Метафизикалық психология мен рационалистік психологияның зерттеу әдістері ”жан” болғандықтан, олардың негізгі әдісі құрғақ ойлану болып табылады.
Эмпирикалық психология жан, сана құбылыстарымен шұғылданатындықтан, олардың негізгі әдісі өзін өзі байқау ,яғни өзіндік психологиялық толғауларды байқау, сипаттау.
Қылық психологиясы психология ғылымын табиғи ғылым санап табиғи ғылымдарда қолданылатын сыртқы байқау әдісінің психологияға келуіне себепші болды.
Марксистік психология обьективтік жағдайлардың әсерінен адамда пайда болатын субьективтік жағдайларды зерттеу үшін обьективтік жағдай мен субьективтік жағдайларды бірлікте алып қарайды
Байқау фотографиялы болуы шарт. Фотография заттарды тұрған жайларынан бұлжытпай сол қалпында суретке түсіреді. Байқаушы байқайтын заттарын өзгертпей сол күйінде байқап отырады.
Кинематография
Бірақ дүниедегі заттар бір орында тұрмай әр уақытта өсіп, дамып отырады.Психикалық әрекеттердің өсіп дамудағы ағымын шатыстырмай сол қалпында байқау үшін кинематография қолданылады.
Кемшіліктері:
Байқаушы адам өне бойы белсенсіз болады,өздігінен байқауды ұйымдастыра алмайды. Байқалатын адам әрекетіне қатысып өзгерте алмайды.
Бақыланатын жағдай әр уақытта бір қалыпта болмайды,сол себепті байқау нәтижесі де әр түрлі болады.
Байқаудың қорытындысына бақылаушы өзінің субьективтік пікірін қосуы