымдар ұсынады. Ағартушы ұлттық салт-дәстүрге, соның ішінде қазақтың саз өнерге негіздеу қажеттігін, мұны имандылық пен адамгершіліктің сан алуан көріністерімен ұдайы ұштастырып отыруға ерекше мән береді.

Орта буын сынып оқушыларының білімін дамытуға, сонымен бірге ұлттық дүниетанымын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлген Ахмет Байтұрсынов болды. Ғалым қазақ бастауыш мектептерінде қандай пәндер оқытылу керек дегенге арнайы тоқталып, ол пәндерді оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, жаратылыс осылардың қатарында қазақ тың саз өнері болуы керек екендігін нақтылап көрсетті. Ұлттық саз өнері құралдарымен тарих, әдебиет сабақтарында дәстүрге айналған қолданбалы өнерін әрі қарай дамытқан жөн. Бұл сабақтарға ең әуелі әдістемеден хабардар оқыта білетін мұғалім, керек құралдар қолайлы һәм сайлы болуы қажет-деп ғалым ойын түйіндейді.

Қазақтың салт-дәстүрін сақтау, «қайсыбір» ырымдарды бұлжытпай орындап отыру Халел Досмұхамедовтың (1883-1937) шығармашылық еңбектерінде орын тауып тұр. Досмұхамедов жасаған психология, физиология пәндеріне байланысты көптеген терминдік атаулары төл тіліміздің сөздік қорына жиырмасыншы жылдардың өзінде-ақ іріктеп ала білгені бастауыш мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін байқатады. Осының негізінде тәрбие жүйесі дұрыс құрастыруға мүмкіндік туады. Халел Досмұхамедов қазақ жоғары педогогика институтында өзінің лекцияларында халықтық педагогиканың кейбір мәселелерін сөз етіп, баланың даму үрдісіндегі саз өнерінің аса маңыздылғын айтқан. 

Аталған ұлы ғалымдардың тәрбие, дүниетаным, өнер туралы пікірлері әрмен қарай бірқатар педагогтардың еңбектерінде орын тауып отыр: Шәрапи Әлжанов (1901-1938), Әбдіхамит Сембаев (1905-1989); Төлеген Тәжібаев (1910-1964), Сұлтанбек Қажахметов (1910-1945), Мәжит Мұқанов (1920-1985), Қартбай Бержанов (1924-1976) т.б. Бірақ біздің зерттеуімізге қажеті саз өнері толық жүйеленбеген. Онымен танысуда оқушының дүниетанымының қалыптасуы кейінгі ғалымдардың еңбектерінде терең зерттеледі. Өйткені қазіргі таңда ұлттық мектептерде саз өнері арқылы оқу-тәрбие жұмысының педагогикалық талаптарын мұқият әрі ұтымды ұйымдастыру аса маңызды болып табылады.

Өзіндік тексеру тапсырмалары:

1. Өнер жайында мқал-мәтел, даналық сөздер.

2. Мерекелік кеш сценариін жасау

Үй тапсырмасы:

1. Тәрбие сағаты жоспарын құру.



2. 1 ақынға тоқталып, оның бір шығармашылығына талдаау жасаныз (презентация)

3.Қазақтың саз аспаптары және халық әндері.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет