Таңның атысы,күннің батысы қарбалас тіршілік айналамыздағы болып жатқан жайттарға мән бермейміз. Жұмысына асыққан жұрт. Желдей жүйіткіген көліктер



Дата14.12.2021
өлшемі20,29 Kb.
#126275
Байланысты:
Адам денесінің жетілуі


Таңның атысы,күннің батысы қарбалас тіршілік айналамыздағы болып жатқан жайттарға мән бермейміз.Жұмысына асыққан жұрт.Желдей жүйіткіген көліктер.Бір уақытта көзі нашар көретін бір әпке таяғымен жерді тықылдатып аялдамадағы адамдар қатарына қосылды.Көп уақыт өтпей автобус келіп тоқтады.Тоқтағаны сол еді еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін бірін-бірі итеріп қағып соғып ашылған есікке қарай ұмтылды.Жаңағы әпке«әй,тоқта»деп үн қатқандай болып еді автобус жүріп кете барды.Мұндай көріністер біздің қоғамымызда қаншама.Біреулер өмір есігін ашып туа бітті мүгедек атанып жатса енді біреулер аяқ астынан жарым-жан атанады.Егер олардың дамуына ерте араласу мәселесі түбегейлі шешілмесе,бұл балалардың көпшілігі мектепте оқуға дайын болмауы мүмкін.Бұл қазақ қоғамы үшін қынжылтарлық жағдай.Біз мүмкіндігі шектеулі жандарды көргенде үрейленіп қорқып аяушылықпен қарайтынымыз рас,оларды көріп осы күнімізге тәубе дейтінімізде рас.Ал олардың жүрек түкпіріндегі жай күйін қанша ойланып тебіренсекте түсіне алмаспыз.Олар іштей күйзелгенмен сырттай мықты,өмірге деген құштарлығын,қиндыққа мойымайтын қайсарлығын көргенде қайраң қаласыз. ҚазАқпарат-Ресми мәліметтерге сүйенсек,қазіргі таңда Қазақстанда 600мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам тұрып жатыр,бұл жалпы халық санының 3,5% құрап отыр.Солардың ішінде 69мыңын балалар құрайды.Егер олардың дамуына ерте араласу мәселесі түбегейлі шешілмесе,бұл балалардың көпшілігі мектепте оқуға дайын болмауы мүмкін. Бұл қазақ қоғамы үшін қынжылтарлық жағдай.Біз егенменді ел болып етек жеңіміді жинадық,сондықтанда қоғамдық мәселелер басты назарда болуы тиіс. Мүмкіндігі шектеулі балалар өз үйлерінде немесе түзетушілік қызмет көрсететін реабилитациялық мекемелерде оқытылады және тәрбиеленеді. Реабилитациялық мекемелердегі балалармен психологтар, психиатрлар, логопедтер, мұғалімдер жұмыс жасайды. Бұл реабилитациялық мекемелердің негізгі міндеттері: кескінді тұрғыда диагностика жасау әрбір балаға жеке тұрғыдан келіп оқыту мен тәрбиелеуде, олардың потенциалдық мүмкіншіліктерін іске асыру; әрбір баланың диагнозына байланысты оқыту-тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастырып жүргізу; балалардың бұзылған психофизиологиялық функциясын түзету, балалардың танымдық қызығушылығын дамыту; оқу-тәрбиелеу процесінде әдіс-тәсілдерді ендіру т.б. жұмыстар кіреді. оқу-тәрбиелеу процесінде әдіс-тәсілдерді ендіру т.б. жұмыстар кіреді.Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасау асқан жауапкершілікті талап етеді.Себебі,қалыпты балаларға сабақ берсең тез ұғады,нақты түсінеді қоршаған ортаға тез бейімделеді.Қалыпты балаға үй тапсырмасын істеп келмегені үшін ұрыссаң ол дұрыс қабылдайды екінші рет олай жасамауға тырысады.Ал,мүмкіндігі шектелген балалар даму жүйесінде ауытқушылықтары болғандықтан өз қатарластарынан артта қалған баяу,кейбірі денсаулығына байланысты ақырын қимылдайды,көбінесе көңіл күйі төмен болғандықтан қатты сөйлегенді қаламайды.Олар мадақтауға,қолдауға ренжісуге әсершіл болып келеді.Дегенменде,еркелету және жаратпау эмоцияларын айыра алдады.Бірақ,өз эмоцияларын вервалды түрде көрсете алмайды.Өзінің адамдарға деген қатынасын жымию арқылы,адам бетіне аянышпен қарау арқылы білдіреді.Бұндай балалар селсоқ,өзіне-өзі сенімсіз,кейбірі ызақор келеді.Эмоциялары әлсіз,күйзелістері тұрақты келеді.Мұндай балалардың ата-анасымен де жұмыс істеудіңде қиыншылықтары бар.Мүмкіндігі шектеулі балалардың қабылдау және танымдық қабілетінің дамуы қиын да күрделі құбылыс.Танымдық белсенділігін педогогикалық-психологиялық тұрғыда анықтап қарау,яғни даму мүмкінді шектеулі балалардың ерекшелігіне тұлғалық талдау жасап,тәрбиелеу мен оқуын қалыптастыруға мүмкіндік береді.Танымдық белсенділік баланың психологиялық-денелік дамуында шартты нәтежие бола алады.Осыған байланысты балалардың жоғарғы психикалық үрдісін ойлау,қабылдау,зейін ерекшеліктері анықтайды. Барлық психикалық танымдық процестердің ішінен ойлау жетекші үрдіс болып табылады.Яғни оқу үдерісінде ынталандыру-бұл ең алдымен бала ойлауы болып табылады.Мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық қабілетін дамыту ойлау қызметін жетілдірумен тікелей байланысты.Баланың ойлау қабілетін дамыту мәселесі мектеп тәжербиесінде үлкен орын алады.Бала ойлау қабілетіне қарай мәселені айыра білсе,демек ол мәнді тапсырмаларды орнындай алатынын білдіреді.Ойлау жұмбақ мәселерді шешуге бағытталған адам басында үнемі жұмыс күйінде кездесетін құбылыс.Мәселелердің шешімі адам басында реттеліп тұрады.Ал ойлаудың дамуы дегеніз-оның мазмұны мен формасының өзгеруін айтамыз,ол оқушының танымдық қызметі барысында пайда болады. Біз психологияда ойлаудың үш түрін қарастырамыз.Олар:практикалық-қимылдық;көрнекі-бейнелік;сөйлеу логикалық;Практикалық қимылдық ойлау-нақты бір затқа бағытталған әрекет.Көрнекті-бейнелі ойлау заттар мен құбылыстарды есте қалған қалпында пайымдау.Сөйлеу-логикалы ойлау тілдік құралдарға сүйену арқылы жүзеге асады.Сөйлеу-логикалық ойлау деңгейін анықтау барысында мына әдістемені қолдансақ болады.Айырмашылығы мен ұқсастығын табу,сұрақтар арқылыда баланың ойын анықтау.Адамдар таңертең тұрғанда таңғы асын ішеді.Олар түсте,кешке қандай тағамдарын ішеді т.б.Балаға қызықты жалықтырмайтындай ойлау қабілетін арыттыратындай жағдай жасау қажет.Бала ойын кезінде заттарды өзінше танып,тапсырманы өзінше зерттеп шешім қабылдап ойындағысын еркін жеткізе алатын болады.Мысалы:«Фигураларды топқа бөлу»әдістемесі.Бұл әдістеме баланың бейнелік логикалық ойлауын бағалауға арналған.Балаға төмендегі суретте берілген бейнені көрсетеді және келесі тапсырманы ұсынады..Суретке назар аударып қара және онда берілген фигураларды мүмкіндігінше көп санды топтарға бөл.Топқа бір ортақ белгісі бар фигуралар кіруі керек.Әр топқа кіретін фигураларды және ортақ белгілерін тап.Тапсырманы орнындауға 3минут беріледі.Бағалау нәтижесі ұпаймен анықталады.«Суретте қандай заттар жасырынған»,«Текшелерден пішіндер құрастыру»,Не өзгерді», «Суреттің қатесін тап»,«Жыл мезгілдері»әдістемелерін қолдану арқылы баланың ойлау қабілетін дамыта аламыз.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ» атты Жолдауында: «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс.Бұл мәселеге сіз болып біз болып атсалысудың маңыздылығын айта кеткен болатын және алдымызға үлкен міндеттер қойған еді. Бүгінгі нарықтық экономика заманында әлеуметтік мәселелердің ішіндегі өзектісі – мүгедек жандардың жағдайы.Мүмкіндігі шектеулі адамдардың дене мүшесі тарылғанмен жан дүниесі тарылмауы керек.Жұмыла көтерген жүк жеңіл,қоғам болып осы жандардың білім алуына,жүріп тұруына,еңбек етуіне жадай жасасақ игі жақсы істердің бірі болар еді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет