Тақырыбы: «Тапқырлар мен ептілер» білімділер сайысы Мақсаты: І. Салтанатты іс-шараның ашылу салтанаты



Дата12.03.2018
өлшемі91,67 Kb.
#38412
Тақырыбы: «Тапқырлар мен ептілер» білімділер сайысы
Мақсаты:
І. Салтанатты іс-шараның ашылу салтанаты.
Мұғалім: Құрметті қонақтар, жарысқа қатысушылар, жанкүйерлер. Бүгін өткізгелі отырған «Тапқырлар мен ептілер» білімділер сайысына қош келдіңіздер!

Қызықтырған, ақылдыны, ойлыны,

Халқымыздың бұл – қызықты ойыны.

Төрт адамға тең бөлінген сұрақты,

Ойнау үшін орыны орыны бар тұрақты.

Кімде-кім сұрақты тез табады,

Сол ойыншы ұтып шыққан болады.

Қызықтырған білімдіні, ойлыны,

Міне, осындай қазағымның ойыны.

Спорт алаңына: (музыкалық әуен)

5 сыныбы

Ұраны: Біз шымыр, сергек денеміз,

Өнер сүйер өренбіз

6 сыныбы

Ұраны: Біз биіктен самғаймыз,

Қарсыластан қалмаймыз.

6 сыныбы

Ұраны: Біз биіктен самғаймыз,

Қарсыластан қалмаймыз
Мұғалім: Әділқазы мүшелерімен таныс болайық.


  1. Директордың міндетін уақытша атқарушы: Ж. Алдамберген




  1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: С. Дініслам




  1. АӘД пәнінің мұғалімі: К. Ләпен

Жүргізуші
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Елбасы Н.Ә.Назарбае «Қазақстан 2050» жолдауында біздің болашақ балаларымыз. Салауатты өмір сүру өз қолымызда. Осы мақсатта біз бүгін «Тапқырлар мен ептілер» білімділер сайысын ұйымдастырып отырмыз. Олай болса кезеңдерге көшелік.


  1. Бәйге

  2. Полиглот

  3. Ғажайып жетілік

  4. Оратор

  5. Жорға

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай тыным да жат дауысқа.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда аптығыста.

Ойын-толқып жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

Бұл ойынға 5-6-7 сынып оқушылары тартылады.

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,

Бәйг, бәйге, бәйгелерді көріңіз.

Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт-сапар тілей отырып, «Бәйге» турын бастаймыз. Берілген түрлі сұрақтардың шешімін тауып, шапшаң жауап берген оқушылар 10 ұпайға ие болады.
«Бәйге»


  1. Кермеде қолды жай ұстау тәсілі?

(бір қолмен астын, 2-ші қолмен үстін ұстау)


  1. Негізгі гимнастиканың түрлері?

(спорт атлетика, көркем гимнастика, спорттық акробатика)

  1. Қай жастан бастап баланы шаңғы спортына дайындауға болады?

(8-10 жас)

  1. Футболда «хет-трик» термині қандай мағына береді?

(бір ойыншы қатарынан үш доп соқса)

5. Секірудің қанша түрі бар?

(1.сырықпен секіру; 2. Адымдау әдісімен биіктікке секіру; 3. Ұзындыққа секіру; 4. Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру)

6. Секіру неше бөлімнен тұрады?

(1. аяқпен итеру; 2. Самғау; 3. Жерге түсу)

7. Спортпен айналыспас бұрын не істеу керек?

(Жаттығу орындап, денені қыздыру керек)


  1. Хоккей ойыны қай елде пайда болды?

(Канада)

  1. Ең алғашқы Олимпиадалық жарыс қайда өтті?

(Афинада - Греция)

  1. Баскетбол ойынында допты алып жүрудің неше түрі бар?

(үш түрі бар, оң қолмен, сол қолмен, екі қолмен)

  1. Баскетбол ойынында қанша ойыншы ойнау керек?

(5)

12. Волейбол ойынында ойнайтын ойыншы саны неше адам?

(6)

13. Волейбол ойынында допты беру (подача) неше түрге бөлінеді?



(екі түрге жоғарыдан, төменнен)

14. Ойын кезінде Баскетболда, Волейболда, Футболда, т.б. ойындарда, сыртқа сызықтың ары шығып кеткен допты қалай атайды?

(аут добы)

15. Футбол ойынында қанша адам ойнайды?

(11 адам. 10 ойыншы, 1 қақпашы)

16. Шахмат ойынында қанша түрлі фигура болады? Атаңыз

(пешка, слон, ат, ладья, ферз, король)

17. Лондон Олимпиадасында Ольга Рыпакова қандай сайыста алтын медаль иеленді?

(ұзындыққа 3 қарғып секіруден)

18. Әлемге әйгілі қазақ палуаны?

(Қажымұқан)

19. Мұздағы би қалай аталады?

(Мәнерлеп сырғанау)

20. Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақта неше отау, неше қазан, неше тас болады?

(162 тас, 18 отау, 2 қазан)
Осымен балалар «Бәйге» сұрақтары аяқталды.

Келді кезек Полиглотты шешуге,

Жауаптарын күштілерге есуге.

Қазақ, орыс, ағылшынша білсеңіз,

30 ұпай шәкірт саған несібе.

Демек, келесі сайысымыз «Полиглот» деп аталады. Сендерге жұмбақталып жасырын сұрақтар оқылады, сендер сол сұрақтардың жауабын тауып қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтуларың керек. Ал ендеше сұрақты мұқият тыңдаймыз.



  1. Баскетбол ойынындағы доп түсіретін құрал?

( Себет- Кольцо-Баскет)

2. Волейбол ойынындағы тең ортада керіліп тұратын құрал?

(Тор- Сетка-нет)

3. Футбол ойынындағы теуіп ойнайтын құрал?

( доп- Мячь-Болл)

4. Футбол ойынындағы күзетіліп, допты кіргізбей тұратын жер?

(қақпа-ворота-гоул)


  1. Футбол ойнайтын жер.

(алаң-площадка-граунд)

  1. Судьяның белгі беретін құралы

(ысқырық-свисток-уистл)

  1. Екі қолмен асылып тұратын құрал?

(керме-турник-туэнтэт)

  1. Қыста қар бетімен аяққа киіп сырғанайтын спорттық құрал?

(шаңғы-лыжа-ски)

  1. Медаль металдарын ата

(алтын,күміс,қола-золото, серебро,бронзо-голд,)

  1. Илья Ильиннің көтеретін құралы

(зілтемір-штанга-)

Осымен «Полиглоттың» сұрақтары аяқталды.

Жетіліктің сұрағы көп сабақтан,

Шәкірттердің білгірі алға шығады.

Асықпаңдар, ойланыңдар, балалар,

Үш жауап бар біреуі оның шырағы.

Демек келесі «Ғажайып жетілік» кезеңі
Ғажайып жетілік


20 қазақ тілі

20 биология

20 физика

30 химия

30 тарих

30 қазақ әдебиеті

40 ағылшын

40 география

40 дене шынықтыру

Сол жақтағы 20:қазақ тілі: Архаизм дегеніміз не?



  1. Жаңа сөз

  2. Көнерген сөз

  3. Қолданыстан шығып қалған сөз

Ортадағы 20: биология: Гүлсеріктің қызметі



  1. Қоректену

  2. Ұрықтану

  3. Гүлдің ішкі бөлігін қорғау

Оң жақтағы 20: физика: Қызыл әріптерге жасыл шыны арқылы қараса олар қандай болып көрінеді?

  1. Ақ

  2. Қара

  3. Жасыл

Сол жақтағы 30:химия: Химиялық элементтерді кім құрастырды?

  1. Бертло

  2. Бутлеров

  3. Менделеев

Ортадағы 30:тарих: Тиграхауда сақтары дегеніміз қай сақтар?

  1. Теңіздің арғы жағындағы сақтар

  2. Сусын дайындайтын сақтар

  3. Шошақ бөрікті сақтар

Оң жақтағы 30: Қазақ әдебиеті: «Абай жолы» романының авторы кім?

  1. М. Дулатов 2) А. Байтұрсынов 3) М. Әуезов

Сол жақтағы 40: ағылшын: Ұлыбритания қанша мемлекеттен тұрады?

  1. 2 2) 3 3)4

Ортадағы 40: география: Жердің қатты қабаты?

  1. Атмосфера 2) Гидросфера 3) Литосфера

Оң жақтағы 40: дене шынықтыру: Қазақстанның атақты боксшысы, Сидней Олимпиадасының чемпионы

  1. Эльдар Өксікбаев 2) Смирнов 3) Ермахан Ибраимов

Осыдан кейін командалар ұпай бойынша іріктеліп, ойыншының келесі сатысына ең көп ұпай жинаған екі команда ғана жіберіледі.
«Оратор»

Білімдіден шығады, алғыр, шешен,

Шешендіктен болған ғой барлық көсем.

Сайра, шәкірт, суырыл, шырақташы,

Қалмасын бұл жарыста сенің есең.

Тақырып: «Дене шынықтырудың пайдасы мен зияны»

Сайыстың шарты: бір команда дене шынықтырудың пайдасын, ал екінші оқушы зиянын айту керек.

«Жорға»

Ең қиыны жарыстың «Жорға» келді,

Мықтылары қалыпты жеңсін енді.

Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,

Осы ойыннан көреміз ерен ерді.

Жорға, жорға, жорғала,

Шапшаңдыққа таң қалма.

Ойын деген арпалыс, жеңілем деп ойлама!

Нұсқаны таңдау ұпайы оқушының өз еркінде.
І-нұсқа


  1. Сөренің қандай түру бар? Неше түрі

(3-түрі: сөреге, дайындал, марш)

  1. Жүгірген кезде мұрынмен демалып керек пе, жоқ әлде ауызбен дем алу керек пе?

(Мұрынмен)

  1. Финишті қазақша қалай атайды?

(Мәре сызығы)

  1. Старт сызығын қазақша қалай атайды?

(Сөре сызығы)

  1. Алысқа доп лақтыру күш қажет ете ме?

(Ия)

  1. Волейбол ойынын ұпай санына ойнайды ма, жоқ әлде уақытқа ойнайды ма?

(Ұпай санына)

  1. Футбол ойынындағы қақпашының мақсаты?

(Допты қақпаға кіргізбеу)

  1. Баскетбол ойнында қолыңды соғып немесе итеріп жіберсе ол әрекетті қалай атайды?

(Фол)

  1. Волейбол ойнында допты аяқпен алуға бола ма?

(1 рет)

  1. Баскетбол ойынында допты бастан асыра алып жүрген әрекетті қалай атайды?

(Пронос)
ІІ-нұсқа

  1. Футбол ойынында қолмен ойнай ма, әлде аяқпен ойнай ма?

(аяқпен)

  1. Футбол ойынын уақытқа ойнай ма, ұпайға ойнай ма?

(уақытқа)

  1. Баскетбол ойынында допты неге тастау керек?

(Себетке)

  1. Волейбол ойынында допты қайдан асыру керек?

(Тордан)

  1. Баскетбол ойынында допты қолға ұстап жүгіріп кеткен әрекетті қалай атайды?

(пробежка)

  1. Баскетбол ойынында допты пас беру қанша тәсілден тұрады?

(4 тәсіл)

  1. Жеңіл атлетикада жүгіріп келгеннен кейін отыра қалуға бола ма?

(Жоқ)

  1. Үлкен футбол ойынындағы екі команданың ойыншылар саны.

(22)

9) Футбол ойынында аяққа киетін носки тәріздес зат.



(Гедри)

10) Футбол, волейбол, баскетбол ойынының доптарының салмақтарының айырмашылығы бар ма?



(Ия)
Қорытындылау бөлімінде жеңімпаз оқушыны анықтап, марапаттаймын. Қатысқан оқушыларға бағалы сыйлықтар беремін.
Каталог: uploads -> doc -> 0c1c
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c1c -> Сабақтың мақсаты: Б. Оқушылардың органикалық химия курсын есіне түсіру, генетикалық байланысты шығару


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет