Тақырыбы Сын есім, түрлері. Мақсаты



Дата08.02.2022
өлшемі21,46 Kb.
#118706
түріСабақ
Байланысты:
Сын есімнің түрлері
Қазақ тілі оқыту әдістемесі, Сын есімнің түрлері, Қазақ тілі оқыту әдістемесі

Тақырыбы
 
 

Сын есім, түрлері.

Мақсаты

Сын есім және оның түрлері жайында түсінеді.

Күтілетін нәтиже

Сын есім жайлы ұғымдар тереңдейді
Абай шығармаларынан сын есімдердің түрлерін ажыратады.

7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Кім жылдам, Миға шабуыл, Инсерт , Вен диаграммасы, Екі жұлдыз, бір ұсыныс т.б.

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук, таблицалар, таратпа материалдар

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі
 
 
 
 
 
 
 
 Тренинг

Оқушыларды сапқа тұрғызып, дара және негізгі болып 2 топқа бөлу
Ережемен таныстырылады.
Әр топқа бағалау парағын таратып беру.
Фигуралармен бағалау әдісімен бағалау үшін фигуралар таратып беру
«Сандарды бейнеле» ойыны
арқылы психологиялық ахуалды жақсарту

Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.
Ережені сақтау керектігі айтылады.
Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады.
Фигуралар арқылы топтар өзара бағалайды.
Әртоп өздеріне берілген сандарды дене мүшелерімен,қимылымен бейнелеу.

Білу
Миға шабуыл
Интерактивті тақтаға «Қайталау–оқу анасы» әр түрлі деңгейдегі сұрақтар беріледі,
 

Сын есімдер жайлы түсінік қалыптасады. Интерактивті тақтадағы сұрақтар арқылы оқушылардың кезекпен жауап беруі сұралады.
Мәтіндегі сөздердің мағынасына, тұлғасына, құрамына мән береді.
Ақ, қара, жеңіл, үлкен, сұлу, тұзды, арманшыл, ақшалы, жақсы, әдемі, кең, суық, қысқы, таулы, сынық, өткір, ойлы-қырлы, қызыл ала, ұзын бойлы, жақсы-жаман.

Оқушылар интерактивті тақтадан кез-келген ұяшықты таңдайды да,топ мүшелері кезектесіп жауап береді. Оқушылар еске түсіреді, талдайды.

Түсіну
“Инсерт” әдісі бойынша түсініктерін тереңдету қадамдарын жасайды, дағдылары дамиды.
Абайдың өлеңдерінен алынған үзінділерден сын есімдерді табады. Постермен өткен тақырыпты қорғау
 

Сын есімнің сапалық, қатыстық , дара және күрделі, негізгі және туынды түрлерін таблица көмегімен табу. Осы көрстелген жаңа тақырыпты оқушыларға жинақтау үшін жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату.Кітаппен жұмыс жасату Постер арқылы тақырыптарын қорғату.

Желсіз түнде жарық ай


Сәулесі суда дірілдеп...
Абай.
Желсіз, жарық сөздері түн, ай сөзінің сын-сипатын білдіріп тұр.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды


Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі-суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды...

Дем алысы - үскірік аяз бен қар


Кәрі құдаң қыс келіп, әлек салды,
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып
Аязбенен қызарып ажарланды...
Абай.

Сын есімдер мағынасына қарай топтап көрсетеміз.



  1. Заттың түрін, түсін білдіретін сөздер.

  2. Заттың көлемі мен аумағы.

  3. Мінез және қасиет.

  4. Формасы.

  5. Дәмі.


Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту
Постер арқылы бар білімдерін топпен талқылап ортаға топтан оқушы шығып, тапсырманы постер арқылы қорғайды және өз пікірлерін ортаға салады., бір-біріне түсіндіреді, тақырыпты жинақтайды

Қолдану
“Венн диаграммасы” ұқсастықтарын, айырмашылықтарын саралайды, сөйлеу, жазу дағдылары дамиды.



Оқушылар көлемді мәтінді әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде оқып шығып топпен талқылайды, сосын топтар құрамы өзгертіліп, құрамында әр бастапқы топтан бір белсенді оқушы бар жаңа (сарапшылар тобы) топтар құрылды.Құрылған сарапшы топ берілген тапсырмаларды біріге талқылап орындайды Осыдан кейін олар өз топтарына қайта оралып, өздерінің бұрынғы топтағы достарына кезекпен өз жанұяларында түсінген материалдарын тиянақты түрде жеткізіп, үйретуі керек

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап , өз ой-пікірлерімен санаса білу
Топпен жұмыс жасау

Талдау
Ойлан тап

Әр топқа тапсырма бойынша тапсырмалар таратылады

Жыл мезгілдері

айлар

күндер

Түн
дер

Ауа-райы

Жаз
Күз
Қыс
көктем



маусым
шілде
тамыз

ұзақ

қысқа

Ыстық, кейде жылы жаңбыр
жауады.




Әр топтан оқушы шығып жаттығулар орындайды

Жинақтау



Білім туралы топ бойынша жинақтайды, бір-бірін бағалайды

Оқушылардың мақсаты берілген тақырыпқа арнап өз ойларын жеткізу

 Бағалау
Бағалау шкаласы мен бағалау парақтарын тарату

Әр топқа бағалау парақтарын тарату, бағалау шкаласын тақтаға ілу керек

Әр топ бағалау парақшасын өздерін бағалайды

Рефлексия

Екі жұлдыз , бір тілек
Стикерлерді толтыру
Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин)
ББҮ кестесін толтыру

Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін жазады.

Үйге тапсырма

Абайдың бір шығармасынан сын есімдерді теріп жазу.
«Есім сөз таптары» тақырыбына кітапша , альбом жасау.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет