Тақырып: Есту, сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы Қарастырылатын сұрақтар



бет1/8
Дата25.11.2022
өлшемі43,16 Kb.
#159831
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
3 дәріс


Тақырып: Есту, сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы


Қарастырылатын сұрақтар: Есту қабілеті бұзылған балалардың клиникалық-психологиялық мінездемесі. Есту қабілеті бұзылған балаларға инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері. Сөйлеу бұзылыстары бар балалар. Сөйлеу бұзылыстарының биологиялық және әлеуметтік себептері. Сөйлеу тілі бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы. Нашар еститін және сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балаларды оқытуды ұйымдастыру


Есту қабілеті бала интеллектісінің дамуында ерекше орын алады. Есту қабілеті қалыпты бала айналадағы дыбыстарды естіп, ересектердің сөзіне еліктеу арқылы өз бетінше сөйлеуді игереді. Сәби ересек адамның түсіндіргенін қабылдап, айтқандарымен танысып таным әрекетінің күрделі түрлерін меңгереді, жасына сай сөздердің мағынасын ажыратуды үйренеді. Есту қабілетінің көмегімен өзінің сөзін басқалардың сөзімен салыстыруға, өзінің сөзіне бақылау жасауға, дыбыстарды дұрыс айтуға, тілдің лексикалық-грамматикалық құрамын игеруге дағдыланады. Уақыт өткен сайын сақталған ауызша сөйлеу мен жазбаша сөйлеуді игеруге жағдай жасайды.
Есту қабілетінің бұзылу себептерін медициналық тексерулер инфекциялық аурулар, сосудтық бұзылулар, механикалық, акустикалық немесе контузиялық соққылар, тұқымқуалаушылық аурулар, туа пайда болуған жағымсыз әсерлер құрайды.
Қазіргі уақытта есту қабілетінің жағдайын дамудың ерте кезеңінде анықтаудың мүмкіндігі артуда. Есту қабілетінің бұзылу орны, деңгейі аудиометрияның көмегімен (аппаратураның көмегімен) анықталса, сөз арқылы тексеру естудің жағдайын анықтауда қолданылды.
Қазіргі уақытта есту қабілеті бұзылған балаларды классификациялауда 1961 жылы ұсынылған Л.В.Нейманның әдісі қолданылады. Мұнда «саңыраулық» диагнозы 75-80 дБ кезіндегі естудің жоғалуына қойылады. Саңыраулық сөйлеу диапазоны арқылы орташа арифметикалық жағдайда (500, 1000, 2000, 4000) анықталады.
Саңыраулық 500-ден 4000 Герц аралығында былайша анықталады.
Iдеңгейі — 50 дБ-ден аспайды;
IIдеңгейі — 50-70 дБ;
IIIдеңгейі — 70 дБ-ден артық.
Есту қабілетінің бұзылуын есту арнасының ерекшелігіне қарай төрт топқа бөледі:
Iтоп - 125-250 Гц;
IIтоп - 125-500 Гц;
IIIтоп - 125-1000 Гц;
VI топ - 125-2000Гц-тен жоғары.
Халықаралық классификация (1988ж.) бойынша естудің орташа деңгейдегі жоғалуына қарай: 500, 1000, 2000 Гц-пен төртке бөлінеді.
Iдеңгей — 26—40 дБ;
IIдеңгей - 41—55 дБ;
III с деңгей — 56—70 дБ;
1Vдеңгей — 71—90 дБ;
Саңыраулық — 90 дБ-ден жоғары.
Саңыраулық– құлақ қалқанының түбінен берілген дыбыстарды өз бетімен қабылдай алмаушылық, тұрақты түрдегі естудің жоғалуы. Бұл кезде бала айтылмайтын кейбір дыбыстарды (ысқырық, қоңырау, барабанды соғу) қабылдайды. Саңыраулық туа пайда болуы мүмкін және жүре пайда болуы мүмкін. Жүре пайда болған саңыраулық, ерте саңыраулық, сөйлеудің қалыптасқан кезеңінен кейін пайда болған саңыраулық, кеш саңыраулық деп ажыратамыз. Естудің нашарлауы– есту қалдығына сүйене отырып, сөйлеу қабілетін игерудің мүмкіндігімен анықталатын тұрақты түрдегі естудің бұзылуы. Естудің нашарлауына – күрделі түрдегі сөйлеу тілі бұзылған есту қабілеті нашар балалар жатады.
Есту қабілетінің бұзылуын ғылыми тұрғыда зерттеген Рахиль Марковна Боскис есту қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық классификациясын анықтады. Аталған классификацияда есту функциясының бұзылу деңгейі, естудің бұзылуы кезіндегі сөйлеу тілінің даму деңгейі, есту қабілетінің бұзылу уақытын есепке алынған. Бұл классификацияда балалар төрт топқа бөлінеді:
· сөйлеу тілі дамымаған саңырау балалар (ерте саңыраулыққа ұшырағандар);
· сөйлеу қабілеті сақталған саңыраулар (кеш саңыраулыққа ұшырағандар);
· сөйлеу тілі дамыған есту қабілеті нашар балалар;
· сөйлеу тілінде күрделі кемшілігі бар есту қабілеті нашар балалар.
Есту қабілеті бұзылған балалардың сөйлеу тілі естудің бұзылу уақытына қарай анықталады. Егер, есту қабілеті 3 жасқа дейін бұзылса, сөйлеу тілі өздігінен қалыптаспайды. Егер, есту қабілеті 3 жастан кейін бұзылса, фразалы сөйлеу тілі сақталады, бірақ сөздіктерді айтуда, тілдің грамматикалық құрылымында, дыбыстарды айтуда кемшіліктер байқалады. Егер, есту қабілеті мектеп жасында бұзылса, бала фразалы сөйлеуді игергенімен, сөздің буындық құрамын ажыратуда, ұяң дауыссыздарды айтуда қиындықтарға кездеседі. Сөйлеу тілінің даму деңгейі тәрбие жағдайына, коррекциялық түзету жұмыстарының басталу уақытына да байланысты.
Есту қабілеті нашар баланың сөйлеу тіліне тән сөздердің түсінісксіз айтылуы, сөздердің қатты дауыспен айтылуы, сөйлеудің баяулауы сияқты ерекшеліктер болады. Ерте балалық шақтағы есту қабілетінен айырылған нашар еститін баланың сөйлеуінде тілдік жүйелердің барлығы (лексика, грамматика, фонетика) бұзылады.
Есту қабілеті нашар баланың жазбаша сөйлеуінде тіл кемшіліктерінің барлығы айқын көрініп отырады. Есту қабілеті бұзылған балалардың сөйлеу тіліндегі кемшіліктерден басқа күрделі тіл кемшіліктері (ринолалия) байқалады. Есту қабілетінің жеңіл түрдегі бұзылуы кезінде баланың қатты дыбыстарды шығарып сөйлеуі есту қабілетін белсенді күйге жеткізеді. Есту қабілетінің күрделі деңгейінде ерін қимылынан оқу, тактильді-вибрациялық сезімталдықты қалыптастыру арқылы есту қалдығын іске қосуға бағытталған жұмыстар жүргізіледі.
Есту қабілеті бұзылған балалардағы қосымша кемшіліктерге байланысты оларды былайша топтастырамыз:
- қосымша кемшілігі жоқ есту қабілеті бұзылған балалар;
- қосымша кемшілігі бар (интеллектінің, көрудің, тірек-қимылдың, эмоцияның бұзылуы) есту қабілеті бұзылған балалар.
Сонымен, есту қабілеті бұзылған балалардың тобы есту қабілетінің бұзылу деңгейі, есту қабілетінің сипаты (кондуктивті, сенсоневральды, аралас түрдегі естудің бұзылуы) естудің бұзылу уақыты, дамудағы қосымша кемшіліктер түріндеқарастырылады.
Саңырау және есту қабілеті нашар балалармен жүргізілетін коррекциялық жұмыстардың жетістігі мынадай жағымды факторларға байланысты:
- баланы оқыту жағдайының интенсивті, жүйелі, адекватты түрде жүргізілуі;
- оқыту мен тәрбие процесіне отбасының белсенді араласуы;
- баланың потенциалдық мүмкіндіктері, физикалық даму жағдайы, тұлғалық қасиеттері (белсенділігі, физикалық шыдамдылығы, жұмысқа қабілеттілігі );
- сурдотехникалық құралдардың қолданылуы;
Есту қабілеті бұзылған балаларға коррекциялық көмек көрсету жұмыстары дәстүрлі түрде денсаулық сақтау жүйесіне қатысты мекемелерде (сурдологиялық кабинеттерде, орталықтарда, бөлімшелерде, үлкен ауруханалардағы құлақ ауруларын емдейтін бөлімшелерде) жүргізіледі.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмысы (1995) «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына арналған типтік ереже» бойынша реттеледі. Ерте балалық шақтағы саңырау және есту қабілеті нашар балаларға білім беру мекемелері:
- саңырау және нашар еститін балаларға арналған балабақша;
-аралас түрдегі балабақша;
- саңырау және нашар еститін коррекциялық жалпы білім беретін мектептердегі, мектеп-интернаттардағы арнайы топтарға 1,5-2 жастағы балалар тәрбиеленеді;
-мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға арналған білім беру ұйымдары.
Аталған арнаулы білім беру ұйымдары бірінші сыныптан бастап 10-12 класс аралығында білім берумен айналысады.
Есту қабілеті бұзылған балаларды коррекциялық оқыту мен тәрбиелеудің ғылыми-әдістемелік негіздері Р.М.Боскис, Г.Л.Выгодский, Л.А.Головчиц, Г.Л.Зайцева, С.А.Зыкова, Б.Д.Корсунская, Е.П.Кузьмичева, Э.И.Леонгард, Е.А.Малхасьян, Л.П.Носкова, Н.Д.Шматко және т.б. еңбектерінде беріледі.
Есту қабілетінің бұзылуы кезіндегі коррекциялық-педагогикалық жұмыстардың мазмұны бірнеше бөлімдермен анықталады. Олардың әрбіреуітәрбиелік, білімділік міндеттер сияқты, мектеп жасына дейінгі есту қабілеті бұзылған балалардың психикалық дамуын қалыптастыру ерекшеліктеріне қарай коррекциялық бағытты құрайды. Аталған бөлімдерге жеке-жеке тоқталсақ, былайша сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет