ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ
Тақырыбы: Ватикан теократиялық мемлекетінің ұстанымдары
Орындаған:Мейрам Тоқсанбек
Қабылдаған:Бейсенов Айбек
Тобы:ТТО-911
Ватикан теократиялық мемлекетінің ұстанымдары
Жоспар:
Кіріспе
1.Ватикан – теократиялық мемлекет
Негізгі бөлім
1.Теократиялық мемлекеттің ұстанымдары
2.Ватикандағы діни ахуал
3.Шіркеуліу жүйе
4.Ватикан туралы 100 қызықты факт
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ватикан – теократиялық мемлекет
Ватикан - өз алдына мемлекет болған қала, католик шіркеуінің басшысы - папаның ордасы. Италияның астанасы - Рим қаласының батыс бөлігіндегі Монте-Ватикано төбесіне орналасқан. Ватикан - теократиялық монархия. Мемлекеттік басшысы - Рим папасы (католик шіркеуінің басшысы). Оны кеңесші орган - кардиналдар коллегиясы жасырын дауыспен өмір бойына сайлайды. Жоғары заң шығару және атқару өкімет билігі папаның қолында. Премьер-министрдің міндетін мемлекеттік секретарь атқарады. Ватиканның аты Тибра өзенінің жағасындағы осы аттас төбенің атынан шыққан; мұнда ертедегі орта ғасырда сарай салынып, 14 ғасырдың аяғынан бері ол католик шіркеуі басшысының тұрақты ордасы болып келеді. Италия бірігіп, Рим оған қосылғаннан (1870) кейін, Рим папасы азаматтық биліктен айрылды. Папа біріккен итальян мемлекетін танудан бас тартып, өзін «Ватиканның тұтқынымын» деп жариялады. «Қасиетті тақ» пен Италия үкіметінің арасындағы жанжал 1929 жылы Латеран келісімімен тыйылды. Бұл келісімге сәйкес, Ватикан мемлекеті құрылды, оның қазіргі шекарасы белгіленіп, «Қасиетті тақтың» халықаралық саладағы даусыз суверенитеті танылды. Ватикан - католик шіркеуінің халықаралық орталығы. Ватиканның бағыты мен ролі католик шіркеуінің (Католицизм) дінге сенуші бұқараға жасайтын ықпалына, сондай-ақ клерикалдық (Клерикализм) кұштерге жүргізетін бақылауына қарап белгіленеді. Ресми деректемелерге қарағанда, 1969 жылы дүние жүзінде 613 760 мың католик болғап, Католик ұйымдарына Ватикан бақылау жүргізеді. 40-қа жуық (1970) халықаралық католик ұйымы бар. Ең ірілері: Әйелдердің католик ұйымдарының бүкіл дүние жүзілік одағы (61 елде 36 млн. мүшесі бар), Католик жастардың бүкіл дүние жүзілік федерациясы (81 елде 10 млн. мүшесі бар) т.б. Ватикан Бүкіл дүние жүзілік еңбек конференциясы 1968 жылға дейін Христиандық кәсіподақтардың Халықаралық конфедерациясы (75 елде 12,5 млн. мүшесі бар) арқылы жұмысшы табына ықпал жасап отырады. Ватикан өз қызметінде клерикалдық саяси партияларға да (1968 жылы оның саны 30-дан асты) арқа сүйейді.
Ватикан - католицизмңің ірі діни-идеологиялық орталығы. Толып жатқан католиктік оқу орындары, католиктік баспасөз, радио, кино, телевизия Ватиканның бақылауымен жұмыс істейді. Ол жеке меншікті, қоғамның тапқа бөлінуін, таптық теңсіздікті қорғайды. Оның сыртқы саясаты ірі империалистік мемлекеттердің саясатымен үндес, 2-дүние жүзілік соғыстың алдында Ватикан фашистік мемлекеттермен ынтымақтас болды. 1921 жылы Италиямен, 1933 жылы Германиямен, 1940 жылы Португалиямен келісім жасасты. Фашистік мемлекеттер Испанияға (1936-1939), Чехословакияға (1938-1939), Албания мен Польшаға қарсы агрессия жасаған кезде (1939), Ватикан фашизмнің зұлымдығына карсы наразылық білдірмеді, қайта оларды қолдады. 2-дүние жүзілік соғыс кезінде (1939-1945) Ватикан фашистік Германия мен Италия өкілдерінің АҚШ пен Англия өкілдерімен бір жақты бітім жүргізетін орталықтарының бірі болды. Соғыс аяқталып, фашистік мемлекеттер талқандалғаннан кейін, Ватикан Германияның Одер-Нейсе арқылы өтетін соғыстан кейінгі шекарасын мойындамайтынын мәлімдеді.
