Тақырыбы: «Тегімнің тарихы» М



бет1/4
Дата03.01.2022
өлшемі29,55 Kb.
#108168
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Тәрбие сағат
СРСП.№6, СРСП.№6, СРСП.№6, СРСП.№6, СРСП.№6, СРСП.№6, Зертханалық жұмыс №7-8, Зертханалық жұмыс №7-8, Зертханалық жұмыс №7-8, Зертханалық жұмыс №7-8, №5-6.СРСП тақырыбы, Экономикалық өсу, Дабл датч

Тақырыбы: «Тегімнің тарихы»
М
ақсаты: 
1. Білімділігі: Оқушыларға жеті саны киелі екенін ұғындыру
2. Дамытушылық: сөздік қорын байытып, қабілеттерін арттыру
3. Тәрбиелігі: Жеті атаны білу арқылы өзіңді тану. Атадан үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие алу. Ата текті құрметтеу, ұрпақ жалғастығы, отбасы құндылығы және тектілік туралы ұғымды ұғыну. Өзінің кім екенін, ағайын-тумаларының қайдан шыққанын білгізу, ұрпаққа шежіре үйрету, шығармашылыққа баулу.Ата - баба аруағына тәу етіп, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, шығармашылық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бейнежазба

Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:

Құрметті, оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыздың өз халқымыздын сәлемдесу рәсімімен бастайық деп тұрмын.

Сәлем берудің қандай түрлерін білесіңдер?

Оқушылардын жауабы:

Ассалаумахалейкум

Уағалейкумассалам

Сәлеметсіз бе

Амансыз ба

Қалыңыз қалай

    Дұрыс айтасындар. Ал қанеки қазақтың салтымен бір-бірімізбен төс қаңыстырып амандасайық.



2. Жаңа сабақ
- Бір аптада неше күн бар?(санайық)
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі
- Барлығы жеті күн бар. Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымыз 7 санына байланысты «Жеті ата» туралы болмақ.
Қазақ халқының дәстүрлі салт санасында жеті атасын үйрету, атадан балаға жалғасады. Жеті ата — қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Ағайындықтары Жеті атаға толмай жақын-жуықтар бір-бірінен қыз алыспайды. Жеті атаға толғаннан кейінгі күннің өзінде, бір рудың жастары некелесетін жағдай туса, ру ақсақалдары бір пәтуаға келіп, боз биені сойып, баталасып барып рұқсат ететін болған. Ататек атаулары: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Қазақ халқында жеті атаға дейін тегін білу тиістігі өнегелі дәстүрге айналған. Бұл дәстүр бойынша әрбір әке өзінің баласына ата тегін таныстырып отырады. Ал бала оны түсініп, біліп қана қоймай, өзі әке болғанда өзінің балаларына таныстырады. Осыны өзінің балаларына жеткізу үшін әрбір бала өз ата тегін жақсы біліп алуға тырысады. Сол себептен ата - бабаларымыздан «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген мақал күні бүгінге дейін жеткен. «Жеті атасын білген ұл жеті жұрта жөн айтар» деген аталы сөзді арқау етіп, баласына ата тарихын жастайынан жаттатып, ел-жұрт тарихын білу – ер-азаматты ерлікке, елдікке баулиды деп ұққан. Әкесі, атасы балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймай, олардың қандай адам болғанын, елі-жұрты үшін еткен ерлігі, өнегелі істері жайында әңгімелеп берген. Осы арқылы бала ата дәстүрін жалғастырса екен деген мақсат көзделген. Қазақтың туысқандық қатынастары 
«Қырық рулы елміз, қарға тамырлы қазақпыз» деген сөз де баяғыдан келе жатыр. Бұл қазақтың аралас-құралас, алыс-берістік, құда-жегжат, жамағайын, жұрағатын аңғартататын сонау іргеміз сөгіліп, қаймағымыз бұзылмаған заманнан жеткен ұғым. 
Алысты жақын тұтқан, жақынды бауыр тұтқан. Туыстық желіні үзбеген. Береке-бірлікті бұзбаған. Үлкені сөз бастаған, кішісі ағаның сөзін қостаған 
қазақта туысқандық қатынастарды өзара сабақтас үш жұртқа, топқа бөліп айтады.

Жалпы қазақ пен қазақ кездескенде ата-текті сұрамай отыра алмайды. 


2.2.«Жеті ата» ұғымының мәні бейнежазба көрсету
«Жеті атасын білмеген жетесіз» деген сөз тегіннен тегін айтылмаған. «Жеті ата» деген ұғымда «ата» деген сөз бар. Яғни бұл «ата-баба» деген ұғымды көрсетіп, тайға таңба басқандай, соқырға таяқ ұстатқандай айтып тұр. Олай болса, жеті ата шежіресі өзімізге дейінгі ата-бабаларымыздан бастап таратылады. Яғни: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6.Түп ата. 7. Тек ата .

Сондай-ақ, адамдар атасынан төмен қарай атағанда былайша ататек жалғасады: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене

Шаңырықтың ең үлкені ,ең тамыры-АТА Ата өз отбасының ақылшысы ғана емес, ол отбасы бірлігін,тұрмысын болашағын байқап отыратын дана. Атадан кім тарайды?

ӘКЕ Ата әкенің әкесі. Әке –ұрпақ иесі,үй басшысы,асыраушысы. Енді осыдан жалғасып жатқан ұрпақтарды таратайық.

Әкеден кейін кімді қоямыз?

Бала ,дұрыс –бала .Бұл атаға немере болады.

Баладан кейінгі ұрпақ қалай аталады?

Немере– туыстық атау. Ер адамның баласынан тараған ұл мен қыз. Ағайынды кісінің балалары туыстық жақындығы жағынан Немере аға, Немере іні, Немере қарындас, сол сияқты ағайынды кісінің қыздары да Немере апа, Немере сіңлі болып аталады. ШӨБЕРЕ – туыстық атау. Атадан санағанда немереден өрбіген ұрпақ. Дәстүрлі қазақ қоғамында Шөбере немереден таралған ұл-қыздардан құралады.

Шөпшек – туыстық атау. Атадан тараған төртінші ұрпақ. Немере мен шөбереден туғандар туыстық жағынан қашықтай бастайды. Шөпшекті кейбір жерлерде туажат деп те атайды

Немене– туыстық атау. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы жеті ата жүйесі бойынша таратылатын жетінші ұрпақ.

Жеті ата. Әр адам өзінің жеті атасын білуі керек көргенділік пен білімділігін танытады. Білмесе жеті атасын білмеген жетісіз деп айтқан.

   Ойнап –күліп жүру керек,

   Ойнап – күліп тұру керек.

   Жеті жасқа жетпей бала,

   Жеті атасын білу керек 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет