Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Инженерлік – технологиялық факультеті
Киімді дайындау барысында ең маңыздысы – киім бөлшектері мен киімді ылғалды-жылулық өңдеу процесі. Тігін бұйымдарын ылғалды-жылулық өңдеу – дегеніміз бұйымның бір бөлігін немесе тұтас бұйымды ылғал, жылу, қысым арқылы арнайы құралдың көмегімен өңдеу. Ылғалды-жылулық өңдеу жұмысы бұйымның тігілу сапасына көп әсерін тигізеді. Үтіктеу арқылы бұйымның формасын келтіру, әр түрлі тігістерді өңдеу, бұйымның соңғы өңделуі және жапсыру жұмыстары жүргізіледі. Ылғалды-жылулық өңдеу жұмысы тігін бұйымдарын өңдеудің жалпы уақытының бестен бір бөлігіне тең.
1. Әрбір тігісті орындағаннан кейін, үтікпен бастырып отырса, жұмыстың кәсіби орындалуына қол жеткізуге болады.
2. Үтіктің қызуы мен матаның жоғары температураға әсерін бақылау.
3. Үтіктеу алдында, бормен немесе құрғақ сабынмен белгіленген белгілеулерді өшіріп алу керек.
4. Мата жібінің бағытымен үтіктеу, матаны созып үтіктеуге болмайды.
5. Үтікті мата бетінде ұзақ басып тұруға болмайды.
Үтіктеу барысында жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін, келесі операцияларды іске асыру қажет:
Үтіктеуге арналған негізгі құрал-жабдықтар:
2. Бу мен ылғалды реттеуіші бар үтік Мата бетіне қойып үтіктейтін табиғи маталардан жасалған қосымша материалдар. Оларған дәке, мақта матасы, саржа т.б.
Үтіктеуге арналған қосымша құралдар:
Бұл қосымша құралдар ерекше маталар мен күрделі өңдеуден өткен бұйым бөлшектерін үтіктеу жұмысын жеңілдетеді.
Бұйымды булау үшін кигізіп қоятын манекен.
Престеу
Бұйымды әрлеп үтіктеу – бөлшектердегі қыртысталған, бүктелген, қатпарланған жерлерін алдын-ала және тігуден бұрын үтіктеу.
Баса үтіктеу – тігіс қалыңдығын жұқарту (мысалы, бұйымның етегін, қатпардың бүктемесін, екі немесе одан да көп қиықтарды сырылған тігісін үтіктеу.)
Баса үтіктеу – тігіс қалыңдығын жұқарту (мысалы, бұйымның етегін, қатпардың бүктемесін, екі немесе одан да көп қиықтарды сырылған тігісін үтіктеу.)
Айыра үтіктеу – тігістің ортасын ашып, екіге айырып бастырып үтіктеу (мысалы, иық тігісі, бүйір тігісі).
Жатқыза үтіктеу – тігістерді немесе бүктемелерді бір бағытқа жатқызып үтіктеу (мысалы, бүкпелер мен қатпарларды үтіктеу).
Жатқыза үтіктеу – тігістерді немесе бүктемелерді бір бағытқа жатқызып үтіктеу (мысалы, бүкпелер мен қатпарларды үтіктеу).
Жия үтіктеу – сәйкес формаға келтіру үшін матаны тығыздау. Мысалы, жеңді қондыру сызығын, бүкпенің сүйір бұрышындағы матаны жия үтітейді
Декатирлеу – матаны ширату үшін, сулап, толық кептірмей үтіктеу.
Созу – қиындыны немесе жеке бөлшектердегі қиық бөліктерін ұзарту (мысалы, тік жағаны, белдің бүйір тігісін созу)
Ылғалдау – мата бетінде үтіктеу кезінде пайда болған жылтыраған ақауларды жою үшін жасалады. Ылғалдау процесі матаның оң бетіне дымқыл табиғи матаны (мәрлі) жаю арқылы үтіктеу.
Ылғалды-жылулық жұмыс ережесі: Қиықтарды жеңіл үтіктеп, соңғы үтіктеуді көктеу тігістерін алып тастағаннан кейін орындайды. Қатпарларды алдымен оң жағынан жалпы үтіктеп алып, кейін жекке-жеке үтікпен бастырады. Бұл асықпай өте баяу орындалатын процесс. тігістерді алдымен ішінен бастырып үтіктеп алады. Мақта және зығыр матасынан тігілген киімдерді аздаған ылғалдылықпен оң және теріс жағынан да үтіктей береді. Жібек матасынан тігілген киімдерді 140 градуста ішкі жағынан үтіктейді. Ешқандай су немесе бу қолданбайды, себебі су тамшыларының ізі жібек матасынынң бетінде қалып қояды. Жүн маталарын бет жағынан дәке арқылы 180-220 градуста үтіктейді. Штапельді және вискозды маталарды 150 градус температурада үтіктейді. Сәтен матасынан тігілген бұйымдарды ылғалсыз 140 градуста киімнің ішкі жағынан үтіктейді.