Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Тақырыбы: Өлшеуіш құралдарын мөлшерлеу (калибрлеу)
Орындаған: Дузелбаев Ағытай
Тексерген: Әмір Бақыт
СӨЖ
ӨҚ калибрлеу – мемлекеттік
метрологиялық бақылауға түспеген ӨҚ
жарамдылығы және метрологиялық
сипаттамалардың нақты мәндерін
анықтайтын және растайтын іс-әрекеттер
мен операциялар кешені
ӨҚ жарамдылығы – ӨҚ метрологиялық
сипаттамаларының (нормативтік
құжаттармен немесе тапсырыс
берушімен) бекітілген техникалық
талаптарға сәйкестігімен анықталатын
сипаттамасы.
Өлшеу құралын салыстырып тексеру(калибрлеу) әдістері 1)
эталонмен тікелей салыстыру
әдісі;
2) компьютердің көмегімен
салыстыру әдісі;
3) шаманы тура өлшеу әдісі;
4) шаманы жанама өлшеу әдісі.
Эталонмен тікелей салыстыру әдісі Калибрленетін (салыстырып тексерілетін) аспап
және эталондық аспап бір физикалық шаманы бір
уақытта өлшеуге негізделген
Калибрленетін аспаптың қателігі калибрленетін
аспаппен эталондық аспап көрсетілімдерінің
айырмасы түрінде есептелінеді (эталондық аспаптың
көрсетілімі өлшенетін физикалық шаманың нақты
мәні түрінде алынады).
Эталонмен тікелей салыстыру әдісіні артықшылығы:
1) қарапайымдылық;
2) көрнекілігі;
3) автоматты калибрлеу мүмкіндігі;
4) калибрлеуді саны шектеулі аспаптар және
құрылғылар көмегімен жүргізу мүмкіндігі.
Шаманы тура өлшеу әдісі Тағайындалған өлшеу шектерінде
калибрленетін ӨҚ мен эталондық ӨҚ
салыстыруды жүргізу мүмкіндігі болған
жағдайда қолданылады
Тура өлшеу әдісі де тікелей салыстыру
принципіне негізделеді
Әдістің айырмашылығы, салыстыру әрбір
диапазонның барлық сандық белгілерінде
жүзеге асады
Компьютердің көмегімен салыстыру әдісі Компараторды қолдану қажеттілігі,
бірдей физикалық шаманы өлшейтін
өлшеу құралдарының көрсетілімдерін
тікелей салыстыру мүмкіндігі
болмағандығымен шартталады.
Эталондық ӨҚ және калибрленетін
(салыстырып тексерілетін) аспаптың
шығу белгісін бірдей қабылдайтын өлшеу
құралы компаратор бола алады.
Бұл әдістің басымдылығы шамаларды
уақыты бойынша салыстырудың
бірізділігінде
Шаманы жанама өлшеу әдісі Өлшенетін ФШ нақты мәнін тура өлшеу
әдісімен алуға болмағанда, немесе жанама
өлшеу дәлдігі тура өлшеу дәлдігінен
жоғары болған жағдайда қолданылады
Әдісті қолдануда табуға қажет мәнді алу
үшін алдымен іздеген шамамен
функциялық тәуелділіктегі белгілі шама
мәнін іздейміз
Сонан соң іздеген мәнді осы тәуелділік
негізінде есептеу арқылы табамыз.
Жанама өлшеу әдісі әдетте
автоматтандырылған калибрлеу
құрылғыларында қолданылады.