Тақырып:Педиатрия білімі негіздері, міндеттері
Педиатрия сәби ағзасының өсу, даму заңдылықтарын, ауруларын зерттейтін ғылым.Ағза
толық ер жетіп, кемеліне келгенге дейін ұзақ өсіп, күрделі даму жолынан өтеді. Осыған
байланысты адам өміріндегі 4 кезеңді айыруға болады: құрсақтағы даму, балалық шақ, ер
жету және қартаю. Бұл түсінік бойынша өсу дегеніміз, тіндер мен органдардың сан
жағынан ұлғаюы, ал, даму дегеніміз олардың сапалы түрде дифференциациялануы мен
қызмет қаблетінің жетілуі болып табылады. Құрсақтағы даму мен балалық шақтағы
дамуды бір кезеңге біріктіріп, ер жету кезеңі десе де болады, өйткені осы уақытта
адамның жыныстық жетілуі, репродукцияға қаблеттілігі және әлеуметтік қызметтерді
орындай алу мүмкіндігі қалыптасады.Адам баласының жыныстық жетілуі, әлеуметтік
қызметке жарауынан ертерек қалыптасады яғни біріншісі-13-15, ал екіншісі-17-18 жас
аралықтарында жетіледі. Қазіргі кезде қыз балалардың етеккірінің пайда болуының
орташа мерзімі 12 жас 7 ай деп алуға болады. Толық ер жету 20-21 жаста деп есептелінеді.
Өсу және даму
.Сәбидің туған күнінен бастап ер жеткенге дейінгі өсу және даму
процессінде байқалатын заңдылықтар:
Өсу мен даму қарқынының біркелкі еместігі:
Өсу мен даму процессінің біркелкі
жүрмейтіндігіне байланысты "баланың жасы" деген сөздің өзін дәлелдеу қажеттігі туады.
Осыған байланысты төмендегідей жастарды айыруға болады:
Хронологиялық жас
(немесе күнтізбе жасы) - дүниеге келген уақытынан бастап, бақылау
жүргізіп отырған күнге дейінгі аралық. Жастың мұндай түрін айыру күнтізбе арқылы
анықталатындықтан ешқандай қиындық туғызбайды.
Биологиялық жас
. Әрбір сәбидің жеке өсу және даму дәрежесіне байланысты болатын,
организмнің морфофункционалдық ерекшеліктерінің жиынтығы. Биологиялық жасты
анықтау - бой ұзындығы көрсеткішіне, бой ұзындығының жылдық қоспасына, тұрақты
тістердің санына, екінші жыныстық белгілеріне және menarche жасына байланысты
жүргізіледі.
Әр түрлі органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуының бір мезгілде
орындалмауы:
Организмнің бір бүтін жүйе екеніне қарамастан, онтогенез процессінде
жеке органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуы бір мезгілде болмайды (гетерехронды).
Жеке органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуының гетерохрондылығы қоршаған орта
факторларының, балалар мен жасөспірімдердің іс-әрекеттерін жеке нормалаудың ғылыми
негізі болып табылады.
Өсу мен даму процессінің жыныстық айырмашылығы
: Жыныстық диморфизм - өсу
және жеке функционалдық жүйелер мен бүкіл организмнің даму қарқынының зат алмасу
процессінің ерекшелігіне байланысты болады. Мысалы, жыныстық ер жетуге дейін, ер
балалардың негізгі антропометриялық көрсеткіштері қыз балаларға қарағанда жоғары
болып келеді. Ал керісінше, пубертатты кезеңде қыз балалардың бойының өсу параметрі,
салмағы, кеуде шеңбері ер балаларға қарағанда жоғары болады.Яғни, осы көрсеткіштер
балалардың жас-жыныс ерекшелігіне сәйкес бірінші қиылысуы болады. Ал 15 жаста ер
балалардың өсу қарқыны үдей түседі де, олардың антропометрлік көрсеткіштері қайтадан
қыз балаларға қарағанда жоғары болады. Сөйтіп, екінші қиылысуды анықтауға болады.
Бойдың өсуіндегі осы екі қиылысу - дене бітімі дамуының қалыпты жағдайдағы дамуына
тән. Сонымен қатар көптеген функционалдық жүйелердің әсіресе бұлшық ет, тыныс алу
және жүрек, қан-тамыры жүйелерінің даму қарқынының бірдей жүрмейтіндігі байқалады.
Акселерация.
Латынша (accelarae) - жылдамдық деген сөзден шыққан. Акселерация
қазіргі замандағы адамдардың биологиясындағы жалпы қарқындылықты көрсетеді,
табиғаты көп факторлы болып келеді. Көптеген гигиенистердің пікірлері бойынша
балалар мен жасөспірімдердің қызмет функцияларының үйлесімді дамуын бұзатын
болғандықтан және қызмет қаблетін азайта-тындықтан акселерация балалар организмі
үшін қолайсыз болып табылады.
Сондықтан, өсіп келе жатқан балалардың дене бітімінің
дамуын бақылауға ерекше көңіл бөлінуі керек.
Тапсырма 1
Тақырып бойынша кесте толтырындар.
Терминдер
Анықтамасы
Ерекшеліктері