ТАҚЫРЫБЫ: Ұнтақтар дәрілік түр ретінде. Ұнтақтар дайындаудың ережелері.
Кіріспе. Анықтамасы. Сипаттамасы. Жіктелуі. Ұнтақтар – iшке және сыртқа
қолданылатын, бiр немесе бiрнеше майдаланған заттардан тұратын және сусымалды қасиетi бар қатты дәрiлiк түр.
Ұнтақтар официнальды дәрiлiк түр. CCPO Мемлекеттiк
Фармакопеяның Х1 басылымына жалпы мақала енгiзiлген (2 том, 150 бет).
Дисперсиологиялық жiктелу бойынша ұнтақтар дисперстiк ортасы болмайтын, әртүрлi
көлемдегi және формадағы майда дисперстi бөлшектерден тұратын еркiн дисперстiк жүйе.
Дәрiханалардың қазiргi таңдағы рецептурасында ұнтақтар орта есеппен жалпы
экстемпоральды рецептураның 20-23% құрайды.
Ұнтақтардың жiктелуi. Ұнтақтар қолдану тәсiлi, құрамы, мөлшерленуi (дозалануы)
бойынша жiктеледi: қолдану тәсiлi бойынша: ішке қолдануға арналған ұнтақтар, сыртқа қолдануға арналған ұнтақтар;
құрамы бойынша:қарапайым (жәй) ұнтақтар, күрделi ұнтақтар;
мөлшерленуi (дозалануы) бойынша: дозаларға бөлiнген ұнтақтар, дозаларға бөлiнбеген (мөлшерленбеген) ұнтақтар;
Ұнтақтардың рецепте жазылу тәсілдері. Дозаланбаған ұнтақтар бiр тәсiлмен
жазылады. Рецепте босатуға арналған дәрiлiк заттардың салмақтық мөлшерi көрсетiледi.
Дозаланған ұнтақтар рецептте екi тәсiлмен жазылады:
а) Бөлiнген тәсiл. Рецептте әр дәрiлiк заттың ұнтақтың 1 дозасына есептелген мөлшерi жазылады, осындай дозадан дайындалатын ұнтақ саны көрсетiледi,:
б) Бөлiнетiн тәсiл. Рецептте дәрiлiк заттың барлық ұнтақ санына керектi мөлшерi
жазылады және қанша дозаға бөлу саны көрсетiледi:
. Ұнтақтар дайындау технологиясы келесi
сатылардан тұрады: ұнтақтау; елеу; араластыру; дозалау (мөлшерлеу); орамдау және
безендiру; сапасын бағалау.
Ұнтақтардың жеке технологиясы. Қарапайым ұнтақтардың технологиясы. Қарапайым
ұнтақтарды дайындау технологиясы келесi сатылардан тұрады: ұнтақтау; дозалау; орамдау, безендiру. Қарапайым ұнтақтар технологиясында араластыру сатысы болмайды.
Күрделi ұнтақтардың технологиясы. Күрделi ұнтақтың құрамына заттар қоспа ретiнде
және әртүрлi мөлшерде енуi мүмкiн, олар негiзiнен iшуге қолдануға белгiленедi. Жазылған
заттардың физикалық қасиеттерiнiң ерекшелiктерi және олардың әртүрлi қиыстырылуы күрделi ұнтақтарды әртүрлi тәсiлдермен дайындауды қажет етедi.
Әр уақытта күрделi ұнтақтардың технологиясының жалпы ережелерiн сақтау қажет:
-рецепте берiлген дәрiлiк заттардың сыйымдылықтарын тексеру;
-улы және күштi әсер ететiн заттардың дозасын тексеру;
-күрделi ұнтақтардың жалпы мөлшерiн есептеу, бақылау паспортын жазу;
-жеке ингредиенттердiң келiге салу кезектестiгiн анықтау;
-күрделi ұнтақтардың майдалануының және араласуының белгiленген оптималды
уақытын сақтау;
-дайын ұнтақтардың майдалану дәрежесiн және араласу бiртектiлiгiн тексеру;
-дайын ұнтақтарды дозалау;
-ұнтақтарды орамдау және безендiру ережесiн сақтау.
Ұнтақтардың сапасын бағалау. Ұнтақтардың сапасын бағалау технологиялық
процестiң әртүрлi кезеңдерiнде жүргiзiледi:
- алдынғы кезеңде (сыйымдылығын, өлшемiн және т.б. тексеру);
- дайындау сатыларында (бiркелкiлiгiн, сусымалдығын, түсiнiң және иiсiнiң
ингредиенттерге сәйкестiгiн тексеру);
- дайын препараттың (органолептикалық бағалау, бөлшектiң өлшемiн
анықтау, салмағынан ауытқуын және т.б. анықтау);
- босатар кезде бағалау (орамдалуының, безендiрiлуiнiң сәйкестiгiн), қатысты
құжаттардың: жазбаша бақылау паспортының, рецепт көшiрмесiнiң және
т.б. дұрыс жазылуын тексеру.