Тақырыбы: «Тәуелсіздік – бабалардың ұраны» Мақсаты



Дата31.01.2018
өлшемі53,39 Kb.
#37253
Тақырыбы: «Тәуелсіздік – бабалардың ұраны»

Мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу.Қазақстанның келешегі үшін аянбай еңбек етуге шақыру. Патриоттық, эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Желтоқсан құрбандарының суреттері, «Желтоқсан жаңғырығы»,
«Желтоқсан құрбандары мәңгі есімізде» қанатты сөздер.
Кіріспе сөз.
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! 16-желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздік алған күніне арналған «Тәуелсіздік – ел тілегі.» атты салтанатты мерекені ашық деп жариялаймын.
Соңына мәңгі ұмтылмас мұң қалдырып, жыл өткен сайын, бірте-бірте алыстап, тарих қойнауына сіңіп бара жатқан 1986-ның желтоқсаны, қай қазақтың жүрегін сыздатпады, кімнің көңіліне жара салмады. «Уақыт емші»-дейді халық. Желтоқсан жарасы да уақыт өте келе жазылар. Күнді-күн жалғап, уақыт зулап өтіп жатыр «Басталған ай туралған етпен бірдей» деген ғой. Мінекей, биыл желтоқсан оқиғасына 30 жыл өтсе, тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толып отыр.
І - жүргізуші: Тәуелсіздік, еркіндік-ежелден ел тілегі. Тәуелсіздік-халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі.
Бүгінгі Қазақстан- әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін жері бай, халқы бай ел.
ІІ – жүргізуші: 1991жылы 16 желтоқсан күні 18 сағат 14 минутта біздің еліміздің тәуелсіздігін жария еткен ұлы заң қабылданды. Біз бақытты өмірдің есігін ашқандай едік.
Қазақ хандығы егер 15 ғасырда 1456 жылы тұңғыш құрылса, арада 535 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанның нағыз тәуелсіз мемлекеттігі жарияланды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» еліміздің конституциялық заңына қол қойды. Қазақ халқының ғасырлар бойғы аңсаған арманы жүзеге асты.
Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейінгі аз уақытта бұрын өңіміз түгілі түсімізге енбеген оқиғалар болды. Сол жетістіктерімізді атап өтейікші:
1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды.
1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш Президентіміз сайланды.
1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді.
1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғары кеңесі мемлекеттік рәміздерімізді қабылдады.
1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз мемлекетіміздің негізгі заңы Конституция қабылданды.
1993 жылдың 15 қарашасы жас мемлекетіміздің тарихында ерекше күн болып қалды. Осы күннен бастап ұлттық валютамыз-теңге айналымға енді. Қазақстанды бүкіл әлем таныды.
І – жүргізуші: Балалар, 1986 жылы 16 желтоқсанда Брежнев атындағы алаңға жастар және студенттер не үшін жиналып еді?
Үкімет басына Колбиннің келуіне байланысты, өз тәуелсіздігін алу үшін жиналды.
ІІ – жүргізуші: Колбинге неге қарсы шықты?
Қазақстанда қазақ мектептері, балабақшалары азая бастады. Қазақтар өз ана тілдерін ұмыта бастады.
І – жүргізуші: Колбин қайдан келген?
Колбин Ресейден келген болатын.
ІІ – жүргізуші: Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер?
Өз алдына дербес, еркін мемлекет, яғни ешкімге тәуелді болмай, ішкі, сыртқы мәселелерді өздерінің шеше алатын мүмкіндігі болуды – тәуелсіз мемлекет дейміз.
І – жүргізуші: Сонымен біз тәуелсіздігімізді алдық па?
Бәрі: Ия, қазір біз тәуелсіз мемлекетпіз.
ІІ – жүргізуші: Тәуелсіз мемлекет атануымызға кімдердің еңбегі сіңді?
________: Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты аға – апаларымыздың көп еңбектері сіңді.
І – жүргізуші: Дұрыс-ақ, балалар, біз осы көптеген аға – апаларымыздың арқасында тәуелсіз мемлекет болдық.
ІІ – жүргізуші: Қазақ халқының ең соңғы өліп, тірілуі – біздің халқымыздың қайғы- қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Осы оқиғаға қатысты деген желеумен 99 адам сотталды, 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан, 52 адам коммунистік партия қатарынан шығарылды, әртүрлі жазалар берілді. Бұл күнде 17-18-желтоқсандағы Алматыдағы оқиғаларға қатысқаны үшін жазаланған азаматтар Президенттің жарлығымен ақталды.
Ән: «Желтоқсан желі»

І – жүргізуші:Түн. Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі, бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі, бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып-соғып, өлімші халге жеткізді. Осындай қатігездікті көрген, оларға араша түсем деп жүргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар еді.
Көрініс:
Миллиционер :
-Ұстаңдар бұзақыны! Әкетіңдер, жауып тастаңдар! Савицкиді өлтірген сен бе?
Қайрат –
-Жоқ, мен емес.
Миллиционер :
-Сен өлтірген! Мойныңа ал.
Қайрат –

Мен өлтірген жоқпын. Өтірік жала жаппаңдар.(Нұржан Азаматты ұра бастайды)


Қайрат деген атым бар!
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты-құрбандық»
Атам десең атыңдар!
Миллиционер :
Алып кетіңдер. Бәрібір құтылмайсың, бұзақы?! (Екі бала алып кетіп бара жатқанда айтады)
Қайрат –

Шыңғырдым да шындықты айтып жаңғырдым,


Кете бардым, жетегінде тағдырдың.
Бірге өткізген студенттік шақтарды.
Хош аман бол, оралам ба, жан құрбым?!
ІІ – жүргізуші: Ол әділеттің, шындықтың жеңетініне іштей сенді. Қайрат орысша- қазақшаға бірдей, өте сауатты, өз ойын ашық айтатын жігерлі, отты жігіт еді. Қайраттан қорыққан Колбин мен оның қолшоқпарлары одан тез құтылу үшін «атылсын» деп үкім шығарды.
Өкінішке орай, 1988 жылы 13 мамырда Семей түрмесіне әкелінген Қайрат Рысқұлбеков 21 мамыр күні таңда өмірімен қоштасады. Небары 22 жаста еді.
Ән: «Қара бауыр қасқалдақ.»
І – жүргізуші: Желтоқсан қозғалысына қатысқандардың бірі Ербол Сыпатаев еді. Өзі сияқты студент ұлдар мен қыздарды қорғаймын деп жүргенде Ерболды жасақшылар қатты соққыға жығып, емханаға түседі де, екінші күні қайтыс болады. Ерболдың мәйітін ауылға мұғалімдері алып барады. Ата-анасы баласын жылап жерлейді.
1986 жылғы Желтоқсан жаңғырығы Өскемен қаласындағы жастар қозғалысына әсер еткені шынды. Өскемен педучилищесінің студенті Сәбира Мұхамеджанова мен оның мұғалімінің арасында түсінбеушілік болып, Сәбираның анасын шақыртады.
Сынып жетекшісі
-Сен барлық қыздар үшін жауап берем деп едің ғой. Соны шешеңе қайталап айтшы.
Сәбира –
-Өзіңіз ауылдың мұғалімі емессіз, осы сөзді қалада тұрып қалай ауыл мұғаліміне айтасыз?
Шешесі –:
Менің балам, сүт кенжем, өзімнен де ауыр сөз естімеп еді.
-Я солай ма? Енді бұлардың училищеде оқу-оқымауын директор шешеді. (Алтынай жылап шығып кетеді)
-Күлшара апай, 5-ші қабаттан құлап, қызыңыз өліп қалды.
-НЕ, менің Сәбирам ба? (Асылзат жылап шығып кетеді)
ІІ – жүргізуші: Міне өмірден тағы бір қыршын жас қызғалдақ осылай кеткен еді. Небары 16 жаста еді.
Алматы музыка училищесінің студенті Ләззат Асановаға өзін-өзі өлтірді деген өтірік жала жабылған еді. Тексере келе Ләззаттың да алаңда болғаны анықталды. Небары 16 жаста еді.
Желтоқсан құрбандары Қайрат Рысқұлбековтың, Ербол Сыпатаевтың, Ләззат Асанованың, Сәбира Мұхамеджанованың рухына тағзым етеміз. Еліміздің еркіндігі жолында жанын қиып, тәуелсіздігімізді көре алмай кеткен боздақтарды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.
Аз ғана уақытта әлем назарын өзіне аударған толқу күшпен басылғанымен, оның мәні мен маңызы еш уақытта өшпейді. Өйткені азаттық аңсаған, теңдік талап еткен халқымыздың жүрегінде ол мәңгі қалады.
І – жүргізуші:Тәрбие сағатымды қорыта келе, ғасырлар бойы еркіндікпен елдікті аңсаған атам қазақ өзгенің шылауында болып келді. Енді ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің шыңына көтеру біздің парызымыз.
Отанымыздың тәуелсіздігі нығайып, көк байрағымыз – көк жүзінде желбірей берсін!
Біздің бабаларымыз қазіргі Қазақстанның ұлан-байтақ аумағын, төлтума мәдениетін және өмірді қабылдау мен түсінудің айрықша рухын қорғап, бізге мұраға тапсырды.
Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстанның ертеңі өз қолдарыңда екенін әрдайым естен шығармаңдар. Қазақстанның әлемдегі барынша дамыған 30 елдің қатарына кіру жөніндегі біздің барлық ойларымыз бен жоспарларымызды қисынды қорытындысына жеткізетін нақ сендер боласыңдар, балалар. Ол үшін аянбай еңбек етіп, білім алуларың керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет