Тақырыптың өзектілігі: Әр тәсілдің құрамдық, құрылымдық, мағыналық ерекшеліктерін талдау, тілдік қызметін таныту.
Жұмыстың мақсаты: Тіл ғылымының кейіпкерді мінездеуде қандай үлесі бар, нендей тілдік амалдар қатысады, олардың ара салмағы қандай, осындай мәселелерді шешу біздің мақсатымыз болмақ.
Жұмыстың міндеті: Портрет тек әдебиетте қарастырылса, енді оның лексикалық құрамында вестемалар мен кинемаларды анықтау және оның көркем шығармадағы қызметі.
Жұмыстың зерттеу нысаны: кейіпкер мінезіндегі вестемалар мен кинемаларға арнаған.
Жұмыстың зерттеу әдістері:жинаған материалдарды салыстыру, сипаттау, жүйелеу, талдау әдістері қолданылады.
Жұмыстың зерттеу кезеңі: 2 жыл
Жұмыстың жаңалығы: Портрет тілдік құрамы вестикалық, кинетикалық, самотикалық лексикалық бірлігінен тұрады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Негізгі бөлім
Кейіпкер мінезін беруші тілдік тәсілдер және олардың зерттелу жайы
Портрет – кейіпкер мінез-құлығын танушы амал
Кейіпкер болмысын, мінез-құлқын айқындайтын тәсіл – портрет. Көркем шығармада автор кейіпкерін тікелей өзі суреттейді не кейіпкердің мінез сипатын басқа бір кейіпкерлердің көзқарасы тұрғысынан береді. Қалай болғанда да мұның негізінде автордың өзі тұр. Авторлық мінездеме көркем шығарманың тұрақты компоненттерінің бірі. Авторлық мінездеу құрамына кейіпкердің сыртқы кескін-келбетін, жүріс-тұрысын яғни портретін және мінез-құлқын суреттеу жатады. Көркем шығармада кейіпкер тұлғасы бір ғана тәсілдің көмегімен жасалмайды, барлық амал- тәсілдердің жиынтығы кейіпкер сомдауға қызмет етеді. Авторлық мінездеуді кең ауқымда қарастыруымыздың себебі қазақ тіл білімінде арнайы зерттемелер жоқ. Портрет тек әдебиет ғылымы саласында зерттеліп келген. Әдеби қаһармандардың түрлі мінез-құлқын, бітім-болмысын, ұнамды, ұнамсыз қырларын тануда портреттің рөлі ерекше. Әдебиетте портрет кейіпкер тұлғасымен тығыз бірлікте алынады.
Зерттеулерде портрет жасауда бейнелеу, көркемдеу құралдардың қатысы сөз етіледі. Теңеу, метафора, эпитет және басқа да құралдардың қызметі айқындалады.
1.2 Портрет құрылымы
Портрет – кең ауқымды ұғым. Өнердің көп саласында портрет атауы жүреді. Портрет француз сөзі «portrait» «бейнелеу» деген ұғымды береді. Портрет кем дегенде көркем өнердің он саласында қолданылады екен: сурет, мүсін, әдебиет, театр, музыка, көркем фотография, телевидение т.б. Әр аталған жанрларда портреттің өзіне тән ерекшеліктері бар. Әдебиттегі портретті өнердің бейнелеу, сурет жанрындағы портретпен салыстыру басым. Сол арқылы «әдеби» портреттің сыр-сипаты, ерекшелігі таныла түседі. Ең ерекше ерекшеленетін тұсы – бейнелеу өнерінде портрет қыл қаламмен бояудың күшімен шықса, әдебиеттегі портрет сөзге сүйенеді. Сөздің сиқырлы күшімен адам кескіндемесі қаланып, қырланады. «суретші жасаған портретте адам бет-пішін, өң-шырайы, келбеті қалайда бүтіндей алынады, ал әдебиет шығармасында портрет бояумен емес сөзбен мүсінделгендіктен, жеке белгілері ойша толықтырылып, көзге елестетіледі... »- дейді З.Ахметов. /4,166/ З.Қабдолов бейнелеу өнерінде портреттің ерекшелігі бір қалыпта, қозғалмай, өзгермей тұратындығы болса, сөз өнеріндегі портрет өзгеретін, қозғалатын жанды келбет, тірі кескін екендігін айтады. /1, 119/. Сонымен қатар, портрет сурет, бейнелеу өнерінде тұтас жанр болып табылады. Көркем әдебиеттегі портретті кейіпкердің сыртқы кескін-келбетін, қимыл-қозғалысын суреттеу деп қана түсінбеу керек.
« Қыз Жібек» жырындағы жібектің:
Жүйрік аттай ойқастап,
Құнан қойдай бой бастап.
Қалмайын деп ұялып,
Жан-жағын қарап байқастап.
Кер маралдай керіліп,
Сары майдай еріліп.
Тәңір берген екі аяқ,
Бір басарға ерініп,
Үйден шықты Қыз Жібек /1, 105/
Қылаң етіп қылт,
Сылаң етіп сылт етіп,
Мықындары бұлтылдар,
Тау суындай құлтылдап.
Сүмбіледей жылтылдар,
Буындары бұлтылдап,
Айбынды туған Қыз Жібек
Отауға қарай жөнелді,-
деп берілген портрет бейнелі жанды сурет болып елестейді. /1, 606/ .
Осындай бастауы бар көркем портрет кейінгі поэзия мен прозада жалғасын тапты. Кейінгі прозалық шығармаларда портрет әрбір жазушының қалам шеберлігіне орай сан құбылып, өзгеріп отырады. Ғ.Мүсіреповтің шығармасы сатиралық, юморлық кескіндемеге бай болса, М. Әуезов туындылары психологиялық портреттің небір түріне толы. Әуезов кейіпкерлердің сыртқы кескін-келбеті мен ішкі жан дүниесін астастыра береді. «Әуезов портреттің бар құбылысы характерге қызмет етеді, характердің қасиетін әсерлі де әсем жеткізіп тұрады. Базаралының зор денесі ерлік белгісіндей болса, Тоғжан шолпысы әсемдіктін, нәзіктіктің, ғашықтықтың куәсі, ал Құнанбайдың оқтай қадалған жалғыз көзі күллі елді билеп-төстеген феодалдық заманның қатал сыншысындай, мейрімсіз тірегіндей»/5, 214/.
1.3 Портрет түрлері
Көлемді портретті жұптық, топтық және мінездеме-портрет деп үш топқа бөлдік.
Жұптық портрет – екі кейіпкерді қатарластыра, салыстыра отырып кескіндеу. Аталған портрет түріне екі кейікердің ұқсастығы қарама-қарсы табиғаты бойынша кескіндеме жасалады. Мысалы: Қожақ қара сұр, қыр мұрын, сұлулап қойған қалың қара мұртты, ұзын бойлы, еңгезердей жігіт. Сейіт онымен бой шамасы бірдей болғанымен, сидаң, жіңішке.
Топтық портретте бір топ адамның суреті беріледі. Топтық портрет белгілі бір мақсаттағы адамдарды суреттеуде не болмаса әр түрлі жағдай үстіндегі кейіпкерлердің психологиялық жай-күйін танытуда жұмсалады. Мысалы: Залдың бастығы балтырлы, зор денелі, Рубенс суретінен түсе қалғандай сұлу әйел үш еркекті бастап әкеп, ортадағы жасаулы столға отырғызды. Топ басындағы ербиген бойлы, үлкен көзді, тыртық бетті алпамсадай жігіт ағасы жуан қарнымен столды ұрып, бірінші отырды. Екініші дударбас толық жігіт аузындағы бар алтын тісін көрсетіп, есінеп алды. Қағілез, арқы, жұқа жігіт көйлегінің жеңін оңдап жатып, үлкен столға жайғасқан жастарға бағдарлай қарап артынша қолын көтерді.
Мінездеме – портрет – жазушы шығармаларында жиі кездесетін портрет түрі.
Мінездеме – портрет – кейіпкердің сырт тұлғасы мен мінезінің қатар суреттелген түрі. Тұлға мінез сәйкестігі – портрет мінездемесінің негізгі белгісі. Мысалы:
Қасен жасынан шығыршық денелі еді, енді өсе келе екі иығы тіп-тік, шығыңқы кеудесі мен жалпақ жауырыны дүрдиген алпамсадай жігіт болыпты. Жел қағып қоңырқай тартқан жүзінде кесек мінез, тәуекелшіл мықты рух танылса, кісіге тура қарайтын өткір көзінде таза, инабатты, мол нұр шұғыласы ойнайды. Даланың сабырлы, кең мінезі сол дала жігітінің бойында еркінше дарығандай.
Жалпы жазушы шығармаларындағы портреттің көркем шығармадағы орны, қызметі зор екенін дәлелдей түседі. Портрет көркем туындының құрылымдық элементтерінің бірі ретінде кейіпкер мінездемесін жасауға қатысады. Портреттің мазмұны ғана емес, оның құрамының да кейіпкер мінезін беруде үлесі зор.
Портрет құрамына енетін сөздер тобының ( соматикалық, вестиалды, кинетикалық) контексте жұмсалу аясы сөз тіркесі мен сөйлемде көрінеді. Микроконтексте сөз тіркесінің түрлері, олардың сөз таптарына қатысы, мағыналық ерекшеліктері, синтаксистік қатынастары айқын танылады. Макроконтексте сөз тіркесінің сөйлемдегі қызметі қарастырылады. Сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің қатысы, түрлері, жұмсалу деңгейі, портрет жасаудағы қызметі анық көрінеді. Портреттің тілдік көріктеу құралдарымен айшықтауға эпитет, теңеу, метафоралары және синтаксистік қайталаулардың мәні ерекше.
Біздің жұмысымызда портрет кең көлемде қарастырылады. Портрет кейіпкерлердің сырт тұлғасын ғана суреттеу емес. Көркемсөз иесі тұрысын, қимылын, қозғалысын, , киімін, дауыс мәнерін беру арқылы оның ішкі әлеміне бойлайды. Сыртқы кескін мен «ішкі кескін» тұтастыққа көрінгенде ғана портрет өз биігіне көтеріледі. Сонымен, портрет – сырт тұлға мен ішкі сезім шоғының, мінез болмысының тұтаса танылуы арқылы кейіпкер мінездемесін жасаушы амалдарының бірі.
Портрет тілдік талдау түрлі негізде талдау мүмкін. Біз жұмысымызда портреттің лексикалық құрамын талдауды басты міндет етіп еттік. Портрет құрамына енетін үш құрамдас бөлік тілде тілде мынандай терминдермен бегіленеді: соматикалық, вестиалды, кинетикалық лексика.
Соматикалық лексика тобына адам мүшелерін атайтын сөздер енеді. Соматикалық лексика – өтежиі қолданылатын және ертеден келе жатқан лексика түрі. Соматемаларды сипаттайтын сөздерді қазақ көркем шығармаларының ерекшелігене орай он түрлі белгімен топтастырдық. Олардың әрқайсысы әрбір соматемаға қатысты жеке-жеке талданып көрсетіледі. Соматемалардың сөйлемде субьектінің орнында жүру ерекшелігі бар. «Адам, кісі» ұғымын беретін сөздердің орнына бас, көз, сақал, мұрт, ерін т.б. соматемалар жұмсалады. Синехдоха тәсілімен бүтіннің орнына бөлшегі қолданылады. Соматемалардың қолданылу жиілігі жоғары көз бен бет соматемалары.
Вестиалды лексика өш ішіне киім-кешекті атайтын сөздерді қамтиды. Вестемалар тоғыз белгімен топтастырылады. Вестемалар да сөйлемде субьектінің орнына жүреді. Метономия тәсілімен сөз мағынасының ауысуы вестемаларға тән. Сөйлемде субьектілік мағына киім атауларына ауысады: шолақ тонды жігіт – шолақ тонды. Вестемалар ішінде қолданылуы жиілігі жоғары костюм, көйлек, туфли, камзол, тон сөздері.
Кинетикалық лексика бет өзгерісі, дене қимылы, дене қалпын айқындайтын сөздер мен сөз тіркестерін қамтиды. Бұл топқа етістікті және есімді сөз тіркестері енеді. Көркем шығармаларда етістікті сөз тіркестерінің қоданылуы басым. Әрбір сөз тіркестерінің қолданыстағы мағыналары ашылып көрсетіледі. Бір кинетема бір ғана көңіл, сезімді береді. Мысалы: Басын төмен салды – ұялу; көзі бақыраю, аузы ашылу – таңдану.
Сипаттаушы сөздер екі түрлі белгіні анықтай алады. «Сыртқы белгілерді» сипаттайтын сөздер мен «ішкі белгілерді» сипаттайтын сөздер жеке-жеке топтарға бөлініп көрсетілді. «Ішкі белгілерді» кейбір соматемалар ғана бере алады. Олар: көз, бет, қол, қабақ, саусақ, арқа, мұрт, мұрын, алақан. Олардың ішінде көз бен бет өте жиі қолданылады.
2 Портрет,оның сипаты мен көркем шығармадағы қызметі.
2.1 Портреттің лексикалық құрамы
Көркем шығармалардағы портреттік суреттеулердің құрамы негізгі үш құрамдас бөліктен (компоненттен) тұрады: 1)адам денесі мен мүшелері; 2)киген киімі; 3) бет өзгерісі, дене қимылы, дене тұрысы.
Портретті лингвистикалық тұрғыдан зерттеген еңбектерде осы құрамдас үш бөлік нысанаға алынады. Портрет құрамындағы компоненттер жеке қолданылмайды. Олардың алдынан компоненттерді түрлі белгілері жағынан анықтайтын сөздер жүреді. Портрет компоненттерінің белгілері жағынан анықтайтын сөздер жүреді. Портрет компоненттерінің белгілерін анықтайтын сөздерді сипаттаушы сөздер деп атадық. Сипаттаушы сөздер – кейіпкер болмысын, тұлғасын оқушыға айқын танытатын тілдік амал. Сипаттаушы сөздер кейіпкерлердің кескін-келбетін, киген киімін анықтай, түстей танытады. Олар компоненттерді түрлі қырынан айқындап, дәлелдейді. Мысалы: портрет компоненті көзді алып, үлкен көз, сарғыш көз дейтін болсақ, сипаттаушы сөздер (үлкен, сарғыш) көздің көлемі мен түсін анықтап тұр.
Портреттік суреттеулерде сипаттаушы сөздердің қызметі ерекше. Сипаттаушы сөздер екі түрлі белгіні атап көрсете алады; 1) портрет компоненттерінің сыртқы физикалық белгілерін (ұзын көйлек, тостаған көз, жалпақ бет). Бұл топтағы психикалық, эмоциялық ерекшеліктерін атайтын белгілер (мейірлі көз, ісмер саусақ, қату көз). Бұл «ішкі белгілер» деп аталады. Лингвистикалық әдебиеттерде бұл белгілер басқаша терминдермен де аталады.
А.Н.Шрамм «сыртқы белгілерді» «эмприкалық» деп атап, мынадай сипаттама береді: «Эмприйными являются признаками, воспринимаемые органами чувстви осознаваемые человеком в результате одноступенчатой мыслытельной операции сопоставления с эталоном» /7, 46/. «Ішкі белгілерді» «рационалды белгілер» дейді. «Они возникают на основе уже воспринятых органами чувств признаком в результате анализа сопаставления, умозаключения» /7, 46/.
Портрет құрамындағы үш құрамдас бөлік тақырыптық топқа сәйкес келеді. Тақырыптық топ, Ф.К.Филиннің анықтамасы бойынша, сөздердің лексика-семантикалық байланыстарына емес, заттар мен құбылыстардың классификациасына негізделіп топтасуы /15, 231/. Әрбір тақырыптық топ ішінара лексика-семантикалық топтарға бөлініп кетеді. Лексика-семантикалық топ – екі не одан да көп сөздердің лексикалық мағыналары бойынша топтасуы /15, 230/. Үш тақырыптық топ тілде мынадай терминдермен белгіленеді; соматикалық (соматическая), вестиалды (вестиальная), кинетикалық (кинетическая) лексика. Біз бұл жіктеуді орыс тіл біліміне сүйене отырып алдық.
1. Соматикалық лексика (грек сөзі – «дене»). Бұл топқа адам денелері мен оның мүшелерін атайтын сөздер жатады. (көз, қас, мұрын, аяқ, қол, шаш, бет т.б). Соматикалық лексика бірлігі соматема болып табылады (мысалы, бас).
Мысалы: Жаннаттың үстінде өте қымбат матадан тігілген алқызыл жұқа көйлегі бар екен. Саусақтарында бриллиант жүзіктер жарқырайды. Құлағындағы сырғалар да бриллиант... Шаштарын әр түрлі сәнді үлгімен қидырған сұлу да сымбатты қыз-келіншектер мен жүздеріне күлкі үйірілген сері де сылқым жігіттер топ-топ болып әңгіме-дүкен құрып, бір-біріне әзіл-қалжың айтып, күліп тұр... Аяғыңды сүйрете баспасаң,тайып жығылардай жып-жылтыр ат шаптырым кабинеттің қақ төрінде, абажадай өара үстелдерге қамалып отырған етжеңді, жалпақ бетті,бұқа мойын, шойын қара алдына имене кірген келіншекке көзілдірігінің үстіне таңдана қарады /8, 45/.
2. Вестиалды лексика (латын сөзі – «киім-кешек»). Бұл топқа киім, аяқ киім, бас киімді атайтын сөздер енеді (туфли, шалбар, көйлек,бөрік, бәтеңке, костюм, малақай т.б). Вестикалық лексиканың бірлігі вестема делінеді (мысалы, жемпір)
Мысалы: Үстіне киген көгілдір костюмі, кіршіксіз аппақ көйлегі мен қызғыш галстугы сымбатты тұлғасына керемет жарасады екен./9,40/. Жанындағысы жаздыгүні саптама етік киіп, қонышына дейін жезбен шиырлап алыпты. Костюміне түймелердің орнына темір жүгіртіп, моншақтар өткізіп, алпыншақ-салпыншақ қадап тастаған / 10, 51/. Басында сабан қалпағы бар семіз біреу ортада, аузында жуан сигарет шетелдік болу керек./9,65/
3. Кинетикалық лексика (грек сөзі – «қозғалысты»). Бұл топқа кейіпкерлердің бет өзгерісі, қимыл-қозғалысын, жүріс-тұрысын, дене қалпын анықтайтын сөздер мен сөз тіркестері кіреді (ернін тістеді, маңдайын тыржитты, өтірік күлді, салқын пішін, қолын сермеу т.б). Кинетиканың лексикалық бірлігі кинетема деп аталады.
Мысалы: - Иә, қалайсың?- деді ол Жаннаттың қолынан ұстап, саусақтарын ақырын ғана қасып қойып /8, 152/. – Насыбайшы ағай мойнын бұрып, мен жаққа сығырайып қабағын көтерді /9, 29/. Түсінің ажары кетіп жүдеген, ақсұрланған. Қабағы болымсыз түйіліп уайымның сызынан шытынаған. Жұмсақ қара көздері кішірейіп, жасаңдаған. Жиі кірпіктерінде жаңа шыққан көздің жасы білінеді. /4, 56/. – Еренбақ жуан қарнын селкілдетіп,ырқылдай күлді де, өңін тез суытып ала қойды... Сенбейсің бе? – Оң қолын созып, Еренбақтың иығына салып еді, тұла бойы ток ұрғандай селкілдеп, от алған трактордай қалшылдап кеткен ғалым, сылқ етіп жерге отыра кетті. Ал кәне, жүр далаға! – Әйел тағы да қолын соза беріп еді, ақ басты ғалым шар етіп, атып түрегелді /8, 148/.
Соматикалық лексика үш топ ішінде ең жиі қолданылатын түрі. Бұл топқа енетін сөздер (қас, көз, қол, аяқ, саусақ, бас, т.б). «Адамның дене мүшесі» деген тақырыптық топқа бірігеді.
Соматикалық лексика тобында сипаттаушы сөздердің қызметі ерекше. Сипаттаушы сөздер компоненттерді түсі, көлемі, пішіні т.б қасиет-белгілері жағынан айқындайды. Портреттік суреттеулерде көзді айқындайтын сөздер: қара, қап-қара, көкшіл, көгілдір, көкпеңбек, қоңыр, қоңырша, шегір, аласы мол. Мысалы: Назар елудің ар жақ, бер жағындағы жігіт ағасы екен. Толық денесі босаңсып,қарны салбырап кетіпті, бурыл шашы майланып, білтеленіп тұр... Жігіт қой көздері күлімдеп жақындай түсті. Кесек бітімді ақ өңіне құс тұмсықтау мұрны бірде құйып қойғандай жарасып тұрса, кейде еркекке де ұқсатып жібереді. Әсіресе көз ғажап. Ақшыл-қоңыр қарашығы екі-үш қадам қашықтан қарасаң, мүлде көрінбей, көзі ақ айрандай жылп-жылп етіп, қорқыныштылау көрінеді екен./11, 98/. – Өзгепланеталық?! – Шынының ар жағындағы ала көз бағжаң ете қалды. – Ол қайдағы өзгепланеталық? Қысыңқылау келген қара көздерінде бір жамандық әлде арамдық ойлап тұрғандай бөтен ұшқын байқалады /9, 51/.
Көркем шығармада кейіпкерлердің киім киісін суреттеу аз көлемді болып келеді. Киімге қатысты вестемалар соматемаларға қарағанда саны жағынан аз көлемді болып келеді. Кейіпкер портретін суреттеу әр жазушыда әр түрлі көлемде, әр түрлі құрамда болады. Р.Мұқанованың «Муза» атты шығармасында 41 вестема, 11 сипаттаушы сөз қолданылған. Қолдану жиілігі жоғары вестемалар орамал, көйлек, шапан, галстуг. Орамал 7, көйлек 7, шапан 4, галстуг 4 реттен қолданылған. Сипаттаушы сөздер ішінде жиілігі жоғары шыттан тігілген, ақ, жібек судай жаңа сөздері жиі қолданылған. Р.Мұқанованың шығармасына қарағанда, Н.Ораздың (Даладан қалаға келгендер) әңгімелер жинағында киім киісті суреттеу басым. Осы аталған шығармада 69 вестема, 60 сипаттаушы сөз қолданылған. Қолданылу жиілігі жоғары вестемалар көйлек, пима, шалбар, туфли. Көйлек 11, пима 20, шалбар 4, туфли 4 реттен қолданылған. Сипаттаушы сөздер ішінде қолданылу жиілігі жоғары ақ (20), қызыл (2), ескі (5), су жаңа (3), көгілдір (5) сөздері жиі қолданылған. М.Әуезовтың (Қорғансыздың күні) 25 вестема, 21 сипаттаушы сөз өолданылған. Жоғарыда аты аталған жазушылардың шығармаларымен салыстырғанда М.Әуезов шығармасында вестемалар аз көлемде жұмсалған. Бұл шығарма бойынша қолданылу жиілігі жоғары вестемалар көйлек (6), камзол (5), шапан (5). Сипаттаушы сөздер ішінде жиілігі жоғары ақ (5), жібек (3), шапан (5) рет қолданылған.
Т.В.Гамалей вестемаларды он түрлі белгілері бойынша топтастырады. /16, 63/ Г.С.Старикова үш топқа бөліп (киім, бас киім, аяқ киім), алты белгі бойынша топтастырады. Орыс тіл білімінде жеке бір ғана «бас киім» («головные убори») тақырыптық тобы арнайы зерттелінген. /17/. Жұмыс барысында қарастырған көркем шығармалар бойынша қолданылу жиілігі жоғары сөздер: костюм, туфли, көйлек, шәлі, галстуг, куртка, етік.
2.2 Портреттік суреттеулердегі вестемалар мен кинемалар
Сонымен, портреттің құрамы негізгі аталған үш бөліктен тұрады. Әрбір құрамдас бөліктің ерекшелігі, сипаты, мән-мағынасы талданып алынды. Жазушылардың шығармаларындағы портреттік суреттеулердің лексикалық құрамы жинақталып, төмендегідей кестеге түсірілді.
Адам денесі мен оның мүшелерін атайтын сөздер (соматикалық лексика)
Көз
Тұлға
Шаш
Алақан
Бой
Маңдай
Мұрын
Мұрт
Саусақ
Қас
Тіс
Қол
Башпай
Білек
Мойын
Иық
Кеуде
Қарын
Жақ
Қабақ
Аяқ
Бас
Бел
Жауырын
Иек
Ауыз
Кірпік
Тізе
Адам киімін атайтын сөздер (вестиалды лексика)
Тон
Куртка
Шалбар
Туфли
Костюм
Красовка
Бөрік
Малақай
Бәтеңке
Камзол
Лосина
Шорты
Жаулық
Орамал
Шалбар
Галстук
Халат
Боти
Мәсі
Кебіс
Шұлық
Қолғап
Жәкет
Юбка
Адам бет өзгерісін, дене қимылын, дене қалпын атайтын сөздер мен сөз тіркестері (кинетикалық)
Көзін қысты
Қасын жиырды
Көзін төмен салды
Қасын түйді
Көзі бақырайды
Қасын көтерді
Көзі жарқ етті
Қасын керді
Көз сығырайды
Маңдайын тыржитты
Көзі жыпылықтады
Маңдайын жиды
Көзі алақтап кетті
Басын төмен салды
Тура қарады
Басын шайқады
Сынай қарай басын жоғары көтерді
Түстей қарады
Басын изеді
Күлімсірей қарады 15
басын иді
Сығырайып қарады
тісін шықырлатты
Көз қиығымен қарады
тісін қайрады
Көзінің астымен қарады
ернін тістеді
Анықтап қарады
ернін жымқырды
Салқын қарады
қолын созды
Наздана қарады
қолын бұлғады
Аңдап қарады
қолы дірілдеді
Зерделей қарады
жұдырығын түйді
Тесіле қарады
жұдырығын көрсетті
Тесірейе қарады
йығын қиқаңдатты
Қулана қарады
еркелей күлді
Қабағын түйді
наздана күлді
Қабағын шытты
жарқылдай күлді
Қабағын түкситті
миығынан күлді
Қабағын қарс жапты.
Қорытынды 16
Көркем шығарма құрылымында кейіпкерді мінездеуші тілдік тәсілдердің орны, қолданылуы арасалмағы әр автордың мақсатына байланысты болады.
Портрет- барлық шығармалардың тұрақты элементтерінің бірі. Басқа тілдік бөлшектермен бірге портрет те кейіпкер мінездемесін жасауға қатысады. Зерттеулерде портрет тар және кең көлемде қарастырған түрлері бар. Портретте кейіпкердің сыртқы кескін-келбетін суреттеу деп тар көлемде түсіну бар. Біздің жұмысымызда портрет кең көлемде қарастырылады. Портретте кейіпкерлердің сыртқы тұлғасын суреттеу ғана бар. Көркемсөз иесі кейіпкер тұрысын, қимылын, қозғалысын, киімін, дауыс мәнерін беру арқылы оның ішкі әлеміне бойлайды.Сыртық кескін мен «ішкі кескін» тұтастықта көрінгенде ғана портрет өз биігіне көтеріледі. Біздің жұмысымызда портрет кең көлемде қарастырылады. Оның негізгі қызметі-кейіпкер тұлғасын кескіндеу мен мінез-болмысын суреттеу тұтастықта алынады.
Бұл ғылыми жұмысымызға сай мынадай нәтижелер қорытылды.
Портретті тілдік тұрғыдан талдамас бұрын оның көркем шығармадағы элементтерінің бірі ретінде алып, оның кейіпкер мінездемесіне қатысын айқындадық. Портрет-кең көлемді ұғым. Портреттің қолдануы өмірдің сан түрлі саласын қамтиды. Соның ішінде әдебиеттегі портреттің орны өзінше бірбөлек. «Әдеби» портрет кейіпкер ұғымымен қатар жүреді. Портрет десе адамның кескін-келбеті бар тұлғасы көз алдыңызға елестейді. Оның негізі тілде жатыр. Тілдің сан қырлы күшімен, сөздердің сырлы бояуымен салынатын жандылығымен, құбылмалығымен ерекшеленеді. Бейнелеу, суреттеу өнерінде тұтас бір жанр болса, әдебиеттегі портрет шығарманың құрылымдық элементерінің бірі ғана.
Портретті тілдік талдау түрлі негізде талдау мүмкін. Біз жұмысымызда портреттің лексикалық құрамын талдауды басты міндет еттік. Портрет құрамына енетін үш құрамдас бөлікті тілде мынандай терминдермен белгіленді: соматикалық, вестиалды, кинетикалық терминдері жұмсалды. Негізгі үш құрамдас бөліктен тұрады: 1.адамның денесі мен мүшелері; 2.киген киімі; 3. Бет өзгерісі, дене қимылы, дене қалпы. Портреттік суреттеулердің негізгі осы үш құрамдас бөлігі болып табылады. Сонда портреттің лексикалық құрамы негізгі сөздер тобынан тұрады: 1. Адамның денесі мен оның мүшелерін атайтын сөздер-соматикалық лексика; 2. Киім-кешекті атайтын сөздер-вестиалды лексика; 3. Бет өзгерісі, дене қимылы, дене қалпын атайтын сөздер мен сөз тіркестері-кинетикалық лексика.
Портрет лексикалық құрамының қолданылу ерекшеліктері көркем мәтінде айқындалады. Олардың мән-мағынасы, тілдік қызметі контексте ашылады. Контекс, біздің қолдануымы, тілдік бөлшектермен біріге отырып, шығарма мазмұнына, идеясына, жазушы мақсатына бағынады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қабдолов З. Сөз өнері.- Алматы: Қазақ университеті, 1992-350
Қаратаев М. Шеберлік шыңында.- Алматы: Қазақ мем.Көркем әдебиет баспасы, 1963.- 263
Әбдібаев Х. Талант. Талғам. Тағдыр.- Алматы: Жазушы. 1971.-320
Майтанов Б. Қаһарманның рухани әлемі. –Алматы: Жазушы. 1971.-320
5.Сәрсеке Г. Сейсенбаев шығармаларындағы кейіпкерлерді мінездеуші стильдік тәсілдер.-Алматы, 2002.-126
6.Рақымжанов Т.Роланд романдарының көркемдік әлемі.- Алматы: -рауан, 1997.-22
7. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі.-Алматы: Ана тілі, 1996.-240
8. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы.- Алматы: Мектеп, 1965.-244
9. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.-Алматы: Ғылым, 1986
10. Орысша-қазақша сөдік. 1-том.-Алматы: 1978
Достарыңызбен бөлісу: |