Хаттама
|
Ф 3-6.34-2022
1 баспа 02.02.2022
|
|
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ
/құрылымдық бөлім атауы/
КЯ -21-5 ТОБЫНЫҢ КУРАТОРЛЫҚ САҒАТЫНЫҢ
ХАТТАМАСЫ №4
«18» сәуір, 2024 ж.
КУРАТОР: Жампейсова Жанна.
ХАТШЫ: Оңдасынова А.
ҚАТЫСҚАНДАР: Топ кураторы, КЯ-21-5 тобының студенттері.
Өткізілген орны: 4.2-411
КҮН ТӘРТІБІНДЕ: КЯ-21-5 тобы студенттеріне "Академиялық адалдық – Ар-намыс кодексінің басты шарты" тақырыбын талқылау, түсінік беру. Тыңдалды:
18.04.2024 ж. күні Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасына қарасты КЯ-21-5 тобының студенттеріне М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Ар-намыс кодексі жан-жақты талқыланып, түсіндірілді. Алғашқы сөзді топ кураторы Жампейсова Жанна алып уинверситетіміздің студенттеріне арналған «Ар-намыс» кодексінің мақсатын, мінттерін, мәні мен маңыздылығын тыңғылықты түрде түсіндіріп, оның басты бір шарты оқу мен тәрбие үрдісіндегі «Академиялық адалдық» екендігіне тоқталып өтті. Сондай ақ, Ар-намыс кодексінің тармақтарына тоқталып, әр тармақтың өзіндік ерекшеліктері мен басымдықтарын атап өтті. Талқыланып түсіндірілген мәселелер негізінен төмендегідей тақырыптарды қамтыды:
• Студент Қазақстан Республикасының лайықты азаматы, таңдаған мамандығының шебері болуға, өз бойында шығармашылық тұлғаның жақсы қасиеттерін дамытуға ұмтылады.
• Студент өзінен үлкендерге құрметпен қарайды, өзін қоршаған адамдарға дөрекілік көрсетпейді, мүмкіндігінше әлеуметтік қорғалмаған адамдарға қамқорлық көрсетеді.
• Студент – әдептіліктің, мәдениеттің және адамгершіліктің үлгісі, өнегесіздікке қарсы, дініне, ұлтына және жынысына байланысты кемсітушілікке жол бермейді.
• Студент салауатты өмір салтын ұстанады және зиянды әрекеттерден толықтай бас тартады.
• Студент ЖОО-ның дәстүрлерін құрметтейді, институт мүлкін, Студенттер үйіндегі тазалық пен тәртіпті сақтайды.
• Студент академиялық келеңсіздіктің барлық түрлерімен күресуді өз міндеті деп санайды, оған жататындар: білімді бақылау үрдісінде көшіру немесе басқа адамдардан көмек сұрау, өз еңбегінің нәтижесі деп барлық көлемде дайын оқу материалдарын (оның ішінде Интернет ресурстарын қосқанда), тапсыру (рефераттар, курстық жұмыстар, бақылаулар, дипломдық және басқа жұмыстар), - дәлелді себепсіз оқудан қалу, кешігу, жоғары баға алу мақсатымен туыстық және қызметтік қатынастарды пайдалану.
• Студент жоғарыда аталған академиялық келеңсіздіктердің барлығын Қазақстанның саяси, экономикалық болашағын жарқын ету жолындағы, сапалы және бәсекеге қабілетті білім алу жолындағы үйлесімсіздік деп қарастырады.
Студенттер тарапынан тақырыпқа қатысты түрлі сұрақтар қойылып, топ кураторы тарапынан тыңғылықты жауаптар берілді.
Шешімі:
КЯ-21-5 тобы студенттеріне "Академиялық адалдық – Ар-намыс кодексінің басты шарты" тақырыбы талқыланып, түсіндірілсін.
ТӨРАҒА: ________________ Жампейсова Ж. М.
ХАТШЫ: _________________ Оңдасынова А.
Достарыңызбен бөлісу: |