2-дүние жүзілік соғыстан кейін Ватикан АҚШ т.б. мемлекеттердің ең агрессияшыл империалистік топтарының демократия мен социализм күштеріне қарсы күресін қызу қолдап отырды. Ол агрессияшыл Солтустік атлантика соғыс блогының (НАТО) құрылуын құттықтады.
Дүние жүзілік революция процестің дамуы Ватикан позициясының әлсіреуіне, католик шіркеуінің бұқараға ықпалының келуіне себепкер болды. Осыған байланысты Ватикан басшылары саяси бағытын қайта қарауға мәжбүр болды. Папа Иоанн ХХІІІ-нің 60 жылдары бейбітшілікті жақтап, халықаралық даулы мәселелерді келіс сөз жүргізу жолымен шешу керек деуі Ватиканның соғыс және бейбітшілік мәселелеріне жаңаша қарауының бір көрінісі болды.
Ватикан дамып келе жатқан елдерде католик шіркеуінің ықпалын нығайтуға едәуір көңіл бөліп келеді. 50 жылдары, Азия мен Африкада империализмнің отарлық тәртібі күйреген жағдайда, Ватикан жоғары католик дін иелерінің жергілікті мамандарын даярлауға шұғыл шара қолданды. Руандада, Басутоленде, Танганьикада, Сенегалда, Нигерияда, Бирмада т.б. елдерде епископтыққа жергілікті католик священниктер тағайындалды. Рим папасы тұңғыш рет 1960 жылы 28 наурызда африкалық адамды (Л. Ругамву) кардинал дәрежесіне көтерді. Осы жылдары Британ Батыс Африкасында, Британ Шығыс Африкасында, Бирмада, Оңтүстік Родезияда, Малайяда, Мароккода, Мадагаскарда т.б. елдерде жергілікті католик шіркеуін ұйымдастыруға айрықша назар аударылды. 1970 жылы Ватиканың Азия елдерінде 14, Африка елдерінде 16 дипломатиялық өкілдігі болды. Сөйтіп Ватикан барлығы 64 елде дипломатиялық өкілдік ұстады. Ватиканның БҰҰ-да, ЮНЕСКО-да, Халықаралық еңбек бөлінісінде, халықаралық. басқа да ұйымдарда тұрақты бақылаушы өкілдері бар. 1971 жылы қаңтарда Ватикан Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылатындығын мәлімдеді.
Ватикан саясатының қазіргі бағытын белгілейтін мәселелер төңірегінде, атап айтқанда, жер бетінде бейбітшілікті сақтау және соц. елдер жөнінде ұстайтын саясат төцірегінде көптеген елдердегі католиктік козғалыстың түрлі ағымдары арасында, соның ішінде
Ватиканның өзінде жаңартушылар дейтіндер мен консерваторлар арасында шиеленіскен күрес жүріп жатыр.
Архитектурасы. Ватикан - адам табынатын зәулім үйлер, сарайлар, қамал құрылыстары, бау-бақша әрі парк өнерінің барлық саласымен ұштасқан архитектуралық комплекс. Архитектурасының тарихы 4-5 ғасырдан басталады. Әсем бағаналармен көмкерілген әулие Петрдің сопақша алаңы (1657-1663 жылдар салынған, арх. Л. Бернини) Ватиканға кіретін салтанатты дарбаза іспетті. Бағаналар дүние жүзіндегі католик ғибадатханасының ең ірісі - әулие Петрдің соборына [аумағы 15160 м2, биіктігі 132,5 м.; 1506-1614 жылдар салынған, архитекторлары Браманте, Микеланджело, Дж. делла Порта, Виньола, К. Мадерна т. б.; маңдайшасында Микеланджелоның мәрмәрден жасалған «Айсаны (христосты) жоқтау» мүсіні, қола балдахин, Бернини жасаған кафедра мен құлпы тас бейнеленген] барып тіреледі. Собордың солтүстік жағын ала аумақты (аумақ 55 мың м2) сарай ансамблі (15-16 ғасырлар салынған), Николай V капелласы, Борджаның әсем үй-жайы, Сикстин капелласы, Паолин капелласы, Лоджиялар мен Станцалар (залдар), Бельведер мен Сан-Дамазо зәулім сарайлары (1503-1545 жылдар салынған, арх. Браманте) т.б. бар. Сарайларда Ватикан кітапханасы (ілуде бір кездесетін қолжазбалар сақтаулы), көне заман мүсіндерінің музейлері, Грегориан және этрусс музейлері т. б. орналасқан. Ватикан бақтарында Пий IV Казиносы (1558 жылы салынған, П. Лигорио), Ватикан пинакотекасы (17-ға дейінгі итальян кескіндеу өнерінің жинағы) бар. Папаның үй-жайы, радио станция, баспахана, почта бөлімшесі т. б. Ватикан жерінде. Римдегі Латеран сарайы және басқа үйлер, папаның Кастель-Гандольфодағы жазғы тұрағы - Ватиканның меншігі. теократия бұл Құдайдың өкілі ретінде қызмет ететін діни қызметкерлер, князьдар немесе корольдер билікті иемденетін мемлекеттік басқару түрі немесе саяси жүйе; діни билік, оның өкілдері немесе министрлері - бақылауды жүзеге асыратындар. Ауғанстан, Иран және Ватикан үкіметтері (басқалармен бірге) теократиялық болып саналады.
«Теократия» сөзі грек сөздерінен шыққан теос және кратос сәйкесінше «құдай» және «күш-үкімет» мағыналарын білдіреді. Демек, бұл сөзді оның тікелей аудармасынан «Құдайдың үкіметі» деп түсіндіруге болады. Испания корольдік академиясының сөздігі оны екі тұрғыдан анықтайды. Біріншісі Құдай қолданған үкіметке сілтеме жасап, еврейлерге патшалар пайда болғанға дейінгі жағдайды мысал ретінде келтіреді. Екіншісі үкіметті немесе саяси билікті тікелей немесе жоқ - діни күш жүзеге асырады деп түсіндіреді.Бұл басқару формасының іргелі негізі - билік өз рөлін «Құдайдың атымен» жүзеге асырады, сондықтан мемлекет пен діни институт арасында ешқандай айырмашылық жоқ; сондықтан теократияның демократиялық үкіметке ешқандай қатысы жоқ.
Теократияның шығу тегі туралы мемлекеттік басқару формасы туралы айту үшін діннің пайда болу кезеңіне дейін, кім қаласа да, бұрыннан бастау керек.
Себебі, адам өзінің түсінбеген нәрселерін түсіндіруге деген құштарлығымен табиғатты басқаруға қабілетті деп санаған жоғары жаратылыстарды мифологияға айналдырған. Бұл тіршілік иелері құдайлар болған.
Адамдарды бақылауға алу үшін іздеу барысында адам өзінің ұрпағы болу фактісін немесе сол жоғары адамдар таңдаған деп санады. Осы ұғымнан бастап ол «Құдайдың рақымымен» өз құрдастары үшін үстемдік үшін күресті қолға алды.
Бұл құбылыс христиандықпен және Рим Папасымен (және Цезарьмен бірге) Батыс мәдениеттерінде ғана емес, сонымен қатар Қиыр және Таяу Шығыстағы басқа ендіктерде де қайталанды.Бұл тұрғыда теокриялар болған жерлер арасында Ежелгі Египет өзінің перғауындарымен, Испанияға дейінгі Америка Инкалар мен Майялар сияқты өркениеттерімен, еврейлермен Израиль халқымен және олардың патшаларымен және Тибеттегі үкімет ерекше көзге түсті. көптеген басқа мысалдармен қатар ең жоғары діни көсем Далай Ламаның қолында. Сонымен теократиялық жүйе қалай және қайдан басталды? Бұл ежелгі тайпалық қоғамдарда пайда болды деп айтуға болады, онда екі рөлді атқаратын бақсының түрі болған: рухани көсем және тайпа бастығы.Егер сіз Інжілді қарасаңыз, алғашқы бес кітапта (бесінші жазба) ортақ үкіметі бар ұқсас үкіметтер туралы айтылады: құдайлар мен пұтқа табынушылық.Сондай-ақ қауым пайда болады және оны діни практикаларға арнаған және дінге қызмет еткен тайпа құрамындағы діни касталар туралы айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |