Тақырып №1. Аурухана ішілік инфекцияның алдын алуы. Мақсаты



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі276,33 Kb.
#94614
  1   2   3
Байланысты:
Лекция


Тақырып №1. Аурухана ішілік инфекцияның алдын алуы.
Мақсаты.

Тақырыпты оқып, білудің нәтижесінде білім алушы:


-Қазақстан Республикасында хирургиялық қызметті ұйымдастыру ерекшеліктерін;
-Асептика және антисептика мәселелерін;
-Бөлімшеде күнделікті және жаппай тазартуды өткізуді;
-Дезинфекциялық ерітінділерді дайындап, қолдануды үйреніп алуы қажет.
Дәріс тезистері:
«Хирургия» - грек сөзі – «қол енбегі», «қол қимылы» деген сөздін мағынасын келтіреді. Хирургия – аурудың негізгі емі операция жасауға арналған медицинасының өте маңызды саласы. Операция – емдік немесе диагностикалық мақсатпен тәнге және тіндерге механикалық әсер ету. Бұл әсер ету қолмен немесе аспаппен іске асырылады. Хирургия ен көне мамандықтардың бірі, ол үздіксіз жетіліп қазіргі медицинаның ең озық саласы болды..
Хирургиялық инфекция - түрлі микроорганизмдердің қоздыруының әсерінен болатын іріндеу мен қабынулар. Патогендік микробтар:стрептококктар, стафилококктар, көк ірің таяқшасы және т.б., тұқымдық көбеюдің барысында ұлы заттарды бөліп, оған ағза қарсы жауап ретінде қабынады. Жұғу жолдары: а)экзогендік –сыртқы микробтардың ағзаға сыртқы ортадан түсуі: 1. Ауа-тамшы жол; 2.Жанасу –контакттық жол; 3.Енгізу- имплантациялық жол арқылы енуі. б)эндогендік –созылмалы инфекция ошағынан қан және лимфа арқылы инфекцияның тарауы.
Ауруханалық инфекция –хирургия бөлімдерінде танып- байлау кезінде, операциядан кейінгі науқастар жататын бөлмелерде асептика ережелерін сақтамағанда пайда болады. Жараның іріңдеуі, іріңді ісік, өліеттену, тілме, сіреспе және т.б., хирургке адым аштырмады. Ең жеңіл деген операцияның өзінен өлім-жітім жиі болды. Сондықтан да асептика мен антисептика өте маңызды мәселе. Казіргі асептиканың бастамасы – жарақатқа тиетін барлық нәрселердің бактериялармен ластануына жол бермеу.Асептика –жарақатқа микробтардың түспеуіне бағытталған шаралардың жиынтығы. Асептика негіздері: 1. Науқастың тәнін, әсіресе оның жарақатын сыртқы ортамен жұғысуынан қорғау үшін жеткілікті аймақпен оңашалау; 2.Адпм денесімен жанасатын, әсіресе жарақатқа тиетін заттардағы микробтарды құрту.Асептиканы қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларының түрлері.
Операциялық бөлім 3 аумаққа бөлінеді:
1.Стерильды тәртіп аумағы –операциялық бөлме, операцияға кіреберіс, стерилизациялық бөлмелер,
2.Қатан тәртіп аумағы –жабдықтар, аспаптар бөлмелері. Осы екі стерильды және қатан тәртіп аумақтарының арасында еденде «қызыл сызық» жүргізіліп, оны тек ғана арнаулы киімде, аяқ киімде және тұмшада кесіп өтуге болады;
3.Жалпы тәртіп аумағы – қызметкерлер бөлмесі, тазалық түйіндері, себелеп жуындырғыштар, қосалқы бөлмелер.
Залалсыздандырылған аумақтағы бөлмелерді жинастырудың 6 түрі бар:
1.Күнделікті –операция жасалған күнгі қандай қандай болмасын ласты құрту.
2.Алдын-ала- күнделікті таңертең жұмыс алдында дымқыл жинастыру;
3.Ағымды – операция кезінде;
4. Оперциядан кейін –операциялар арасында;
5.Қорытынды –күнде жұмыс күнінің соңында, қабырғаны, еденді жуу, аппараттарды сүрту;
6.Жалпы (генеральды) – аптасына 1 рет заласыз тәртіп аумағында, айына 1 рет барлық бөлмелерде.
Жинастырып болған соң, ауаны зарарсыздандырады – 6 сағат бойы бактерия жойғыш шам қосулы болады.
Асептиканың негізгі 2 түрі болады: 1. Физикалық асептика (стерилизация) микробтарды және олардың спораларды жоғаргы температура көмегімен жою: а) қайнату арқылы –шприцтерді, құралдарды 45 минут, резеңке дренаждарды, катетерлерді, қолғаптарды 15 минут, қыл ысқыштарды 1 сағат қайнату; б) ыстық ауа шкафы көмегімен; в)отқа күйдыру арқылы; қайнату мен күйдыру әдістері қазіргі күнде қолданыста жоқ; г) автоклавтау –таңғыш материалдар, ақ жаймалар, құралдар, түтікшелерді бикске салып, 1 АТМ- 1200- 60минут, 1,5 АТМ- 1270 – 45минут, 2 АТМ – 1340 -30минут бойы залалсыздандыру; д)ионизациялық сәулелермен залалсыздандыру, УКС
2.Химиялық асептика микробтарды әртүрлі химиялық препараттардың көмегімен жою.
Стерилизацияны бақылау – термоиндикаторлар көмегімен, бактериологиялық әдістермен іске асырылады. Термоиндикатор ретінде қиын балқитын ұнтақтар (күкірт, антипирин, резорцин, левомецитин, аскорбин қышықылы, сахароза) қолданылады, олар ауа температурасы 160-180-2000 С жеткенде балкиды. Соңғы кезде түрлі түсті термоиндикаторлар пайдалануда. Қазіргі хирургиялық аспаптар және зарарсыздандыру әдістері.
Хирургиялық аспаптар өздерінің пайдаланылаиын қызметіне қарай бірнеше топқа бөлінеді.
І.Теріні ,ұлпаларды тіліп ажырататын аспаптар қандауыр /скальпель/,қайшы,ара,тістеуік,трокар/кеуде қуысына түтік қоюға арналған аспаптар /.
ІІ. Қан тамырын қысатын аспаптар /Пеан,Кохер,Бильрот қысқыштары/,ішекті,асқазанды,өт жолдарын,буынның қан тамырларын қысатын аспаптар/.
ІІІ. Жараны ,кесілген ұлпаларды біріктіретін аспаптар-хирургиялық әртүтлі инеоер, ине ұстайтын қысқыштар.Қысатын қысқыштар ұшының түріне қарай анатомиялық,хирургиялық және жалпақ тісті қысқыштар болып бөлінеді.
ІV.негізінен хирургиялық аспаптар үлкен екі топқа бөлінеді.
а/жалпы қолданылатын,операцияның барлық түрлеріне пайдаланылатын аспаптар ұлпаларды айыратын және тігіп біріктіретін қысқыштар./арнайы қолданатын аспаптар.Ол операцияның түріне қарай :кеуде қуысының мүшелеріне арналған/,құрсақ қуысының мүшелеріне арналған/,сүйектерге арналған/,несеп-жыныс жолдарына арналған/,кеңірдекті тесіп тыныс түтігін орнатуға арналған/трахеостомия /,тік ішекке арналған/,бас пен миға арналған/,қосымша аспаптар болып бөлінеді. Хирургиялық аспаптарды микробтардан зарарсыздандыру үшін ,қайнатқыштың көмегімен суда 20-30 минут қайнатады. Хирургиялық аспаптардың тот басуынан сақтау үшін 2 пайыз көмір қышқылды натрий ерітіндісін қосу керек.
Хирургты киіндіру инфекциямен ластанған аспаптарды 2-3 рет 45 минут қайнатады. Соңғы кезде хирургиялық аспаптарды зарарсыздандыру үшін ,алдымен физикалық және химиялық әдіспен тазартып алады.Ол үшін қолданылған аспаптарды ,ағып тұрған ыстық сумен жуып,содан кейін 15 минут тағы жуады.Қанмен ластанса 0,5 пайыз жуғыш ерітіндіні ,іріңмен ластанса 1 пайыз жуғыш ерітіндіні қолданады. Аспаптарды осы ерітіндіге салып қойғаннан кейін мақта шүберек –дәкемен ысқылап жуады. Соңынан ағып тұрған сумен, содан кейін сүзілген сумен жуады. Аспапты қайнату ережесі жоғарыда көрсетілгендей.
Оптикасы бар аспаптарды /цисоскоп ,лапароскоп ,торакоскоп және тағы басқа /зарарсыздандыру үшін стерилизатордың түбіне формальдегид таблеткасын салып, жабық түрде цисоскопты 48 сағат ұстайды. Формалиннің буы микробтарды жояды.Екінші әдіс бойынша 96 градус спиртке 10минуттай салып ,сонан соң 1:1000 сынап қоспасы бар цинанид ерітіндісіне бес минуттай ұстап,пайдалануға болады. Аспаптың оптика бөлігі ерітіндіге малынбау керек.
Хирургиялық аспаптарды зарарсыздандыру үшін соңғы мезгілде жаңа әдістер қолданылып келеді.
а)Металдан жасалған аспаптарды қатты қыздыру,б)Арнайы жасалған шкафтардың ішінде құрғақ ыстыққа ұстау,в)Суық сәуленің күшімен(ультракүлгін сәлесі ,ультрадыбыс толқыны) зарарсыздандыру.
Хирургиялық аспаптарды /кесу,тігу/ зарарсыздандыру шприцтер мен инелер арқылы жұқпалы вирус қоздырушыларының /жұқпалы гепатит,СПИД/ адам ағзасына таратылмауы үшін жасалынады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет