Тақырып 1: «Зертханалық жұмыстарды орындау техникасы»



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата10.12.2022
өлшемі0,73 Mb.
#162215
түріПрактикум
  1   2   3   4
Байланысты:
Практикумны барлы кезе іне студентті т ра ты ж мыс орнын



Зертханалық жұмыс № 1 
Модуль 1. Химияның теориялық негіздері
.
Тақырып 1: «Зертханалық жұмыстарды орындау техникасы» 
1.1.
 
Зертхананың жұмыс тәртібі. Жалпы ережелер 
 
Студент бейорганикалық химия бойынша зертханалық практикумның 
алдынан осы зертхананың жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздігі бойынша қазіргі 
инструктажын оқып білу және содан соң арнайы жорналға қол қою керек. 
Практикумның барлық кезеңіне студенттің тұрақты жұмыс орнын 
белгілеу. Химиялық зертханада жұмыс тек сол кезде өнімді болады, егер ол 
негізгі теорияны саналы түрде түсінеді. Жазылған дәрісі мен оқулық тарауына 
сәйкес, зертханалық жұмыстың мазмұнымен алдын ала таныс-қан, осыған 
байланысты жүргізілетін әр зертханалық жұмысқа студенттер жіберіледі.
1.2.
 
Негізгі ережелер 
 
Химиялық зертханада жұмыс кезінде ұстанатын негізгі ережелер: 
1.
Тәжірибе үшін қажетті құрал-жабдықтар санын тексермей тұрып, оның 
мақсаты түсінікті болмай, тәжірибені бастамау керек (ыдыстар, құрылғы-лар, 
реактивтер). 
2.
Жұмыс кезінде жетекшілікке алынған операция реттілігін және тәртіп 
дәлдігін сақтау. 
3.
Инструктажда және жетекшілікке алынған тарауда берілген барлық қажетті 
сақтық шараларды сақтау. 
4.
Берілген зертханалық жұмыс үшін дайындалған реактивтерді қолдану. 
Жалпы қолданылатын реактивтер, сондай-ақ ыдыстардағы концентрлі 
қышқылдар мен сілті ерітінділерін жұмыс орнына тасымалдауға болмай-ды. 
5.
Реактивті қолданбас бұрын берілген тәжірибе үшін қойылған мақсатқа сай 
реактивтің жарамдылығын ыдыстардағы этикетканы зер салып оқу. Этикеткада, 
атауынан (немесе формула) басқа, оның тазалығы туралы көрсетілуі қажет: 
«техникалық» (техн.), «таза» (ч), «анализ үшін таза» (ч.д.а), «химиялық таза» 
(х.ч.). Ерітіндісі бар ыдыс этикеткасында ерітінді-нің концентрациясы туралы 
мәлімет болу керек. Егер реактиві бар ыдыс этикеткасы немесе жазу болмаса, 
оны оқытушының келісімінсіз пайдала-нуға болмайды. 
6.
Егер берілген тәжірибе үшін реактивтік мөлшері туралы көрсетілмесе, онда 
оның аз мөлшерін алу қажет (операцияға шығындайтын уақыт пен 
материалдарды үнемдеу). 
7.
Алынған артық реактивтерді ыдысқа кері құюға және салуға болмайды, ал 
оны (оқытушының көрсетуі бойынша) арнайы ыдыс – жинағышқа немесе 
қалдық салғышқа орналастыру. 
8.
Қолданылып болғаннан кейін банкадағы немесе ыдыстағы реактивтерді сол 
кезде тығынымен жауып және өз орнына қою. 


9.
Құрғақ реактивтерді фарфорлы, металдық, шыны қасықтар немесе 
күрекшелермен (штапелдер) алу, әрдайым таза және құрғақ болуы қажет. 
Қолданғаннан кейін оны мұқият сүзгі қағазбен сүрту. 
10.
Егер реактивті пипеткамен алынса, онда сол пипеткамен оны жуып болмай, 
басқа ыдыстан реактивті алуға болмайды. 
11.
Барлық тәжірибелер жұмыс халатымен жүргізіледі. 
12.
Зертханалық жұмыс кезінде тыныштық пен тәртіпті сақтау. 
13.
Барлық өзгерістерді ескеру және тәжірибе жүруіне көңіл аудару. 
14.
Реакция теңдеуі мен бақылауды бірден тәжірибе аяқталған соң зерт-ханалық 
жорналға жазу. Зертханалық жорнал үшін жалпы дәптерді пайдалануға болады. 
Жорнал мұқабасына студент өзінің фамилиясы мен тобын жазады. Жорнал 
бетінің оң жағына 3-4 см оқытушы ескертуіне арналған жолақ қалдырады. 
15.
Жазуда күні, тақырып атауы, тәжірибе атауы, оның қысқа мазмұны, 
прибордың сызбасы немесе суреті, бақылау нәтижесіғ реакция теңдеуі, 
есептеулер мен қорытынды көрсетіледі.
16.
Зертханалық жұмыс аяқталған соң студент химиялық ыдыстарды жуу, 
жұмыс орнын ретке келтіруге міндетті және оны зертхананың жағдайы тексеру 
үшін кезекшіге тапсырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет