Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті СӨЖ
Сабақ
Сабақ – логикалық аяқталған, толық, шектеулі бағандармен негізделіп қамтылған оқу-тәрбие үрдісі. Оның құрамында күрделі тығыз байланыста оқу процесінің негізгі элементтері қамтылған: мақсат, міндет, мазмұны, әдісі, тәсілі, түрі, оқушы мен оқу арасындағы іс-әрекеттің байланысы.
Сабақ өз алдына мұғалімнің шеберлігінің айқын көрінісі болғанымен , бір жағынан оқытудың психологиялық – педагогикалық заңдылықтарына, екінші жағынан білім беру стандартының қоятын талаптарына негізделген.